Бақылау (тесттер, есептер және т.б)
Байланысты:
Микробиология-ҚДС-2-курс-каз 7. Бақылау (тесттер , есептер және т.б)
Жағдайлық есептер:
Сізге топырақтың бактериологиялық зерттеу нәтижесінің қортындысын алып келді , микробтың жалпы саны 1 мл – 120, коли-индексі – 4. осы көрсеткіштер бойынша қорытынды жасаңыз, қандай шаралар жүргізу керек?
Оқу бөлмесінде 60 минутқа бетін ашып, агар құйылған екі Петри табақшасы қойылды. Термостатта 37°С инкубирленді. Келесі күні екі табақшада өскен колониялардың саны 200 ден асты. Бұл әдісті қалай атайды? Берілген нәтиже бізге қандай мәлімет береді?
Тесттер:
1. Топырақтың перфрингенс-титрін анықтау үшін қолданатын қоректік ортасы:
Эйкман
Вильсон-Блер
Ет пептонды агар
Сабуро
Эндо
2. Адамға топырақ арқылы жұғатын ауру:
тұмау
гепатит
туберкулез
газды гангрена
дифтерия
3. Топырақта тіпті қысқа мерзімге де сақталмайтын микроорганизмдер:
спора түзбейтін анаэробтар
плазмидалар
вирустар
клеткалық қабырғасы жоқ микрорганизмдер
сәулелі саңырауқұлақтар
4. Тотықтырғыш дезинфекциялық зат:
формалин
ароматты қосылыстар
натрий метаксилаты
ауыр металл тұздары
хлорлы қосылыстар
5. Топырақтың коли-титрін анықтау үшін оның 1 грамын … ортасына тікелей себу жасайды.
Кесслер
Левенштейн-Иенсен
Плоскирев
Борде-Жангу
Леффлер
6. Топырақтың нәжіспен ертеректе ластануын анықтайтын санитарлы-гигиеналық көрсеткіші ретіндегі бактериялар:
цитобактериялар, ішек таякшалары
клостридиум перфрингенс
гемолитикалық стрептококк , алтын түстес стафилококк
ішек таякшасы, энтерококк
цитобактериялар, энтеробактериялар
7. 1 г. топырақтағы немесе 1л. судағы ішек таяқшасының санының аталуы:
жалпы микробтық сан
колифаг
коли-титр
перфрингенс-титр
коли-индекс
8. Топырақтың санитарлық- бактериологиялық жағдайын … бағалайды.
гемолитикалык стрептококпен, алтын түстес стафилококпен
коли-титрмен, алтын түстес стафилококпен
жалпы микроб санымен , коли-титр, коли-индекспен
жалпы микроб санымен, перфрингенс-титрмен
термофильді бактериялармен, коли-индекспен, перфрингенс-титрмен
9. Топырақтың нәжіспен жаңадан ластануын анықтайтын санитарлы-гигиеналық көрсеткіші ретіндегі бактериялар:
клостридиум перфрингенс, энтеробактериялар
клостридиум перфрингенс
клостридиум перфрингенс, цитобактериялар, энтерококтар
ішек таякшалары, энтерококтар
цитобактериялар, ішек таякшалары
10.Топырақтың санитарлы көрсеткіш бактериясын анықтауда қолданылатын қоректік орта:
Леффлер
Эндо
Вильсон-Блер
Плоскирев
Ет пептонды агар
11. Ауаның бактериологиялық зерттеуінде қолданатын қоректік орта:
ЕПС
Қантты сорпа
Эндо ортасы
Мюллер ортасы
Сарыуызды тұзды агар
12. Аспирациялық әдіспен … микробтармен залалдануын тексеруге болады.
бөлме ауасының
топырақтың
ағынды судың
ауыз суының
балалар ойыншықтарының
13. Ауаның микробтық санын анықтауда қолданылатын аппарат:
термостат
кварц лампасы
центрифуга
Кротов аппараты
микроанаэростат
14. Ауадағы микроағзаларды тексеру үшін қолданамыз:
аспирациялық әдіс
кварц лампасы
центрифуга
серологиялық әдіс
микроанаэростат
15. Ауадағы микроағзаларды тексеру үшін қолданамыз:
седимитациялық әдіс
кварц лампасы
центрифуга
серологиялық әдіс
микроанаэростат
16. Ауаның санитарлық-бактериологиялық ластану көрсеткіші:
клостридиум перфрингенс,
энтеробактериялар
Алтын түсті стафилококтар
цитобактериялар,
ішек таякшалары, энтерококтар
17. Шартты- патогенді микроағзаларға жатады:
псевдомонадалар
бордотеллалар
гонококтар
туберкулез микобактериялары
вибриондар
18. Аурухана инфекцияларына жатады:
оба
туляремия
бруцеллез
құтыру
сепсис
19. Ауруханадғы қолданатын бұйымдардың санитарлық-бактериологиялақ ластану көрсеткіші:
клостридиум перфрингенс,
энтеробактериялар
цитобактериялар,
ішек таякшалары,
энтерококтар
20. Микрофлорасы микроорганизмдердің ауада таралуында үлкен маңызы бар адам организмінің мүшесі:
тері қабаты мен бөлінділері
зәр-жыныс жолдарының кілегейлі қабаты
ауыз қуысының кілегейлі қабаты
асқорыту трактісінің кілегейлі қабаты
жоғары тыныс жолының кілегейлі қабаты
№29
Достарыңызбен бөлісу: