2.2 Пәннің мақсаты: Хирургиядағы және реанимациядағы пациенттердің мәселелерін өз бетінше шешу үшін мейірбикелік процесті жоспарлау, іске асыру, ұйымдастыру бойынша білім мен дағды қалыптастыру.
2.3 Оқытудың міндеттері:
студенттерге кең таралған хирургиялық патологияның негізгі көріністері жөнінде білім беру;
жиі кездесетін хирургиялық аурулар кезінде мейірбикелік процесті жүзеге асыруды үйрету, бақылаудың жоспарын жасау, науқасқа керекті күтімді жасау;
ауруханаішілік инфекцияның алдын алу және науқастар мен қызметкерлер құрамын инфекция қаупінен сақтау үшін жаңа мейірбикелік технологияларды қолдануды үйрету;
хирургиялық бағыт мәселелері бойынша науқасқа және оның жанұясына кеңес беруге үйрету;
шұғыл хирургиялық жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге үйрету;
2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі Студент білуі керек:
хирургия мен реанимацияда мейірбикелік процесті ұйымдастыруды;
түрлі бағыттағы хирургиялық бөлімшелердің, реанимация мен қарқынды терапия бөлімшелері (РҚТБ), стационар мен емхана түріндегі медициналық кеңселердің шағын бөлімшелері және нақтамалық – көмекші қызметтерінің жұмыс ерекшеліктерін;
түрлі бағыттағы хирургиялық бөлімшелердің, РҚТБ, ауруханалардың операциялық шығынын, емханалардың хирургиялық бөлмелерін, травмалық пункттердің медициналық есепке алу – есеп беру құжаттарын, оны тағайындауды, жүргізу тәртібін;
клиникалық тәжірибеде кездесетін кең таралған хирургиялық аурулардың негізгі синдромдары және симтомдарын;
хирургиялық практикадағы шұғыл жағдайда симптомды ем жүргізу мен алғашқы медициналық көмек көрсету принциптерін;
клиникалық хирургиялық практикадағы диагностиканың негізгі әдістерін, хирургиялық науқасты диагностикалық зерттеудің әртүрлі түрлеріне дайындаудың ерекшеліктерін;