6. Қорытынды сұрақтар (кері байланысы): 1.Боррелиялардың микробиологиялық диагностика?
2. Вассерман реакциясы қай ауруда қолданылады?
3. Кан реакциясын қалай қоямыз?
4.Лептоспироздың арнайы профилактикасы?
Дәріс № 22. 1.Тақырыбы: Транмиссивті инфекциялар қоздырғыштары. Риккетсиоздар қоздырғыштары. Урогенитальды инфекциялар қоздырғыштары: (хламидиоз, микоплазмоздар).
2.Мақсаты: Студенттерге трансмиссивті инфекциялардың жұғу жолдарын, таралуын науқасқа микробиологиялық диагноз қою әдістерін, тексерілетін материалды таңдауды талдап түсіндіру.
3.Дәріс тезистері. Риккетсиялар вирустармен бактериялардың ішінде аралық орын алатын облигатты клетка ішілік паразиттер болып табылатын микроорганизмдер тобымен қоздырылатын нозологиялық дара аурулар тобы. Микроорганизмдерге «риккетсиялар» аты америкалық зерттеуші Риккетстің құрметіне берілген. Риккетсиялар майда қысқа таяқша кок тәрізді немесе жіп тәрізді пішіні бар. Бинарлы бөліну жолымен көбейеді. Гр-, барлық риккетсияларға тән қасиет мықты шырышты және микрокапсулярлы қабаттың барлығы. Барлық риккетсиялардың клетка қабырғасы көп қабатты , қозғалмайды, фимбриясы және пилилері бар. Пили коньюгациялық канал қызметін атқарып генетикалық ақпаратты беруші болып табылады. Риккетсиялар Романовский- Гимзе және Здородовский әдістерімен жақсы боялады. Романовский – Гимзе әдісімен боялғанда көк түске боялады.
Риккетсиялар қоректік ортада өспейді, тауық эмбрионында, қоздырғышқа сезімтал қоректік ортада жақсы өседі. Риккетсиялар клеткаға еніп көбейеді (протоплазмада немесе ядрода) бірнеше тәулік ішінде көбейіп залалдаушы дозаға жетіп клетканы жойып, бөлініп шыққан микробтар, басқа клеткаларды зақымдайды.
Микробиологиялық диагностикасы. Серологиялық әдіс КБР,АР,ТЕГАР, РИФ,ИФА қолданылады.
Лабораториялық тұжырым аурудың екінші аптасында анықталады, 20-40 % ауруларда арнайы антиденелер титрін анықтаймыз.Инфекция тасушыларды (кене, бүрге, биттерді ) жою керек. Арнайы алдын-алу үшін вакцинация жүргізіледі.
Емдеу үшін терациклин қатарындағы антибиотиктерді береміз, хлорамфеникол беріледі.Зоонозды риккетсиоздардың арасында эпидемиялық маңызды аурулар КУ-қызбасы. Ку-қызба зоонозды табиғи ошақты,қоздырғышы әр түрлі механизмдермен берілетін, полиморфты клиникалық көрініспен интерстициальді пневмониямен, жалпы интоксикациямен сипатталатын жұқпалы ауру.