Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»


Радиоизотопты диагностикада екі әдісті қолданады



бет104/152
Дата19.05.2022
өлшемі416,12 Kb.
#35058
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   152
Байланысты:
med is neg 3k kz

Радиоизотопты диагностикада екі әдісті қолданады:
1.мүше және ұлпаларда әр түрлі мөлшерде немесе оның қимыл қозғалысын тексеруді іске асыру үшін радиофармацевтикалық препараттарды науқасқа енгізу.
2.олардың бір-бірімен (өзара сәйкестігін) өзара әсерлесуін бағалай отырып, белгілі затты тексерілетін қаны бар пробиркаға қосу арқылы жүргізіледі. Бұл шектелмеген контингентті тұлғалардағы әр түрлі ауруларды ерте диагностикалау үшін скрининг-тест болып табылады.
Ішкі секреция бездерінің, асқорыту мүшелерінің, сүйек-буын, жүрек-қан тамырлар жүйелерінің, лимфа жүйесінің, жұлын және бас миларының, тыныс алу және зәр шығару жүйелерінің ауруларын радиоизатопты тексерулерден өткізу көрсетілімі болып табылады. Тексеруді тек қандайда-бір патологиялық аурулардың бар екендігіне күмәнданғанда немесе белгілі аурулардың бар кезінде ғана жүргізіп қоймай, зақымдалудың дәрежесін және нәтижеленген емдердің қорытындысын бағалау үшін қолданылады.
Тек жүктілік кезіндегі кейбір шектеулер ғана болмаса, радиоизатопты тексерулерді жүргізуге қарсы көрсеткіштер жоқ. Рентгенологиялық және ультра дыбысты тексерулердің нәтижесін, радиоизатопты тексерулердің нәтижелерімен сәйкестендіре білудің маңызы зор.
Радиоизотопты тексеру әдістерін басқа әдістермен салыстырғанда бір немесе бірнеше артықшылықтары бар:

  1. басқа әдістерді қолдану кезінде ала-алмайтын мүшенің функциональді жағдайы туралы мағлұматты ала-алу, (немесе бұл ақпаратты алу науқас денсаулыға қауіпті немесе үлкен экономикалық шығынға алып келуіне байланысты).

  2. әдістің шешуші қабілеттілігінің аз болуына қарамай, нақты контрастылай ала-алу.

  3. радиоизотопты тексерудің шартты инвазивтіліксіздігі (радиоактивті изотоп парентеральді немесе ішке қабылдау түрінде енгізіледі).

Радиоизотопты диагностиканың алты негізгі әдісі бар:

  • клиникалық радиометрия

  • радиография

  • бүкіл дененің радиометриясы

  • сканирлеу және сцинтиграфия

  • биологиялық сынамалардың радиоактивтілігін анықтау

  • пробиркадағы биологиялық сынамаларды радиоизотопты тексеру



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет