Егер студент жауап беру кезінде қағидалы түсінбеушіліктер жіберіп, тақырып бойынша тақырыпқа сай негізгі әдебиеттермен жұмыс жасамаса, пән бойынша ғылыми терминологияны қолдана алмай, дөрекі стилистік және логикалық қателермен жауап берген жағдайда қойылады.
Тест бойынша дұрыс жауабы 50%-дан кем.
-Қорытынды бақылау:
Емтиханға тек қана пән бағдарламасын толық меңгерген және жіберу рейтингін жинаған студенттер жіберіледі.
20 сәүір 2011жылы бекітілген №152 «Кредиттік технология бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережесіне» сай білім алушылардың қорытынды оқу жетістіктері 100 балдық шкаламен бағаланады, балдың цифралық эквиваленті 4 балға теңеледі.
Жіберу рейтингін есептеу мысалы: ЖРБ (жіберу рейтингін бағалау) = 80 +90 + 95 = 88,3 мұндағы 80 – тәжірибелік сабақтың орта бағасы;
90 – аралық бақылаудың орта бағасы;
95 - СӨЖ орта бағасы.
Жіберу рейтингінің пайызын мына жолмен анықтайды: 88,3х60% = 52,8 % (максимум 60%, минимум 30%)
ҚБ (қорытынды баға) ЖРБ+ҚББ 50( 40%) – қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша компьютерлік тестілеу).
Қорытынды баға құрамының пайызын мына жолмен анықтайды: 52,8%+ 40% = 92,8%
Барлығы:
1. қорытынды бақылау пайыздық құрамы 92 %
2. балдың сандық баламасы 92
3. балдың әріптік баламасы А-
4. дәстүрлік жүйе бойынша бағалау өте жақсы
Білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру үшін білімін бақылаудың келесі түрлері мен үлгілері қарастырылған:
• Ағымдық бақылау - бұл білім алушылардың оқу жетістіктерін жүйелі түрде тексеріп отыру, оны оқытушы пәннің силлабусына сәйкес күнделікті сабақ үстінде жүргізіп отырады. Онда сабақтың барлық түрлері мен үлгілері ескеріледі (аудиториялық, ОЖСӨЖ, СӨЖ, тәжірибелік дағдылары және т.б.).
Студенттердің үлгерімін ағымдық бақылау барысында оқу жетістіктері әрбір орындаған тапсырмасы 100 балдық шкала бойынша бағаланады (ағымдық сабақтарда жауап беруі, үй тапсырмасын орындауы, СӨЖ, аралық бақылау) және студенттер үлгерімін ағымдық бақылаудың қорытындысы академиялық кезең бойына жинаған бағаларының орта балымен есептеледі.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың мұндай әдісі аралық және қорытынды аттестация кезінде қолданылады.
• Аралық бақылау – бұл бір оқу пәні шеңберінде бір академиялық кезеңде кемінде екі рет ОЖСӨЖ уақытында (теориялық оқытудың 8 және 15 апталары) жүргізіледі, аралық бақылау қорытындысы пән бойынша үлгерім және қатысу журналына және электронды журналға қойылады. Аралық бақылау қорытындысы деканатқа баянат түрінде аттестациялық аптадан кейінгі келесі дүйсенбіден кешіктірмей тапсырылады. Аралық бақылау саны пәннің силлабуста және ОЖСӨЖ кестесінде көрсетілген. Аралық бақылау қорытындысы бойынша орта балл шығарылып, ол жіберу рейтінгісін есептеу барысында ескеріледі.
• Қорытынды бақылау - компьютерлік тестілеу. Емтиханға тек қана пән бағдарламасын толық меңгерген және жіберу рейтингін жинаған студенттер жіберіледі.
рейтингін жинаған студенттер жіберіледі.