Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»



бет134/152
Дата19.05.2022
өлшемі416,12 Kb.
#35058
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   152
Байланысты:
med is neg 3k kz

Қажетті заттар:

  • стерильді: катетер, анатомиялық(2 дана) пинцентер , корнцанг, лоток, латексті қолғаптар, 1:5000

  • фурациллин ерітіндісі, вазелин майы.

  • зәрді жинауға ыдыстар ;клеенка, антисептикалық ерітінділер.

Еркекке катетер енгізу өте қиын, себебі олардың несеп шығару каналының ұзындығы 22 -25 см әрі екі физиологиялық тарылу жолдары кездеседі. Олар катетердің өтуіне кедергі келтіреді. Сырқат катетер енгізу кезінде тізесін бүгіп, шалқасынан жатады, табанының арасына «утка», астауша немесе кружка қояды, оған катетер бойымен несеп ағады. Медбике немесе дәрігер сол қолымен сырқаттың жыныс мүшесін ұстап, бор қышқылы ерітіндісіне малынған мақтамен оның басын мұқият сүртеді. Алдын ала зарарсызданған вазелин майы жағылған катетерді пинцетпен немесе зарарсызданған дәке
салфеткамен оң қолына ұстап онша көп күш жұмсамай біртіндеп несеп шығаратын каналға ендіреді. Катетерлеуді резеңке катетермен бастайды, ол жұмсақ әрі иілгіш болғандықтан кез келген формаға түседі, бұл оның жолда бар кедергіден өтуіне мүмкіндік береді. Катетер қуыққа енген бойда несеп шығады. Еркектерге металл катетерді тек дәрігер ғана енгізеді.
Қуықты жуу.
Бұл жұмыс қуықтан іріңді, тканнің іріген заттарын, ұсақ тастарды механикалық жолмен шығару үшін, сондай-ақ цитоскоп енгізу алдында жасалады. Әдетте қуықты резезке катетермен жуады. Алдын ала қуықтағы несептің мөлшерін, бір рет несеп шығару арқылы біліп алады.Сырқат тізесін бүгіп, бөксесін ашып, жамбасы көтеріңкі жатады. Бұл процедураны урологиялық креслода жасайды. Қуықты эсмарх кружкасымен жуады, оның резеңке түтігіне катетер кигізілген. Бор қышқылының ( 2% ерітіндісін), калий перманганатын ( 1:10000), оксицианды сынап (1 :10000) ерітінділерін пайдаланады. Аспаптар зарарсызданған болуы тиіс. Катетер енгізіп, несеп шығарады да, катетерді Эсмарх кружкасының резеңке түтігіне жалғайды. Қуықты түссіз сұйық шыққанша жуады, егер осыдан кейін цитоскоп енгізу керек болса, ерітіндіні қуықтың жартысына дейін жіберіп, катетерді шығарып алады. Жуғаннан кейін сырқат төсекте 30-60 минут тай жатуы тиіс. Егер дәрі-дәрмек заттармен жуса, онда күнделікті немесе күнара жуылады. Әдетте жалпы 12-14 рет жуады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет