Ситуациялық есептер: Операциядан 8 сағаттан кейін науқас кіші дәретке отырмады. Осы кезде медбикенің іс-әрекеті.
Жауабы:Жеке астаушасын қою , науқасты жалғыз қалдырып кранды ашу:ағып жатқан судың шуы кіші дәретті шақыруы мүмкін ; жыныс мүшелерін жылы сумен жуу ; дәрігер тағайындауы бойынша 0,5% 1 мл прозерин ерітіндісін енгізунемесе қуыққа катетеризация жасау .
Операциядан кейін реанимациядан бөлімшеге науқасты ауыстырды . 6сағаттың ішінде науқас кіші дәретке отырмады . Бұл кезде медбикенің іс-әрекеті қандай ?
Жауабы:тез арада кіші дәретке отырғызу қажет .
Кері көрсеткіші болмаса іштің төменгі бөлігіне грелка қоюға болады , суды ашып қою . Бұл іс- әрекеттер әсер етпесе дәрігерге хабарлау .
13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)
Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады
14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)
Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет
12 – сабақ 1 Сабақтың тақырыбы: Эндокринді жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіс.
2. Сағат саны: 180 мин (100%)
3.Сабақ түрі:практикалық
4.Сабақтың мақсаты: оқыту: оқушыларды эндокринді жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіспен таныстыру.
тәрбиелік: оқушыларды эндокринді жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік көмек көрсету кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.
дамыту: оқушыларда эндокринді жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік көмек көрсету қабілеттілігін дамыту.
5. Оқыту әдісі: рольдік ойындар, жағдайды моделдеу
6. Материалды-техникалық жабдықталуы: а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.