Хаттама № 2014 ж.
Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент____________ Долтаева Б.З.
№1
1.Тақырыбы: Еңбек гигиенасы-профилактикалық медицина бөлімі, оның мақсаттары мен міндеттері, негізгі бөлімдері.
2.Мақсаты: Студенттерді еңбек гигиенасы және профилактикалық медицина туралы теориясымен таныстыру. Еңбек гигиенасы мақсаты мен міндеттерімен танысу.
3.Дәріс тезистері: Еңбек гигиенасы ғылымының бір саласы, адамның атқаратын қызметіне байланысты жұмыстың зиянды әсерін, мамандыққа байланысты аурудың алдын алу, жұмыс қабілетінің жоғары деңгейде сақталуын қамтамасыз ететін ғылыми негізделген тәрбиелік шаралар дайындайды.
Еңбек – адамның қалыптасуының, дамуынының және өзіне матриалдық жағдай жасаудың негізі болып табылады. Еңбек адам ағзасында биологиялық процестердің қалыпты жағдайда жүруі үшін және әлеуметтік қызмет атқару үшін қажет. Дұрыс ұйымдастырылған еңбек адамдардың физикалық, интеллектуалдық және рухани жағынан жақсы жетілуіне ықпал етеді.
Еңбек гигиенасының негізгі міндеті – жұмысты ұйымдастыруда және жұмыс жағдайында жоғары деңгейде өнім өндіру мен жұмыстың адам денсаулығына теріс әсерінің болмауын қамтамасыз ететін шараларды дайындау және оны ендіру болып табылады.
Еңбек гигиенасы бойынша заңдылық және нормативтік базаларға:
ҚР Еңбек кодексінің (15.05.2007 ж.) “Еңбек қауісіздігі және еңбекті қорғау” бөлімі;
“Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы” туралы заңы (04.12.2002 ж.);
ҚР ДСМ № 06214 24.06.1998 ж "Об утверждении правил по эксплуатации, техники безопасности производственной санитарии на фармацевтических фабриках" бұйрығы;
ҚР ДСМ № 243 “Зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне ұшырайтын жұмысшыларға алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулер өткізу тәртібі туралы” бұйрығы;
ҚР ДСМ 8.07.2005 ж. № 334 «Өндiрiстiк нысандарды жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» атты санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекiту туралы» бұйрығы;
ҚР ДСМ 21 мамыр 2009 ж № 911 "Об утверждении санитарно-эпидемиологических правил и норм эпидемиологии" бұйрығы;
ҚР ДСМ 25 наурыз 2002 ж № 9 "Дәріхана ұйымдарын жабдықтау, эксплуатациялау және негізгі санитарлық ережелер мен нормалар;
Санитарлық ережелер, санитарлық нормалар мен гигиеналық нормативтер.