Ситуациялық есептер : №1 есеп. 47 жастағы әйел, тұрмыста, балалары жоқ. 1,5 жыл бұрын миокард инфаркті болған. Жоғары білімі бар, жауапты кассир болып жұмыс істейді. Оңалту орталығына барады, жұмыстан уақыты бомайды.
Сіздің кеңесіңіз.
№2 есеп. 50 жастағы үйленбеген еркеке. 2 жыл бұрын миокард инфаркті болған. Жоғары білімі бар, бухгалтер болып жұмыс істейді. Жүрегінің тұсы ауырмайды, ентікпесі жоқ. 48 жасында инсульттен атасы қайтыс болған. 9 жылдан бері темекі тартады. Ішімдік ішпейді. Бойы 170см, салмағы 105кг.
Осы науқасқа емдік дене шынықтыру нұсқаулығын үйде жасайға беруге болады ма?
2. Мақсаты: Физикалық жаттығулар –әсер етуші қозғалыстар, денсаулықты және дене бітімді сақтап қалушы физикалық тәрбие мақсаттарында жүйеленген физикалық мәдениеттің элементтері. Физикалық жаттығулар жүрек-қантамырлық, эндокриндік, тыныстық, ас қорыту жүйесінің қызметін қалпына келтіреді және ширатады, тіндердің ішкі зат алмасуын арттырады, нерв жүйесіне жағымды әсер етеді, қанның тиімді қайта бөлінуіне мүмкіндік туғызады, қанның дене бөлігінің төменгі жағындағы тамырларда тұрып қалуын болдырмау (қозғалысы аз адамдарға аса маңызды), жүрекке, басқа, мойынға келетін қан ағымын күшейту.
3. Тапсырма: - СӨЖ тақырыбы бойынша әдебиеттер іздеу (каталогтармен, журналдармен, монографиялармен, анықтамалықтармен, оқу әдебиеттерімен, бұйрықтармен, Интернетпен жұмыс);
Сабақ тақырыбы бойынша конспект, реферат немесе презентация, көрнекі құралдар дайындау;
Берілген тест тапсырмаларына және ситуациялық есептерге жауап беру;
Өз бетінше тақырып бойынша 2 ситуациялық есеп және 5 тест құрау;
Қазіргі заман реабилитациясында қолданылатын негізгі физиотерапиялық емдеу әдістерін білу;
Аудиториядан тыс уақытта физиотерапиялық емшараны практикада қолданылуымен танысу (мысалы: емхананың физиотерапиялық бөлімшесінде);