Антиденелер– ақуыздар, талғампазды түрде антигенмен қосыла, иммундық жүйе антиденелерді бөледі. Антиденелер – гликопротеидтердің бос молекулалары, электрофоретикалық қозғалысы бойынша γ – глобулиндерге жатады, халықаралық классификациясында иммуноглобулиндер деген атқа ие.
Иммунды жауаптың түрлер:
Антиденелер
Иммунологиялық толеранттылық – антигендерді енгізгенде, иммунды жауаптың спецификалық төменделуі. Иммунологиялық толеранттылық жетілмеген иммунокомпетентті жасушалар мен антигендер байланысқанда пайда болады және лифоидты ұлпаның иммунодепресанттар арқылы жасалынған жасанды гипоплазия кезінде байқалады, және иондаушы радиация әсер еткенде пайда болады. Түсінуіне себеп болады.
Иммундық жүйенің патологиясы екі түр мен белгілі 1. Иммунды жетіспеушілік немесе иммунды дефицит, яғни иммунды жауап көрсеткіштерінде бір немесе бірнеше ауытқудың болуы. 2.Аутоиммунды аурулар.
Иммунодефицит - иммунды жауап көрсеткіштерінде бір немесе бірнеше ауытқудың болуы қалыпты иммунды статустың бұзылуы. Иммунодефицит жағдай біріншілік немесе туа біткен, екіншілік жүре пайда болған болып бөлінеді.
Иммунодефицит жағдай өзіне тән клиникалық белгілермен және асқынулар мен сипатталады.
Біріншілік иммунодефицит аутосомды-рецедивті типпен тұқым қуалайды. Туа біткен иммунодефицит фагоцитоздың, комплементің жетіспеушілігі, гуморальді иммунитеттің жетіспеушілігі, жасушалық иммунитеттің жетіспеушілігі және Т- В- жасушалық жетіспеушілік ең ауыр түрі болып саналады.
Екіншілік иммунодефицит сыртқы орта факторларының әсерінен дамиды (физиологиялық, экологиялық, патологиялық ).
Иммунотолеранттылық – иммунды жауап пен иммунологиялық есте сақтауға қарама-қарсы құбылыс. Иммунотолеранттылық туа біткен, жүре пайда болған болып бөлінеді.
4.Иллюстрациялық материалдар:кесте, схема, плакаттар, мультимедиялық жүйе.