8. Бақылау ( сұрақтар, тесттер, есептер, және т.б ):
Тесттер: Тесттер: Ағзаның бұзылған қызметтерін қалпына келтіруге бағытталған кешенді іс-шаралар:
1) реформация
2) реабилитация
3) транслокация
4) трансплантация
Терренкур — бұл
1) шектеулі жаяу жүріспен емдеу
2) трафарет бойынша жүру
3) айнаға алдында жүру
4) тегіс жермен жүру
В диадинамотерапияда қолданылады:
1) төмен кернеулі және күші аз ток
2) орташа жиілікті ауыспалы ток
3) жоғары жиілікті ауыспалы импульсты ток
4) төмен жиілікті үздіксіз импульсты ток
УВЧ- терапияның көрсетілімі:
1) гипотония
2) жабыспалы процесс
3) жедел қабынған процесс
4) қанағымға бейім
Емдік дене шынықтыруға арналған кері көрсетілім.
1) науқастың ауыр халдегі жағдайы
2) майтабандық
3) І деңгейдегі гипертониялық ауру
4) сколиоз
Массажға кері көрсетілім:
1) созылмалы пневмония
2) тромбофлебит
3) жалпақ табанды
4) остеохондроз
Ситуациялық есептер: Есеп №1. Дәрігер науқасқа мұрын катеторын қолдана отырып оксигенотерапия тағайындады. Мейірбике катетордың ұзындығын қалай өлшеу керек, манипуляцияны қалай жүргізу керек, оттегіні қалай ылғалдандырады?
Есеп №2. Науқаста өкпе шемені. Осы науқасқа оттегіні қолдану ерекшелігі қандай? Манипуляция техникасын айтыңыз.
Есеп №3. Аурухана бөлімінде орталықтанған оттегі жоқ.ал науқасқа оксигенотерапия жасау қажет. Оттегіге толмаған жастықша бар, мейірбике жастықшаны қалай толтырып науқасқа оттегіні береді. Кандай жылдамдықта?