3 САБАҚ 1. Тақырыбы: «Іштеспесі» синдромының саралау диагностикасы. Түйнек синдромы. Диагностика және емдеу принциптері.
2. Мақсаты: Іштің зақымдануында пайда болатын негізгі клиникалық синдромдардың себебі, патогенезі , клиникасы,емі.Мейірбикенің міндеттерін стденттерге түсіндіру.
3. ТАПСЫРМА:
Студенттің өз бетінше атқаратын жұмыс тақырыбы бойынша әдебиеттерді жинақтау (каталогпен, журналмен, монографиялармен, анықтама кітаппен, оқу әдебиетімен, бұйрықтармен, интернетпен жұмыс жасау);
Сабақ тақырыбы бойынша конспект жазу, реферат немесе презентация, сонымен қатар көрнекі құралдар жасау;
Сабақ тақырыбы бойынша тесттік сұрақтарды шешу және ситуациялық сауалдарды талдау;
Сабақ тақырыбы бойынша 5 тесттік сұрақтар мен 2 ситуациялық сауалды өз бетінше құру;
Анаэробты инфекциямен ауыратын науқасты күту кезінде жеке қорғану ережелері мен танысу.
4. ОРЫНДАУ ТҮРІ:
реферат;
презентация;
есеп;
студенттер тарапынан тақырып бойынша ситуациялық есептер мен тесттер құрастыру;
СӨЖ – ге қиылыс пікір жазу;
5. ОРЫНДАУ КРИТЕРИЛЕРІ: Дайын реферат сабақ тақырыбы бойынша жан – жақты қамтылған ақпаратты қамту қажет.
Тақырып бойынша презентация қысқа, көрнекті және мазмұны мәнді болу керек.
Хирургиялық оның ішінде сепсиске шалдыққан науқастарды қараудан кейін есеп тапсыру, есепте науқасты күту кезінде мейірбикелік процесті ұйымдастыру, оны іс жүзіне асыру, анықталған мәселелерді шешу бойынша студенттің өз пікірі болуы қажет.
Әдістемелік өңдеудегі тесттерді және ситуациялық сауалдарды дұрыс шешу.
Өз бетінше тесттер және ситуациялық сауалдарды сауатты құрау.
Өз қатарласының СӨЖ – на сауатты пікір беру.
Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы: 1 – 3 пунктердің бір пунктті және 4 – 6 пунктердің бір пунктті орындағанда ғана тапсырылды деп саналады.