Ситуациялық есептер : №1 есеп. 47 жастағы әйел, тұрмыста, балалары жоқ. 1,5 жыл бұрын миокард инфаркті болған. Жоғары білімі бар, жауапты кассир болып жұмыс істейді. Оңалту орталығына барады, жұмыстан уақыты бомайды.
Сіздің кеңесіңіз.
№2 есеп. 50 жастағы үйленбеген еркеке. 2 жыл бұрын миокард инфаркті болған. Жоғары білімі бар, бухгалтер болып жұмыс істейді. Жүрегінің тұсы ауырмайды, ентікпесі жоқ. 48 жасында инсульттен атасы қайтыс болған. 9 жылдан бері темекі тартады. Ішімдік ішпейді. Бойы 170см, салмағы 105кг.
Осы науқасқа емдік дене шынықтыру нұсқаулығын үйде жасайға беруге болады ма?
3-сабақ. 1. Тақырыбы: Зат алмасуы бұзылған науқастарды оңалту.
Дәнекер ұлпаларының жүйелі ауруларымен ауырған науқастарды оңалту.
2. Мақсаты: Қазіргі кезде дәнекер ұлпасының жүйелі аурулары дәрігер тәжірибесінде жиі кездеседі. Осы ауру қалыптасқан өмір сүру дағдысына өзгерістер туғызып, мүгедектікке алып келеді. Сондықтан оңалтудың шараларын дұрыс пайдалануды көздейді.
3. Тапсырма: - СӨЖ тақырыбы бойынша әдебиеттер іздеу (каталогтармен, журналдармен, монографиялармен, анықтамалықтармен, оқу әдебиеттерімен, бұйрықтармен, интернетпен жұмыс);
Сабақ тақырыбы бойынша конспект, реферат немесе презентация, көрнекі құралдар дайындау;
Берілген тест тапсырмаларына және ситуациялық есептерге жауап беру;
Өз бетінше тақырып бойынша 2 ситуациялық есеп және 5 тест құрау;
Қазіргі заман реабилитациясында қолданылатын негізгі физиотерапиялық емдеу әдістерін білу;
Аудиториядан тыс уақытта физиотерапиялық емшараны практикада қолданылуымен танысу (мысалы: емхананың физиотерапиялық бөлімшесінде);
4. Орындау түрі (реферат, презентация, есеп құрастыру, тестілер, алгоритмдер құрастыру, сырқатнама жазу, рөльдік ойындарға сценарий жазу, пікір жазу және т.б.):
реферат
презентация
есеп
тақырып бойынша студенттердің өз бетінше ситуациялық есептер мен тест құрастыру