Жұмыс бағдарламасы пән: Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі Пән коды: hrmi 3213 Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»



бет145/151
Дата15.06.2023
өлшемі1,47 Mb.
#101675
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   151
4. ОРЫНДАУ ТҮРІ:

5. ОРЫНДАУ КРИТЕРИЛЕРІ:

  1. Дайын реферат сабақ тақырыбы бойынша жан – жақты қамтылған ақпаратты қамту қажет.

  2. Тақырып бойынша презентация қысқа, көрнекті және мазмұны мәнді болу керек.

  3. Хирургиялық оның ішінде сепсиске шалдыққан науқастарды қараудан кейін есеп тапсыру, есепте науқасты күту кезінде мейірбикелік процесті ұйымдастыру, оны іс жүзіне асыру, анықталған мәселелерді шешу бойынша студенттің өз пікірі болуы қажет.

  4. Әдістемелік өңдеудегі тесттерді және ситуациялық сауалдарды дұрыс шешу.

  5. Өз бетінше тесттер және ситуациялық сауалдарды сауатты құрау.

  6. Өз қатарласының СӨЖ – на сауатты пікір беру.

Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы: 1 – 3 пунктердің бір пунктті және 4 – 6 пунктердің бір пунктті орындағанда ғана тапсырылды деп саналады.
6. ТАПСЫРУ МЕРЗІМДЕРІ: тақырыптық жоспар бойынша 14 сабаққа дейін тапсыру.
7. БАҒАЛАУ КРИТЕРИЛЕРІ: Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы – ҚР МЖМБС (Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) 5.03.006 – 2006 негізге ала отырып «Мейірбикелік іс» - 051101 мамандық үшін «Мейірбике ісі кафедрасы анестезиология және реаниматология курсында» дайындалған балды – рейтингті әріпті жүйемен бағаланады:

  • «өте жақсы» баға студенттің сабақ тақырыбын толық меңгергенін көрсетеді, ешқандай қателік жібермегенін, тапсырманы өз уақытында орындағанын және тапсырманы тапсыру барысында ой - өрісін жоғары деңгейде көрсеткенін, қосымша әдебиеттерді мерзімінде және өз бетінше қолдана алған, бағдарламадағы материалды өз бетінше жүйелендіре алғанын білдіреді.

  • «жақсы» баға студенттің сабақ тақырыбын 75 % төмен емес деңгейде меңгергенін көрсетеді, жауап беру кезінде дөрекі қателіктерді жібермегенін, берілген тапсырманы өз уақытында орындағанын және принципиальді емес ескертулерсіз тапсырғанын білдіреді. Оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттерді қолданғанын, принципиальді емес дәлсіздіктерді немесе принципиальді қателіктерді жібергенін және ол қателіктерді өзі дұрыстағанын білдіреді. Бағдарламадағы материалды оқытушының көмегімен жүйелендіре алғанын білдіреді.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет