Ситуациялық есептер
1.Науқас С. 78 жаста, тәбеттің нашарлап, сол жақ мықын аймағындағы ауырсынуға, іштің жүрмеуіне шағымданады. Қандай патология туралы болжам жасауға болады? Науқасты бақылау нәтижесінде алынған мәліметтерді атап шығыңыз. Іш қуысы ағзаларын пальпациялағанда қандай өзгерістерді байқауға болады? Қандай емдәм ұсынасыз.
2.60 жастағы науқас әйел тамақ ішкеннен кейін 1-1,5 сағатттан соң эпигастралды аймақта ауру сезімі пайда болатынын айтып стационарға келді. Диспепсиялық шағымдардың ішінен қыжыл, кекіру байқалады.
Анамнезі: ауырсыну сезімі үш жылдан бері мазалайды, әсіресе күзде, әсіресе түнгі уақытта күшейеді. Объективті: науқас бозаң тартқан, ашуланшақ, жылауға бейім. Қарын пальпациясы кезінде пилородуоденалды аймақтағы ауырсыну байқалады. Сіздің бастапқы диагнозыңыз? Диагнозды растау үшін не керек? Қандай емдәм ұсынасыз.
1) 10 Тақырып: Геродиететиканың негізгі принциптері. Қарт адамның тамақтану тәртібі. Созылмалы гастриттің, ойық жара ауруының диетотерапиясы,емі. Күтімі, алдын алу.
2) Мақсаты:
Тамақтану тағам болып табылатын түрлі заттардың қайта өңделуінен, олардың дененің құрылымдық элементтеріне және физиологиялық қызметке қажетті энергияға айналуынан тұратын күрделі физиологиялық-биохимиялық үдеріс болып табылады.
3) Тапсырма:
Геродиететиканың негізгі қағидалары.
Қарт адамдардың тамақтану тәртібі.
Созылмалы гастрит, ойық жара аруының емдәм терапиясы.
Созылмалы гастрит пен ойық жара аруын емдеу.
Созылмалы гастрит пен ойық жара аруына шалдыққан науқастардың күтімі.
Созылмалы гастрит пен ойық жара аруының профилактикасы.
4) Орындау түрі:
Презентация
Интеллект-карта
«Кейс-стадия»
Постерлі баяндама
Тақырып бойынша эссе
Кластерлер
Тақырып бойынша глоссарий ж/е т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |