Электронды ресурстар: 1. Шоқанов Н. Микробиология [Электронды ресурс]: оқулық. – Электрон. Текстовые дан. (24,9 Мб). – Алматы: Арыс баспасы, 2003. -192 эл. опт. диск (CD-ROM).
2. Медицина 3 курс [Электронды ресурс]: курс лекций. – Электрон. текстовые дан. (24,0 Мб). – М: ИД «Равновесие», 2005. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
3. Медицинская микробиолигия АТЛАС – руководство по бактерологии, микологии, протозоологии и вирусологии [Электронды ресурс]: для студ. и врачей/под ред. А.С. Быкова. –М., 2001. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
4. Практикум к лабораторным занятиям по общей микробиологии [Электронды ресурс]: учебно-метод. Пособие / Р.Т. Джанабаев [и др.] –Ш., 2004. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
6. Қорытынды сұрақтар (кері байланысы): Адам ағзасының қалыпты микрофлорасы?
Адам ағзасының қалыпты микрофлорасының биологиялық ролі?
Қалыпты жағдайда адам ағзасында қайсы мұшелер стерилді?
Дәріс№ 10 1.Тақырыбы: Дисбактериоз. Дисбиоздық жағдайдың зертханалық диагностикасы және коррекция әдістері.
2.Мақсаты. Студенттерге адам ағзасының қалыпты микрофлорасының маңызымен таныстыру. Дисбактериоз және оны лабораториялық диагностикасымен және коррекциясымен таныстыру.
3. Дәріс тезисі. Ағзаның иммунитетінің төмендеген кезінде қалыпты микрофлораның өкілдері іріңді-қабыну процесстерін шақыруы мүмкін. Сонымен қатар алда айтып кеткендей ішек микрофлораның қоршаған ортаны ластануы мүмкін.
Қоршаған ортаның факторларының әсерінен, стресс жағдайларынан, антимикробтық сәуле және химиотерапияны ретсіз және кең қолданғанның нәтижесінде микрофлораның және адам ағзасының динамикалық-эубиоз жағдайының бұзылуы мүмкін. Нәтижесінде колонизациялық резистенттілік бұзылады. Аномальды көбейген микроорганизмдер метаболизмнің токсикалық өнімдерін бөле бастайды-индол, снатол, аммиак, күкіртсутегі. Микрофлораның қалыпты функциясының бұзылуының нәтижесінде туылатын бұл жағдайды дисбактериоз немесе дисбиоз деп атайды. Дисбактериоз микрофлораның құрамына кіретін бактериялардың сандық және сапалық өзгеруіне алып келеді. Дисбактериоз кезінде тек бактерия ғана емес басқа да топтағы микроорганизм өзгеруі мүмкін (вирустар, саңырауқұлақтар т.б.). Яғни дисбактериоз деп біз қалыпты микрофлораның сандық және сапалық өзгеруін айтамыз, ол эндогенді информация жатады.
Қалыпты микрофлораны толтыру, яғни қалыптастыру үшін біз эубиотиктерді қолданамыз.
Эубиотик препараттары дегеніміз леофильды кептіру арқылы алынған ішек қалыпты микрофлорасына кіретін тірі бактериялар-бифидобактериялар. Ішек таяқшасы, лактобактериялар т.б. Олар мына препараттар бифидумбактерия, лактобактерия, колибактерия, субтилин, бификол.
Адамның ауыз қуысы аутохонды (қалыпты) микрофлораны құрайтын әр түрлі микроорганизмдерден тұрады. Ол жерде көптеген тағам оптимальды рН-ы, температурасы болғандығы микроорганизм осы жерге жабысып көбеюге мүмкіндік береді. Қалыпты микрофлораға кіретін көптеген шартты-патогенді микроорганизм кариестегі, парадонтаның т.б. ауруларындағы маңызы зор.
Сілекейде бактериоцитті компоненттер (иммуноглобулин, лизоцим, ферменттер) және қомақты эпителиоцитті жабынды болғандықтан, ол жерде микроорганизмдердің паталогиялық процестің пайда болуы тежеледі. Иммундық тапшылық жағдай кезінде эпителияның тұтастығы бұзылғанда, шартты-патогенді микроорганизм иммундық тапшылық жағдай жұмысына кіріседі.