Ситуациялық сауалдар: 1. Бала 7 жасар кеннетен сол тізесінің ауру сезіміне шағымдалды. Анасы көрші медбикені шақырды. Медбике сұраған кезде білгені: бала 2 апта бұрын ангинамен ауырған. Қарап тексергенде: баланың жағдайы ауыр, дене қызуы 39,4°С, пульсі 100 минутына, ритимді, тыныс алу жылдамдығы 26 рет минутына, АҚҚ 120/80 с.б.б. Сол жақ аяғы буында бүгілген, бала ауру сезіміне байланысты журе алмайды. Тері кілегей қабаты өзгермеген. Ось бойынша күш салғанда бала ауру сезімнен айқалайды.
1. Пациенттің жағдайын анықта
2. Медбикенің іс - әрекетін
3. Тізенің транспортты иммобилизациясын көрсет.
2. Спортсмен қолтық астының ауруы, дене қызуының көтерілуі, дірілдеу деген шағымдармен көрінді. Науқастың сөзінен 2 тәуліктен бері аурады. Қарап тексергенде: сол жақ қолтықастында қызару, терінің ісігі байқалады. Пальпацияда лимфа түйіндері үлкейген ауырады. Қандай диагноз қойылады. Алғашқы дәрігерге дейінгі қандай медициналық көмек көрсетуді атаңыздар.
3. 40 жастағы әйел шағымдары сол жақ аяғының ауруы, қызуы, ауру сезімге байланысты аяғының басылмауы, дене қызуының көтерілуі, дірілдеу. Қарап тексергенде: сол жақ тізе мен балтырында жайылған қызарып ісінгені. Жанбас веналарын ісінген пальпация кезінде ауырады. Пальпаторлы тізе мен балтыр терісінің тері температурасының көтерілуі байқалады. Болжам диагноз қойыңыз. Алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмектің қызметін атаңыз және науқастың күтім ережелерін атаңыз.
Науқас ЭКГ кабинетіне 1-ші қабаттан 4-ші қабатқа шығып келді Медбике науқасты бірден тексеруге алды. Медбикенің іс - әрекетін бағалаңыз.
Спирография тексеруінің алдында темекі шегіп алды және азанда зарядка жасады. Осы науқасты тексеруге алуға болады ма?
Спирография өткізу кезінде медбике микрафонды (қолына алды.) Бұл тексеруді анық деп айтуға бола ма? Медбикенің қатесін анықтаңыз.
Б. Логунов атты науқасқа люмбальді пункция тағайындалған. Пункция өткізу кезінде сізге не қажет? Науқасқа қандай қалыпта болу керек?
Қабылдау бөліміне келесі диагнозбен науқас келіп түсті: Пневмоторакс?
Таңу бөлмесінде дәрігер торокоцентез өткізіп жатыр. Процедура өткізу барысында медбикенің көмегі неден тұрады?
В.Дикарев атты науқасқа плевра қуысына диагностикалық пункция тағайындалды. Плевральді пункция өткізу үшін қандай құрал – жабдықтар қажет?