Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»


модулі. Венага егу, венага дәрі – дәрмектерді тамшы түрінде егу алгоритмі



бет8/152
Дата19.05.2022
өлшемі416,12 Kb.
#35058
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   152
34 модулі. Венага егу, венага дәрі – дәрмектерді тамшы түрінде егу алгоритмі
«Венепункция», «венесекция» туралы түсініктер. Мақсаты, көрсетімдері мен
қарсы көрсетімдері. Егу орындары. Егу үшін жұмыс орнын дайындау. Қажетті құрал-жабдықтарды дайындау. Қолды гигиеналық деңгейде деконтаминациялау. Қолғаптарды кию және шешу. Егілетін жерді өңдеу. Венадан қан алу үшін бір рет қолданылатын жүйелер жиынтығы. Венаға жасалынатын егулерді орындау техни­касы, зертханалық зерттеулер, вена ішіне тамшы түрінде дәрілік заттарды құю үшін венадан қан алу.
35 модулі. Зертханалық зерттеулер үшін венадан қан алу. Пункция жасау кезінде дәрігерге ассистент болу
Пункциялар туралы түсінік. Мақсаты, пункцияларды өткізу көрсетімдері мен қарсы көрсетімдері. Плевралық, абдоминальдық, стернальдық, люмбальдық, буынішілік пункцияларды жүргізу техникасы. Мейірбикенің пункциялар жүргізу кезіндегі рөлі. Науқасты пункция жүргізуге дайындау. Қажетті аспаптарды дайындау. Стандарт бой­ынша іс-әрекеттерді орындау кезінде дәрігерге көмектесу. Пункциядан соң науқасты қадағалау және күтім жүргізу.
И кұзыреттілік аумағы -Зертханалыќ және аспаптық зерттеулерге науқасты дайындау және одан ма­териал алу
И1-2 модулі. Зертханалық зерттеулер үшін (несеп, қақырық) материал алу
Несепті зерттеу мақсаты, көрсетімдері. Нечипоренко, Зимницкий әдістері
бой­ынша жалпы клиникалық талдауға, дистазға, қантка, ет пигменттеріне несеп алу тәртібі. Несепті сақтау және тасымалдау тәртібі. Жолдамалар жазып беру тәртібі. Науқасты және несеп жинауға ыдыстарды дайындау. Клиникалық зертханаға жинау және тасымалдау.
Қақырықты клиникалық зерттеу мақсаты, көрсетімдері. Жалпы клиникалық талдауға, туберкулез микобактериясына, атипиялық жасушаларды тексеруге қақырық алу тәртібі. Қақырықты сақтау, тасымалдау, залалсыздандыру ережелері. Қақырық ыдыстарын залалсыздандыру. Жолдама толтыру. Науқасты зерттеуге дай­ындау. Қақырықты клиникалық зертханаға тасымалдау.
ИЗ-4 модулі. Зертханалық зерттеулерге материал алу (асқазан және ұлтабар құрамы, нәжіс)
Нәжісті зерттеу мақсаты, көрсетімдері. Нәжіс алу тәртібі: копрологиялық зерттеу­ге, іш құрттарын анықтауға, жасырын қанға. Нәжісті тасымалдау ережелері, жолдама толтыру. Нәжіс алуға науқасты және ыдыс дайындау. Нәжісті клиникалық зертханаға тасымалдау.
Асқазан және ұлтабар құрамын зерттеу құрамын зерттеу. Мақсаттары, көрсетімдері мен қарсы көрсетімдері. Зерттеуді жүргізу техникасы. Селді сақтау, тасымалдау. Зертханаға жол­дама толтыру. Емшаралар жүргізу үшін науқасты және аспаптары мен жабдықтарды дайындау. Стандарт бойынша зерттеу үшін науқастан материал алу және биологиялық материалды клиникалық зертханаға тасымалдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет