Жұмыс бағдарламасы пән: Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі Пән коды: hrmi 3213 Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»



бет2/12
Дата28.06.2023
өлшемі181,5 Kb.
#103677
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
2.2 Пәннің мақсаты:
Хирургиядағы және реанимациядағы пациенттердің мәселелерін өз бетінше шешу үшін мейірбикелік процесті жоспарлау, іске асыру, ұйымдастыру бойынша білім мен дағды қалыптастыру.
2.3 Оқытудың міндеттері:

  • студенттерге кең таралған хирургиялық патологияның негізгі көріністері жөнінде білім беру;

  • жиі кездесетін хирургиялық аурулар кезінде мейірбикелік процесті жүзеге асыруды үйрету, бақылаудың жоспарын жасау, науқасқа керекті күтімді жасау;

  • ауруханаішілік инфекцияның алдын алу және науқастар мен қызметкерлер құрамын инфекция қаупінен сақтау үшін жаңа мейірбикелік технологияларды қолдануды үйрету;

  • хирургиялық бағыт мәселелері бойынша науқасқа және оның жанұясына кеңес беруге үйрету;

  • шұғыл хирургиялық жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге үйрету;

2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі
Студент білуі керек:

  • хирургия мен реанимацияда мейірбикелік процесті ұйымдастыруды;

  • түрлі бағыттағы хирургиялық бөлімшелердің, реанимация мен қарқынды терапия бөлімшелері (РҚТБ), стационар мен емхана түріндегі медициналық кеңселердің шағын бөлімшелері және нақтамалық – көмекші қызметтерінің жұмыс ерекшеліктерін;

  • түрлі бағыттағы хирургиялық бөлімшелердің, РҚТБ, ауруханалардың операциялық шығынын, емханалардың хирургиялық бөлмелерін, травмалық пункттердің медициналық есепке алу – есеп беру құжаттарын, оны тағайындауды, жүргізу тәртібін;

  • клиникалық тәжірибеде кездесетін кең таралған хирургиялық аурулардың негізгі синдромдары және симтомдарын;

  • хирургиялық практикадағы шұғыл жағдайда симптомды ем жүргізу мен алғашқы медициналық көмек көрсету принциптерін;

  • клиникалық хирургиялық практикадағы диагностиканың негізгі әдістерін, хирургиялық науқасты диагностикалық зерттеудің әртүрлі түрлеріне дайындаудың ерекшеліктерін;

  • кең таралған хирургиялық ауруларды емдеудің негізгі әдістерін;

  • хирургиялық науқастарды оңалтудың сұрақтарын;

  • хирургиялық аурулардың алдын алуды;

  • онкологиялық жағдайда мейірбикелік процестің ерекшеліктерін, паллиативті көмекті ұйымдастырудың ерекшеліктерін;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет