Жұмыс бағдарламасы пән: Геронтология, гериатрия Пән коды gg 3217 Мамандық 051101 «Мейірбике ісі» Оқу сағатының



бет25/137
Дата06.10.2024
өлшемі1,86 Mb.
#146921
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   137
Байланысты:
geront sd kz (2)

Патогенездік ем.
Стероидтық гормондар. Жіті гломерулонефритте стероидтық гормондар аса сақтықден қолданылады.
Стероидтар макрофагтардың фагоцитоздық қасиетін төмендете отырып, ағзаның иммундық комплекстерден тазартып тежейді және осының салдарынан жіті гломерулонефриттің созылмалыға айналуына септігін тигізеді деген пікірлер айтылуда. Егер антикоагулянтгық және антиагреганттық емнің әсері жеткіліксіз болса, стероидтық гормондарды жіті гломерулонефриттің басталуынан 1-1,5 ай өткеннен кейін колданады. Стероидтарды бұдан ерте қолдану жіті гломерулонефриттің морфологиялық барысын нашарлатады.
Глюкокортикоидтарды мүмкіндігінше биопсия жасап, гломерулонефриттің морфологиялық көрінісін анықтап барып қолданған жөн. Глюкокортикоидтардың колдану көрсеткіштері:

  • жіті гломерулонефриттің созылыңкы барысы, егер 2-3 аптадан
    кейін ісіну мен гипертензия қайтпаса немесе оның кайтуы баяу болса
    және протеинурияның азаюға бейімділігі байқалмаса;

  • бүйректің жіті шамасыздығының дамуы;

• жіті гломерулонефриттің нефротикалық түрі.
Преднизолонның оптимальді дозасы 1 мг/к. Тәуліктік дозаның
барлығын 8.00-12.00 сағат аралығында ішкізген жөн. Бұл дозадағы
емнің ұзақтығы 3-4 апта. Осы уақыт мерзімі өткен соң екінші күні преднизолонның дозасын бірден 2 есе кемітеді, содан кейін оның дозасын әдеттегі әдіспен, 3-5 күнде 2,5 мг-нан азайтып сүйемелдеу дозасына келтіреді (10- 5 мг). Ауруханадан шыққан кездегі преднизолонның дозасы 15-20 мг болуы тиіс.
Антикоагулянттық және антиагрег.анттық. ем. Шумақішілік, тамырішілік гиперкоагуляцияның болуы және содан бүйрекіші қанағымының, шумақгық фильтрацияның төмендеуі гепарин мен антиаг-реганттарды қолдануды қажет етеді.
Гепарин — әсері тез антикоагулянт, қан ұюының барлық фазаларын тежейді, фибринолизді арттырады. Теріс зарядты болуынан, гепарин тамыр қабырғасының теріс зарядын қалпына келтіреді, сол арқылы протеинурияны азайтады. Гепарин тромбоциттердің адгезиялық және агрегациялық қасиеттерін төмендетіп, тромбтардың түзілуіне жол бермейді, осыған байланысты микроциркуляцияны жақсартады.
Альдостеронның синтезін тежеу арқылы, гепарин натрийурездік, диурездік және гипотензиялық әсер етеді. Гепаринді 5-10 мың Б. әр 4-6 сағат сайын (қанның ұю уақытын немесе тромбиндік уақытты қадағалау үстінде) бұлшықетке немесе құрсақ терісінің астына енгізеді.
Гломерулонефриттердің емінде гепаринді үзақ (6-8 апта) енгізеді. Гепаринді қанның ұю уақытын қадағаламастан ұзақ қолдану, қан кету мүмкіндігінен қауіпті (гематурия, инсульт, терілік қанталаулар, ас қорыту жолынан қан кетуі). Егерде қанның ұю уақыты қалыптыдан 2-3 есе, ал тромбиндік уақыт — 2 есе ұзарса, гепариннің дозасы тиімді саналады.
Кейде гепарин аллергиялық реакцияларды туғызады (есекжем, миалгия, бастың ауыруы, дене қызуының биіктеуі).
Гипоальдостеронизмнен болатын асқынулар сиректеу байқалады (гиперкалиемия, остеопороз, сүйектердің қақсап ауыруы, тромбоцитопения).
Гепарин 2 фракциядан түрады: біреуі төмен молекулалық - 7000 дальтон, екіншісі жоғары молекулалық - 25 000 дальтон. Жоғары молекулалық фракция басым антитромбопластиндік әсер етеді, негізіңде гепариннің геморрагиялық әсері осыдан болады. Төмен молекулалық фракциясы басым антитромбоздық әсер етеді, сондықтан геморрагиялық асқынуларды туғызу жағынан қауіпсіздеу. Осыған байланысты соңғы уақытта гепариннің, деполимеризация әдісімен жасалған төмен молекулалық түрлері кеңінен қолданылуда.
Фраксипарин — тез және үзақ антитромбоздық әсер етеді, антикоагулянттык әсері шамалы, 0,3-0,4-0,6 мл кұрсақтерісінің астына тәулігіне 1 рет енгізіледі.
Эноксапарин — 0,2, 0,4 мл қүрсак терісінің астына, тәулігіне 1 рет салынады.
Сулодексид (Вессел-2ф) — 600 линосомалық бірліктен (ЛБ) бүлшық етке тәулігіне 2 реттен 15 күн салынады, содан кейін капсула түрінде 500 ЛБ күніне 2 рет 2-3 ай ішкізеді. Вессел геморрагиялық асқынуларды бермейді, қолдануға ыңғайлы және оның антикоагулянттық, антиагреганттық әсері гепариннен кем емес.
Гепариндік ем курсын аяқтағаннан кейін 2-3 ай тікелей емес антикоагулянттарды қолданады — фенилинді (протромбин уақытын қадағалау үстінде).
Курантил — тромбоциттерде цАМФ мөлшерін арттырып, олардың адгезиясы мен агрегациясын тежейді. Сонымен қатар тамыр қабырғаларында простациклиннің, Е2 простагландиннің синтезін арттырады, тамырларды кеңейтіп, бүйректің қанағымын жақсартады.
Гломерулонефритпен сырқаттанған науқастарға курантил антипротеинуриялық, антигематуриялық және жеңіл гипотензиялық әсер етеді. Гломерулонефриттің емінде курантилді үлкен дозада және ұзақ қолданады, шамамен тәулігіне 225-400 мг. Аталған дозадағы емнің ұзақтығы 6-8 апта, содан кейін оның дозасын сүйемелдеуші мөлшерге (тәулігіне 50-75 мг) алып келіп, емді әрі қарай 6-12 ай жалғастырады. Жанама әсерлері: бастың қатты ауыруы, беттің қызаруы. Жанама әсерлерін төмендету мақсатымен емді аз дозадан бастап, біртіндеп тәулігіне 25 мг көбейтуге болады.
Ацетилсалицил қышқылы. Аспирин, простагландин-синтетазаның ингибиторы болғандықтан, тромбоциттердің агрегациясын және адгезиясын тежейді. Антиагрегант ретінде аз дозада беріледі (0,25-0,5 г тәулігіне). Қолдану көрсеткіші — гемостаздың тромбоцитарлық буынының активациясы. Аз дозасы жанама әсер етпейді, бірақ ұзақ қолданғанда аспириннің гастропатиялық әсері есте болуы тиіс.
Трентал — фосфадиэстеразаны тежеу арқылы тромбоциттерде цАМФ-тың жиналуына септігін тигізеді, сондықтан антиагреганттық әсер етеді. Қолданылатын дозасы — 0,2-0,3 г/тәул.
Ісіну синдромын емдеу. Әдетте жіті гломерулонефритте болатын ісіну арнайы емді кажет етпейді. Сұйықтық пен ас тұзын шектеудің өзі, шамамен 14 күннен кейін ісінуді қайтарады. Ісіну қайтқанға дейін ішетін судың мөлшері диурезге тәуелді болуы тиіс (тәуліктік диурез + 400 мл),
Ісінудің ауыр түрінде, әсіресе ол артериялық гипертониямен қосарланса, диуретиктерді ішкізеді (гипотиазид 50-100 мг немесе фуросемид 40-60-80 мг тәулігіне). Ұзаққа созылған олигурияда фурасемидтің дозасын 240-480 мг/тәул дейін жеткізеді.
Ісіну болғанда судың тежелу теңдігі күнбе-күн қадағаланады (ішкен және шығарған судың мөлшерін өлшеп).
Гипертониялык, синдромды емдеу, Артериялық қысым 160, 170 мм сын. бағ. дейін биіктеуінде арнайы ем жүргізілмейді, тұзсыз диета және сұйыктықты шектеу 10-14 күннен кейін артериялық қысымды калпына келтіреді. Егер гипертензия жоғары болып және бассүйекішілік қысымның биіктеуінің белгілері болса (бастың қатты ауыруы), эклампсия дамуының қаупі төнсе, салуретиктерді (фуросемидті) қолданады, 300-400-500 мл қан ағызады, өйткені гипертензия гиперволемиялық 'болып табылады. Егерде гипертензия бұл шараларға берілмесе, онда гипотензиялық дәрмектер беріледі (нифедипин 0,02 г күніне 3 рет).
Жіті гломерулонефриттің нәтижесі нефробиопсияның қорытындысынаң анықталады. Көптеген пікірлерге қарағанда, жіті гломерулонефриттен толық айығып кету екіталай. Толық айықты дегеннің өзінде, 5 жылдан соң бүйректе морфологиялық бұзылыстар аныұталады, 15-20 жылдан кейін несеп синдромы болады.
Жіті гломерулонефритті басынан өткізген науқастар ылғал суықтан (соның ішінде су қоймаларында шомылудан), аса қыздырынудан, ауыр дене қызметінен, ұзақ уақыт аяқта тұрудан және бүйрекке әсер ететін дәрмектерді қолданудан сақтануы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет