1.Тақырыбы: Вирустардың физиологиясы.Вирусологиялық зерттеу әдістері. Вирустардың индикациясы және идентификациясы. Фагтар және фаготиптеу.
2. Мақсаты: Облигатты паразиттерді-вирустарды дақылдау әдістерін меңгеру.
3. Оқыту мақсаты:Бірқабатты жасушалық дақылдарды дайындау этаптары туралы түсінік беру. Тауық эмбрионын жарақаттау және ашып алу, фагтарды қоршаған ортадан бөліп алу әдістерің және техникасын меңгеру. Қоректік орталарды дайындау әдістерін үйрету жекеленген колонияларды таза дақыл алу мақсатта қоректік орталарға себу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: Вирустардың жасушамен өзара әсерлесу типтері.
Ұлпалық дақылдардың жіктелуі. Оларды алудың негізгі этаптары.
Жасуша дақылында вирустардың көбеюі, оларды табу әдістері (цитопатикалық әсер, теңбіл дақтар әдісі, түрлі түсті сынама, гемаглютинация не болмаса гемадсорбция реакциялары).
Вирустарды идентификациялау әдістері (типтеу).
Бактериофагтардың биологиялық ерекшеліктері (фагтардың),олардың пішіні.
Инфекциялық фагтар: қозғалыссыз, вирулентті және әлсіз фагтар.
Фагтардың өмірлік циклы, өнімді инфекциямен бірге жүретін.