Жұмыс бағдарламасы пән: Микробиология Пән коды: Мiс 2210 Мамандық: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»



бет16/224
Дата02.11.2022
өлшемі2,51 Mb.
#46944
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   224
2 Бағдарлама:
1) Кіріспе. Микробиология базалық пән ретінде білуі әрбір дәрігерге, әр бір медицина қызметкеріне қажет. Микробиология ғылым жағынан клиникалық және теориялық медицинаның маңызды мәселелерін шешеді.
Медициналық микробиологияның зерттейтін нысанасы микроорганизмдердің жүйелеуін, морфологиясын, физиологиясын, генетикасын, экологиясын зерттейді; адамға патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдерін, аурулар қоздырғышының патогенді факторларын, олардың клеткалық және молекулярлы-генетикалық деңгейде әсер ету механизмдерін, оларды бөліп алуы мен идентификациясын, спецификалық терапиясы мен алдын алуы.
Микробиологияны оқымай медицинаның аса маңызды мәселелерін шешуі мүмкін емес, мысалы адамдардың жұқпалы ауруларын төмендету және жою, шартты-патогенді микроорганизмдер тудырған ауруханаішілік инфекцияларды төмендету және жою, олардың арнайы сақтандыру мен терапиясы.
2) Пәннің мақсаты: студенттерде экожүйедегі микроорганизмдердің ролі, микробтық табиғаты бар аурулардың этиологиялық диагностика негіздері, қоршаған орта обьектілерінің биологиялық ластану деңгейінің индикациясы және тұрғындардың денсаулық сақтауына қолдануы туралы заманауи білім қалыптастыру.
3) Оқыту мақсаттары :

  • патогенді және шартты - патогенді микроорганизмдердің биологиялық ерекшеліктерін зерттеу (морфологиялық, физиологиялық, молекулярлы- генетикалық);

  • табиғатта (макроэкология) микроорганизмдердің таралуы және олардың жұқпалы аурулар тудыруындағы маңызды ролі туралы білім қалыптастыру;

  • жүйелі білім қалыптастыру: микроорганизм мен макроорганизмнің өзара қарым-қатынасы және қоршаған ортамен. Нормафлора (микроэкология) және оның дисбактериоз дамуына маңызы;

  • заманауи микробиологиялық, иммунологиялық және молекулярлы-генетикалық зерттеу әдістерін емдеу-профилактикалық мекемелер тәжірибесінде қолдануы туралы білім қалыптастыру;

  • кең таралған микробты табиғаты бар аурулардың типті зертханалық диагностика әдістерін, қоршаған орта обьектілерінен микробты анықтау әдістерін үйрету;

  • қоршаған орта обьектілерін микробиологиялық бақылау әдістерін үйрету;

  • биопрепараттар дайындау үшін микроорганизмдерді қолдану туралы білім беру;

  • аурудың даму механизмдері (ауру патогенезі) және олардың алдын алу жолдары мен емдеу туралы қазіргі заманғы білім қалыптастыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет