Ситуациялық есептер: №1 есеп: Н., есімді 35 жастағы науқас, аймақтық терапевт дәрігерде ем қабылдаған.
Диагнозы: ІІ дәрежелі эссенциалды гипертония.
Медикаментозды терапия қабылдаған.
Сұрақ: 1. Мейірбике осы науқасқа реабилитологияның тағы қандай құрадарын тағайындай алады?
2. Осы жағдайға психологиялық реабилитацияны ұсынуға болады ма?
№2 есеп: 32 жастағы науқас, асқазанның ойық жарасымен стационарлы ем қабылдаған. Қазіргі кезде шағымы жоқ. Тәулігіне 10 темекі тартады.
Сұрақ: 1. Алдағы реабилитация неден тұрады?
2. Санаторияға жіберуге болады ма?
3. Мейірбике реабилитацияның жеке бағдарламсын құрастырғанда медициналық реабилитацияның қандай этаптарын көрсетуі керек.
2- САБАҚ 1.Тақырып: Жоғарғы жиілікті аумақпен емдеу (ЖЖА)
2. Мақсаты: Физиотерапиялық ем (емханада, ауруханада, санаторияларда т.б.) түрлі профилді медициналық мекемелерде алдын алу және аурудың бастапқы түрін емдеуде, тұрғындарға түгелімен ем жүргізгенде емдік және реабилитациялық іс-шараларда маңызды роль атқарады және кеңінен қолданылады. Науқастардың медициналық реабилитациясына және қалпына келтіріп емдеуде қолданылу анағұрлым тиімді әрі нәтижелі.
3. Тапсырма: - СӨЖ тақырыбы бойынша әдебиеттер іздеу (каталогтармен, журналдармен, монографиялармен, анықтамалықтармен, оқу әдебиеттерімен, бұйрықтармен, Интернетпен жұмыс);
Сабақ тақырыбы бойынша конспект, реферат немесе презентация, көрнекі құралдар дайындау;
Берілген тест тапсырмаларына және ситуациялық есептерге жауап беру;
Өз бетінше тақырып бойынша 2 ситуациялық есеп және 5 тест құрау;
Қазіргі заман реабилитациясында қолданылатын негізгі физиотерапиялық емдеу әдістерін білу;
Аудиториядан тыс уақытта физиотерапиялық емшараны практикада қолданылуымен танысу (мысалы: емхананың физиотерапиялық бөлімшесінде);