Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»


Жедел зәр тоқталу кезінде көмек көрсету



бет132/152
Дата19.05.2022
өлшемі416,12 Kb.
#35058
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   152
Байланысты:
med is neg 3k kz

Жедел зәр тоқталу кезінде көмек көрсету .
Науқастың жағдайына қарай оны ыстық ваннаға отырғызады, спазмолитиктерді енгізеді ( но-шпа 2-4 мл ерітіндісін немесе баралгиннің 5% 2-3 мл ерітіндісін бұлшықетке енгізу. Осы шаралар әсер етпесе науқасты урология бөліміне жатқызу қажет.
Зәр шығару каналының жарақатынан болған зәр тоқталу кезінде қуыққа катетер қоюға мүлде болмайды.
Катетерлеу –катетерді қуыққа несеп шығару,жуу, дәрі-дәрмектік заттар енгізу немесе зерттеу үшін несеп алу мақсатында енгізу. Қуыққа микроптар түсіріп алмау үшін катетерлеу ерекше мұқияттылық шараларды талап етеді, себебі оның шырышты қабығының қарсы тұруы өте нашар. Соның салдарынан катетерлеу тек өте қажетті жағдайда ғана жасалады. Катетерлеу жұмсақ және қатты катетерлердің көмегімен жүргізіледі. Жұмсақ катетер –ұзындығы 25-30 см, диаметірі 10мм дейінгі(1-30) иілмелі резеңке түтік. Катетердің жоғарғы ұшы дөңгеленіп келген ,бітеу. Одан шамалы жерде бүйірлік сопақша тесіктері бар. Катетердің жоғарғы ұшы қиғаш кесілген немесе воронка тәрізденіп кеңейтілген дәрі-дәрмек ерітінділерін ендіру және қуықты жуу үшін шприцке ұштық қою оңай болу үшін осылай жасалған.
Қолдану алдында катетерлерді 10-15 минут бойы қайнату керек. Қайнатудың әсерінен катетерлер біртіндеп иілмелілігін жойып,жарамсыз болып қалатынын есте сақтау қажет. Қолданылып болған соң оны сабындап жылы суға жуады да жұмсақ шүберекпен сүртеді. Резеңке катетерлерді 2% бор немесе карбол қышқылының ерітіндісі толтырылған эмаль не шыны қақпағы бар қораптарда сақтайды, әйтпесе олар кеуіп, иілгіштігін жояды да сынғыш болады.
Қатты (метал) катетерлер тұтқадан, өзектен және тұмсықтан( екі сопақша тесігі бар уретральді ұшты) тұрады. Катетер жұмыр, төменгі жағы бітеу.Ерлер катетерінің ұзындығы 30 см, әйелдер катетері -12 -15 см. Әйелге катетер енгізу.
Мақсаты: несеп қуығынан зәрді уақытылы шығару.
Көрсеткіші: жедел зәр тоқталу, несеп қуығын жуу және оған дәрілік заттарды енгізу, несеп және зәр шығару мүшелеріне операциядан кейінгі кезеңде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет