Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»


Л кұзыреттілік саласы - Организмнің түрлі жүйелері қызметінің бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіс



бет10/152
Дата19.05.2022
өлшемі416,12 Kb.
#35058
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   152
Байланысты:
med is neg 3k kz

Л кұзыреттілік саласы - Организмнің түрлі жүйелері қызметінің бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіс
Л1-2 модулі. Тыныс алу жүйесі қызметінің бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіс. Оксигенотерапия
Тыныс алу ағзалары ауруларының негізгі клиникалық белгілері. Мейірбикелік үрдіс кезеңдерін ұйымдастыру және жүзеге асыру. Науқасты қадағалау және оған күтім жасау. Науқастың жағдайын жеңілдететін қалта ингаляторын, жеке түкіргішті қолдану тәртібі. Науқасты позициялық дренажға үйрету. Физиотерапиялық емшараларды орындау. Ингаляциялар жүргізу.
Оксигенотерапия туралы түсінік, оттегі ингаляциясын тағайындау көрсетімдері. Жүргізу ережелері мен мүмкін болатын асқынулар. Оттегі беру тәсілдері. Оттегіні Бобров аппараты арқылы, мұрын катетері арқылы, оттегі жастыкшасы арқылы жүргізу. Бобров аппаратымен жұмысқа дайындык. Оттегі баллондарын қолдану кезіндегі қауіпсіздік техникасын сақтау ережелері.
ЛЗ модулі. Жүрек-кантамыр жүйесі қызметінің бұзылуы кезіндегі мейір-бикелік үрдіс
Негізгі клиникалық белгілері. Мейірбикелік үрдіс кезендерін ұйымдастыру және жүзеге асыру. Тәуліктік диурез көлемін анықтау тәртібі.Тәуліктік су балансы туралы түсінік. Су балансын есепке алу ережесі. Ылғалдандырылған оттегі ингаляциясын қамтамасыз ету. Қарапайым физиоемшараларды орындау. Су балансы мен тәуліктік диурезді айқындауды орындау.
Л4-5 модулі. Асқорыту жүйесі қызметінің бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіс. Клизмалар
Негізгі клиникалық белгілері. Мейірбикелік үрдістің негізгі кезеңдерін ұйымдастыру және жүзеге асыру. Құсық туралы түсінік. Белсенді және сылбыр науқасқа құсу кезінде көмектесу тәртібі. Науқасты жағдайының ауырлығына байланысты құсу кезінде бақылау және оған күтім жасау. Асқазанды жуу көрсетімдері мен қарсы көрсетімдері. Қажетті құралдар мен аспаптарды дайындау. Асқазанды жуу техникасы. Асказанға сүңгі қоюға науқасты дайындау.
«Клизма» туралы түсінік. Клизманың түрлері және қойылу мақсаттары. Көрсетімдері мен қарсы көрсетімдері. Күтімге қажетті заттар мен аспаптарды дай­ындау. Түрлі клизмалар: босатушы (тазарту, сифонды), майлы, гипертониялық, дәрілік (микроклизма, тамшылы) қою техникасы. Қолданылған күтім заттарын және аспаптарды зарарсыздандыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет