Жұмыс бағдарламасы пән: Микробиология Пән коды: Мiс 2210 Мамандық: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»



бет183/224
Дата02.11.2022
өлшемі2,51 Mb.
#46944
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   224
Электронды ресурстар:
1. Шоқанов Н. Микробиология [Электронды ресурс]: оқулық. – Электрон. Текстовые дан. (24,9 Мб). – Алматы: Арыс баспасы, 2003. -192 эл. опт. диск (CD-ROM).
2. Медицина 3 курс [Электронды ресурс]: курс лекций. – Электрон. текстовые дан. (24,0 Мб). – М: ИД «Равновесие», 2005. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
3. Медицинская микробиолигия АТЛАС – руководство по бактерологии, микологии, протозоологии и вирусологии [Электронды ресурс]: для студ. и врачей/под ред. А.С. Быкова. –М., 2001. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
4. Практикум к лабораторным занятиям по общей микробиологии [Электронды ресурс]: учебно-метод. Пособие / Р.Т. Джанабаев [и др.] –Ш., 2004. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
6. Қорытынды сұрақтар (кері байланысы):

  1. Қайсы бактериялар Н-антиген түзеді?

  2. Гаптендердің айырмашылығы?

  3. Аутоантигендер дегеніміз не?

4. Иммунды жауаптың түрлерін атаңыз?
5. Иммунологиялық толеранттылық дегеніміз не?
6. Иммунды тапшылық қандай түрге бөлінеді?
Дәріс №14
1.Тақырыбы: Антиген-антидене реакцияларының жалпы сипаттамасы, механизмдері, қорғаныс ролі және қолдану мақсаты. Антигендер мен антиденелердің өзара байланысу теориялары.
2.Мақсаты: Студенттерге адам организімінің антигендерін талдауды үйрету. Антигендердің иммунды-компоненті клеткалармен өзара әсерін талдау.
3.Дәріс тезистері.
Антигендер – организм үшін генетикалық бөгде текті органикалық заттар. Олардың енуіне организм антидене түзулуімен немесе спецификаық иммунды статуспен жауап береді. Антигендер келесі қасиетке ие.

  1. Спецификалық – организмдегі иммунологиялық байланыстармен ерекшеленеді. Ерекше арнайы қасиеті бар бөлшекті антигеннің детерминантын құрайды, немесе эпитоп деп атаймыз. Бұл бөліктер молекула бетінде орналасып, ақуызды молекуланың антигенділігін білдіреді. Антиденелердің молекуласын, эпитоппен байланыса алатын антиденелер – антигеннің валенттілігін көрсетеді.

  2. Өзге текті – өзге текті позитивті иммунды жауап пайда болған кезде байқалады. Ағзада кездеспейтін қасиеттерге ие. Өз антигендеріне ағза толерантты болып келеді.

  3. Иммуногенділік және толеранттылық – антигенді субстараттың альтернативті қасиеті. Иммундық жауаптың индукциясына және толеранттылығына антигеннің лимфоцитке әсерін айтамыз.

Бактериялық антигендер Н.О.К антигендермен ерекшеленеді. Талшықты Н – антигендер бактериальды талшықтар құрамына кіретін флагелин ақуызынан тұрады, бұл қыздыру кезінде жойылады. Соматикаық О – антиген бактериалық жасушаның қабырғасымен байланысқан. О – антиген термостабильді, 1-2 сағат қайнатқанда сақталады. Капсулалы К – антигендер О – антигендерге қарағанда беткейде орналасады. Температураға сезімталдығына қарай К – антигендер: А, В және L – антигендерге бөліненді. А – антигендер температураға ең тұрақтысы болып келеді, 2 сағат қайнатқанға тұрақты. К – антигендеріне Vi – антигендер жатады. Бұл антигендер тиф және энтеробактерияларда жоғары вируленттілікпен орналасады. Бактериальды токсиндердің антигендері де кездеседі. Сібір күйдіргісі кезінде бұзылған ұлпа эксудаттарында протективті антигендер табылған, олар жоғары антигенділік қасиетке ие, инфекционды антигенге иммунитет қалыптастырады.
Вирусты антигендер – вириондардың жай антигендері мен олар байланысқан нуклеокапсидті антигендер, олар S – антигендер болып белгіленеді. Көптеген жай және күрделі вирустар ерекше беткейлі Vі – антигендерден тұрады. Оларда гемаглютинин және нейраминидаза ферментінен тұрады.
Антиденелер – ақуыздар, талғампазды түрде антигенмен қосыла, иммундық жүйе антиденелерді бөледі. Антиденелер – гликопротеидтердің бос молекулалары, электрофоретикалық қозғалысы бойынша γ – глобулиндерге жатады, халықаралық классификациясында иммуноглобулиндер деген атқа ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет