|
Байланысты: ses delo v hirurg i reanim kz3. Оқыту максаты:
Студент білуі қажет:
жіті және созылмалы хирургиялық инфекцияның жіктелуін, жіті хирургиялық инфекция патогенезінің негізгі этаптарын;
инфекцияға ағзаның жергілікті және жалпы реакция көріністерін;
- хирургиялық инфекция мен ауыратын науқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастыру ерекшеліктерін;
іріңді аурулардың арнайы түрлеріне сипаттаманы: фурункул, карбункул, гидраденит, абсцесс, флегмона, тілмелі қабыну, лимфангит, лимфаденит, флебит;
жіті және созылмалы іріңді ауруларды емдеу принциптері, олардың алдын – алуды;
Студент істей білуі тиіс:
науқастарда жіті хирургиялық инфекцияның болу белгілерін болжауды;
іріңді инфекцияның жергілікті байқалатын белгілерін айыра білуді: фурункул, карбункул, гидраденит, абсцесс, флегмона, тілме қабынуы, лимфангит, лимфаденит, флебит;
жіті және созылмалы хирургиялық инфекциямен ауыратын науқастарды емдеу кезінде қолданылған құралдарды өңдеу шараларын ұйымдастыру және оны орындауды;
контагиозды хирургиялық инфекция кезінде жеке қорғану ережесін сақтануды;
госпитальді инфекцияны алдын-алу бойынша қазіргі таңда қолданылатын бұйрықтар мен ережелерін.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Хирургиялық инфекция туралы түсінік, жіктемесі, этиологиясы мен патогенезі;
Инфекцияға ағзаның жергілікті және жалпы реакция белгілері;
Жалпы және жергілікті емнің негізгі принциптері;
Инфекция үшін кіру жолдары болып не табылады?
Инфильтрация сатысында жергілікті симптомдардың байқалуы?
Іріңдеу сатыларына қандай белгілер кіреді?
Іріңдеу құрамына не кіреді?
Жалпы қабыну симптомдарының клиникалық көріністері?
Іріңдеу және инфильтрация сатысындағы емдеу принциптері?
Фурункул, карбункул, гидраденит, фолликулит, флегмона, абсцесс, лимфаденит, тромбофлебит, флебитке анықтама беріңіз?
Тілмелі қабыну дегеніміз не?
Остеомиелит, бурсит, артритке анықтама беріңіз?
Сепсис дегеніміз не?
Анаэробты хирургиялық инфекция дегеніміз не?
Жарада анаэробты инфекцияның дамуына алып келетін себептерді атаңыз?
Анаэробты инфекция кезінде жараны жергілікті емдеу?
Жіті спецификалық инфекция дегеніміз не?
Столбняктың симптомдары, күтімі, емі мен профилактикасы.
Іріңді инфекция дегеніміз не?
Госпитальді инфекцияны алдын – алу бойынша қазіргі таңда қолданылатын бұйрықтар мен ережелер?
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|