Шұғыл еске түсіру
Есте сақтау қабілетіңізді тексеріп көрейік (мен қазір айтатын үш сөзді есте сақтап, қайталаңыз, мысалы, көйлек, Мәскеу, жасыл).
Зейін және есеп
дауыстап 1-ден 20-ға дейін санаңыз;
бұдан кейін кері ретпен санаңыз;
«құм» сөзін жеке дыбыстары бойынша оқыңыз;
осы сөзді әріптері бойынша кері бағытта оқыңыз.
Кештетіп еске түсіру
Бірнеше минут бұрын мен есте сақтап қалыңыздар деген үш сөзді қайталаңыздар. Егер науқас жауап беруге қиналса, жетелейтін сұрақтар қойыңыз, мысалы: «Қандай қала?», «Киімнің қандай бөлігі?», «Қандай түс?»
Сөйлеу
заттардың атауын ұмытқан кездеріңіз болған ба?;
өтініш, осы заттарды (қалам, сағаттың бауы, тіс щеткасы т.б.) атаңыз;
осы қағазда жазылған сөйлемді оқып, орындаңыз. Парақта "Көзіңізді жұмыңыз" деп жазылған;
құрамында бастауыш пен баяндауышы бар мағыналы кез келген сөйлем жазыңыз;
конвертті сол қолыңызға алыңыз, ортасынан бүктеңіз. Оны еденге қойыңыз.
Оқу
мына әріптерді оқыңыз;
мына (үйреншікті) сөздерді оқыңыз;
мына (сирек кездесетін) сөздерді оқыңыз;
мына сөздерді оқыңыз және қатесін табыңыз.
Бағдар беру
өтініш, конвертке мекен жайыңызды: ел, қала, көше, үй нөмірін жазыңыз;
өтініш, қағаз бетіне бүгінгі күнді, ай, жыл, апта күнін, жыл мезгілін жазыңыз.
Интеллектуалдық үдерістер
қарапайым әңгіменің мазмұнын айтып беріңіз;
қарапайым арифметикалық тапсырманы шешіңіз;
өтініш, сөз орамын аяқтаңыз;
мағыналары қарама-қарсы сөздерді табыңыз (үлкен - …, қымбат - … және т.б.);
мақалдың мағынасын түсіндіріңіз;
ұқсастарын таңдаңыз (раушан - гүл, ит - түбіт, ұстара - …, әмиян - … т.б.)
Достарыңызбен бөлісу: |