Процедураны аяқтау. 1.Медбикенің жеке қауіпсіздік шараларын сақтай отырып инені өз қалпағымен жабу.
2.Шприцті пакетке салу (инені жапқан қалпағы төмен қарап тұру қажет), сосын мақталы шарикпен немесе салфеткамен инъекция алаңын өңдеу.
3.Процедура палатада орындалған болса лотокқа салу, залалсызданған салфеткамен жабу.
Ескерту:стерильді столдан стерильді лотокқа көпретті қолданылатын шприцті жинаған болсаңыз және төрт қабатты салфетканы қолдансаңыз, шприцті екінші қабатына салып, ал мақталы шариктерді салфетканың бірінші қабатының астына лотокқа салып қою қажет.
Антибиотиктерді араластыру және есептеу. Қажетті заттар: *Стерильді: бір ретті қолдануға арналған (5-10 мл ) шприц, инъекция үшін 60-80 мл ине, сечениесі 0,8-1,0 мм және дәрілік заттарды жинауға арналған ине.
*Стерильді лоток, төрт қабатты стерильді салфетканы жаю, марлялы тампондар бірінші қабаттың астында және пинцет салфетканың екінші қабатының астында болады.
*70% этил спирті.
*Ампула (флакон ) ерітіндісімен, антибиотикпен флакон.
*Стерильді латексті перчаткалар.
Процедураны орындау. 1.Маска тағу, қолды инъекция жасау үшін дайындау және перчатканы кию.
2.Антибиотиктің және ерітіндінің жарамдылығын тексеру (атын, дозасын, қорабының сыртындағы сақтау мерзімін қарап, оқып тексеру, сыртқы түріне қарап жарамдылығын анықтау).
3.Ампула мойнын (флакон қалпағын) спиртке батырылған тампонмен өңдеу.
Ескерту: ішінде ерітіндісі бар ампуланы немесе антибиотигі бар флаконды әр қайсысын екі қайтара сүрту қажет.
4.Ерітіндісі бар ампуланы ашу және манипуляциялық столға ұқыпты қою. Ескерту: антибиотикті араластыру үшін келесі ерітінділер қолданылады.
-ампулада инъекция үшін су
-ампулада және флаконда (изотоникалық, физиологиялық) 0,9% натрий хлор ерітіндісі
-ампулада және фдаконда 0,25% және 0,5% новокаин ерітіндісі
5.Пакетті ашып шприцті жинау.
6.Шприцке қажетті мөлшерде еріткішті жинау.