Операциялық мейірбике залдың генеральды тазалығын былай жасады: аппараттарды залдың ортасына жылжытып қойды, залдың төбесін, қабырғасын, аппараттарды, еденді 2% сабынды-содалы ерітіндімен өңдеді, кейін барлығын 1% гипохлорид ерітіндісімен жуды, сумен шайды және операциялық залды 1 сағатқа жауып қойды. Мейірбикенің іс-әрекетін бағалаңыз. Операциялық залдың генеральды тазалығы қалай жасалады?
Хирург мейірбикеге операциялық столды дайындауға бұйрық берді: операциялық столды көтеріп, аяқ жағын түсіру. Операциялық мейірбике бұйрықты орындамайтынын және бұл оның міндетіне кірмейтінін, бұны хирургтың өзі істеу керектігін айтты,. Мейірбикенің іс-әрекетін бағалаңыз.
Шағын аудандық ауруханада тек 1 ғана операциялық зал бар. Операциялық залда таңертең үлкен көлемді іріңді процеске байланысты шұғыл түрде операция жасалған. Дәл осы күнге шап жарығына операция жасау жоспарланған. Операциялық мейірбике жоспарлы операция жасауға қарсы болды. Мейірбикенің іс-әрекетін бағалаңыз. Осы күні бұл жоспарлы операцияны жасауға болады ма?