Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»



бет90/152
Дата19.05.2022
өлшемі416,12 Kb.
#35058
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   152
Байланысты:
med is neg 3k kz

Араластыру ережесі.
Пенициллиннің 100 000 ӘБ (0,1 г) немесе стрептомицинге 1 мл ерітінді алынады. Барлық басқа антибиотиктер аннотациясына сәйкес араластырылады.200 000 ӘБ антибиотикті 1 мл ерітіндімен араластыруға болады.
Мысалы: 500 000 ӘБ антибиотикке 5 немесе 2,5 мл ерітіндімен араластыруға болады.
7.Құрғақ антибиотигі бар флаконды сол қолға алады, ал оң қолына еріткіші бар шприцті ұстайды.
8. Флакон орталығынан 90 'бұрышпен пробканы тесу және флаконға инені 1-2 мм енгізу.
Ескерту: флакон ішінде иненің қимылдауы дәрілік заттың зарарсыздығын бұзады. Бұдан науқаста асқынулар кездесуі мүмкін.
9.Флаконға шприцтен ерітіндіні жіберу, флаконды инемен бірге алу,шприцті стерильді лотокқа салып қою.
10. Антибиотиктің толық ерігенінше флаконды жақсылап араластыру.
11.Флаконмен бірге инені шприц конусына кигізу,флаконның төменгі бөлігін жоғары қаратып көтеру, дәрігер тағайындаған парақпен тексеріп, дәрілік заттың қажетті дозасын жинау.
12.Шприц конусынан флаконмен бірге инені алу.
13.Бұлшық етке инъекция жасау үшін басқа стерильді инені шприц конусына кигізу, сағаттың бағыты бойынша беку, инеге қалпағын жабу және шприцтің ішінен ауаны шығарған кезде инеден дәрілік заттың бір-екі тамшысы ғана шығу қажет.
14.Шприцті стерильді лотокқа салу.
Антибиотиктердің дайындалған ерітіндісін сақтау
тәсілі.
Пенициллин және басқа топтағы антибиотиктердің көпшілігін араластырып болғаннан кейін бірден енгізу қажет. Оларды мүлдем сақтауға болмайды. Кейбір антибиотиктерді аннотациясына қарай отырып араластырғаннан кейін 24 сағ ішінде мұздатқышта сақтауға болады.
Ескерту: Мұздатқышқа араластырылған ерітіндіні қояр алдын, антибиотиктің аннотациясымен жақсылап танысып алу қажет.
Инсулинді қолдану ерекшелігі.
Инсулин – ұйқы безінің гормоны болып табылады және көмірсу алмасуына айқын әсер етеді. Организм (бұлшық етті, майлы) тканінің клеткаларымен глюкозаның бірігуін, клеткалы мембрана арқылы глюкозаның тасымалдануын жақсартады, глюкозадан гликогеннің түзілуін және бауырда оның жиналуын қамтамасыз етеді.
Ескерту: Қант диабетінің орта және ауыр дәрежелі ауырлығын емдеу үшін қолданады.
Инсулин – түссіз сұйықтық, 1 мл 40, 80, және 100 ӘБ болады, жиі 5 мл флаконда шығарылады. Қант диабетінің терапиясы кезінде қарапайым инсулин (6-8 сағ) және ұзақ мерзім әсер ететін (12-36 сағ) инсулин қолданылады.
Инсулинді енгізу үшін 1-2 мл сыйымдылықты арнайы шприцті қолданады, онда препаратты нақты дозалау үшін қосымша бөліктері болады. Инсулинді шприцке 1-2 бөлігіне артық алады, енгізу алдында шприцтен ауаны шығарған кезінде шығады және қажетті инсулин мөлшерін енгізеді.
Инсулинді іштің алдыңғы-бүйір бөлігіне, жауырын асты аймағына, санның алдыңғы –сыртқы беткейіне және иықтың үштен бір сыртқы бөлігіне тері астына енгізеді. Теріні спиртпен сүртеді және кептіреді. Инъекция үшін ине өткір болу керек . <Жұлдызша> ережесі бойынша инсулин енгізген орынды сағаттың бағыты бойынша ауыстырып отырады.
Инсулинді аурудың ауырлығына байланысты тәулігіне 1-3 рет тамақтанудан 15-20 мин бұрын енгізеді. Диабетті кома кезінде ұзақ мерзім әсер ететін инсулинді енгізуге кері көрсетіледі.
Асқынуы: аллергиялық реакциялар (крапивница, Квинке ісігі, анафилактикалық шок ) липодистрофия ( бір енгізген жерге инсулинді тағы енгізу кезінде инъекция орнында атрофия аймақтары немесе тері асты май қабатының гипертрофиясы пайда болады), инсулинге резистенттілігі (сезбеуі) және гипогликемиялық кома (инсулиннің көп дозасын енгізген кезде )пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет