Жедел зәр тоқтауына алып келетін себептер мен белгілері.
Жедел зәр тоқтауы кезіндегі көмек.
Қуыққа катетер қою туралы түсінік.
Катетер қоюдың мақсаты: емдік, диагностикалық.
Процедураны өткізудің көрсеткіштері мен кері көрсеткіштері.
Катетер түрлері.
Процедураны өткізу әдісі және жабдықталуы.
Кездесетін асқынулары және оларды алдын алу.
Ерлер мен әйелдерге қуыққа катетер қою
ерекшеліктері.
Құралдарды тазарту.
Жедел зәр тоқтауы . Жедел зәр тоқталу дегеніміз- операциядан кейін қуық бұлшықетінің жүйке регуляциясы бұзылуынан және де уретра обтурациясының нәтижесі. Ануриядан айырмашылығы анурия кезінде қуық бос және кіші дәретке отырғысы келмейді , ал жедел зәр тоқталу кезінде қуық толып тұрады және кіші дәретке жиі отырғысы келеді.
Дені сау адам бір тәулікте 4-7 рет зәр шығарады, көбінесе күндіз,ал түнде 1 реттен көп емес .
Аденома , қуық асты без рагі , босанудан кейін және операциядан кейін жедел зәр тоқталу пайда болады .
Зәр шығару рефлексін краннан аққан судың шуымен немесе жыныс мүшелерін жылы сумен жуып шығаруға болады. Қасаға үстіне жылы грелка қойса жақсы әсер береді .Істеген іс-шаралар жүзеге аспаса дәрігер тағайындауы бойынша бұлшықет тонусын жоғарылататын дәрілік заттарды береді (прозериннің 0,5% 1 мл ерітіндісін немесе пилокарпиннің 1% 1 мл ерітіндісін тері астына).Бұл іс-әрекеттер жүзеге аспаса дәрігер тағайындауы бойынша қуыққа катетер қояды.