4. Иллюстрациялық материалдар:
Презентация, слайдтар
5. Әдебиеттер:
Гигиена. Кенесариев У.И., Тогузбаева К.К. и др., Учебник Алматы. 2009 г. 668 с.
ҚР Еңбек кодексінің (15.05.2007 ж.) “Еңбек қауісіздігі және еңбекті қорғау” бөлімі.
“Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы” туралы заңы (04.12.2002 ж.);
Измеров Н. Ф., Кириллов В.Ф. Гигиена труда. Учебник. Москва. 2008. 592 с.
Руководство к практическим занятиям по гигиене труда. М. Медицина. 2001. 400 с. (под ред. В.Ф.Кирилова ).
ҚР ДСМ № 06214 24.06.1998 ж "Об утверждении правил по эксплуатации, техники безопасности производственной санитарии на фармацевтических фабриках" бұйрығы.
ҚР ДСМ № 243 “Зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне ұшырайтын жұмысшыларға алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулер өткізу тәртібі туралы” бұйрығы.
6. Қорытынды сұрақтар:
Еңбек гигиенасы дегеніміз не және оның негізгі міндеттерін атаңыз?
Еңбек гигиенасының ғылым ретінде даму тарихы?
Еңбек гигиенасында кәсіби ауруларды алдан алуды зерттеу әдістері
№2
1.Тақырыбы : Дәріхана гигиенасы. Дәріханадағы еңбек гигиенасы.
2.Мақсаты: Студенттерді дәріханадағы еңбек гигиенасы негіздерімен, дәріханада санитарлық тәртіпті сақтау және дәріхана бөлмелеріне, құрал жабдықтарына және қызметкерлеріне қойылатын талаптармен таныстыру.
3.Дәріс тезистері:
Дәріхана емдік препараттарды дайындауды және дәрі-дәрмектерді бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын, денсаулық сақтау мекемесінің ұйымы болғандықтан, жоғары санитарлық деңгейге сәйкес болуы қажет.
Дәріхана гигиенасы дәріхана қызметкерлерінің еңбек жағдайларын зерттейтін және гигиеналық, емдік профилактикалық іс шаралар дайындайтын гигиена ғылымының бір саласы. Оның міндетіне: дәрілік құралдарды дайындаудың технологиялық үрдістері мен сатыларының орындалуы барысында гигиеналық және эпидемияға қарсы нормалар мен ережелерді дайындау жатады.
Дәріхана гигиенасы басқа пәндермен байланысы бар, әсіресе фармацевтік пәндермен тығыз байланысты, оның ішінде дәрілердің дәріханалық және өндірістік технологиясымен байланысты.
Фармация ісін ұйымдастыру пәнімен байланысты, себебі гигиеналық іс шараларды дайындау үшін дәріхананың жабдықталуын, оның жұмысын, міндетін, қызметкерлердің міндеттерін білу керек.
Дәріхана гигиенасы сонымен, органикалық, бейорганикалық химиямен байланысты, себебі бұл пәндер ауаның, судың, дәрілік препараттардың құрамындағы химиялық заттарды анықтау әдістері мен принциптері туралы білім береді.
Дәріхана гигиенасы токсикалық және фармацевтік химиямен байланысты, бұл пәндер дәрілерді дайындау кезіндегі қызметкерлерге әсер ететін дәрілік шаңдармен күресу бойынша гигиеналық іс шаралар дайындау үшін қажет. Бұл пәндер дәрілік шаңдардың химиялық құрамының токсикалық негізгі заңдылықтары және оларды әртүрлі өндірістік орталарда анықтаудың дәл әдістері туралы білім береді.
Дәріхана гигиенасы үшін микробиология да аса маңызды. Дәріханада оптималды эпидемияға қарсы тәртіп жасау үшін микроорганизмдерді анықтау және қоршаған ортаның, дәрінің және дәріхананың басқа объектілерін бактериологиялық ластануын бағалау мүмкіндігін үйретеді.
Дәріханаларда санитарлық тәртіпті сақтау ҚР ДСМ 25 наурыз 2002 ж "Дәріхана ұйымдарын орналастыру, жабдықтау және пайдалану санитарлық ережелері мен нормалары" бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Дәріхана ұйымы бір аумақта орналасқан негізгі және қосалқы бөлмелері бар үй-жайлар кешені. Ғимараттың негізгі өндірістік құрамына: ассистенттік бөлме, асептикалық блок, дисстиляциялық бөлме, буып-түюге арналған бөлме, жалпы дәрі дайындауға тиісті бөлмелер жатады. Қосалқы бөлмелерге: қызметтік тұрмыстық бөлмелер (әжетхана, душ), демалыс бөлмесі, дәріхана меңгерушісінің бөлмесі, қоймалар жатады.
Дәріханалар жеке тұрған ғимараттарда, тұрғын үй фондына кірмейтін оқшау үй-жайларда немесе тұрғын үй фондына кіретін үй-жайлардың бірінші қабатында орналасады.
Медициналық ұйымдардың дәріханалары медициналық ұйымына тиісті аумақта оқшау тұрған ғимаратта немесе медицина ұйымдары мен мекемелерінің ғимаратының бірінші қабатында орналаса алады, бұл жағдайда бөлек кіретін есіктері болу қажет. Төменде жұмыс орнының саны минималды өндірістік дәріхана бөлмелерінің жоспары берілген.
Дәріханалардың жылыту, желдету, жарықпен қамтамасыз ету жүйесі мен ауаны салқындату, дәрілік түрлердің және химиялық реактивті сапасына, қызметшілердің денсаулығына, сондай-ақ құрал-жабдықтардың жұмыс істеуіне, жағымсыз әсер етпеуі тиіс. Жылыту жүйесі бүкіл жылыту кезеңінде ауаны біркелкі жылытуды қамтамасыз етуі, қызмет көрсету жұмыстарына, жөндеу мен жинауға ыңғайлы болғаны жөн.
Стерильді материалдарды сақтайтын және асептикалық жағдайларда дәрі түрлерін дайындайтын бөлмелерде жылыту құбырларының жасырын төсемдері құрастырылған.
Дәріхана ұйымдары механикалық тарту-сорып шығару вентиляциясы (форточкалар, жартылай ашылып-жабылатын терезелер, өздігінен айналатын желдеткіштер) қарастырылады. Технологиялық процестер кезінде ауаға зиянды заттар көп бөлініп шығатын бөлмелер жергілікті сору құралдарымен немесе ауа тартқыш шкафымен жабдықталады.
Д әріхананың өндірістік, қызметік-тұрмыстық және сақтауға арналған бөлмелер еңбектің қалыпты жағдайларын жасауға қажетті табиғи және жасанды жарық қуатымен, ал кейбір жұмыс орындары жергілікті жарық беру қуатымен қамтамсыз етіледі.
Дәріхана ұйымдарының қабырғалары мен төбелеріне қолданылатын жөндеу материалы ретінде, жуып-тазалау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін бояулар, эмальдар немесе ашық түсті тегіс кафель плиткалары, медициналық ұйымдарда қолдану үшін дизинфекциялауға және ултра күлгін сәулерге төзімді су өткізбейтін заттарды пайдаланады. Едендеріне глазурленбеген плиткалар, линолеум немесе релин төселіп, қиылысқан жерлері сваркалануы тиіс. Жабдықтар мен дәріхана жиһаздары жинап-тазалауға қол жетпейтін орындар қалдырмайтындай және жарық көздерін қалқаламайтындай болып орналасады. Дәріхана жабдықтарының беті ішкі жағынан да,сыртқы жағынан да тегіс болуға, дәрілік заттардың және химиялық реактивтердің әсеріне төзімді материалдардан дайындалған болуы қажет.
Келушілерге қызмет көрсету залындағы дәріхана қызметкерлерінің жұмыс орындары ауа арқылы тез жұғатын инфекциялардан қорғайтын құрылғылармен жабдықталады.
Асептикалық блокқа, ассистентік бөлмелер кірер есік алдында еденде дезинфекциялайтын ертінділерге шыланған кезекті резеңке кілемшелер төселеді. Өндіріс қалдықтары мен қоқыстар тиісті белгі соғылған арнайы контейнерлерге тасталады. Контейнерлерді ғимарат сыртындағы арнайы бөлінген орындарға шығарады.
Дәріханада дайындалатын дәрілердің (ұнтақтар, ертінділер, суспензиялар, эмульсиялар, жағар майлар, шаншуға арналған ертінділер және т.б.) технологиялық процесін гигиеналық бағалау ҚР ДСМ 25.03.2002 ж. № 9 бұйрыққа сәйкес жүргізіледі. Бұл бұйрықтың талаптары бойынша 1 жасқа дейінгі және жаңа туылған нәрестелерге арналған дәрілік түрлер қолдануға байланыссыз асептикалық жағдайға дайындалады, ал ішуге және сыртқа қолдануға арналған ертінділер, көз тамшылары, тері беттерін өңдеуге арналған майлар, шаншуға арналған дәрілік түрлер стерильді болуы тиіс.
А септикалық блоктың қабырғалары майлы бояумен сырлануы немесе кафельді плиткалармен қапталуы тиіс. Төбесі эмульсиялық бояумен сырланады, еденіне линолеум төселінеді. Есіктері мен терезелері тығыз жабылады және тазалау мен дезинфекциялауға ыңғайлы болуы тиіс. Ауасын зарасыздандыру үшін бактерицидтік лампалар орнатылады. Асептикалық блокқа кіргізілетін жабдықтар алдын-ала өңдеуден өткізіледі.
Құрамында пирогендік заттары бар ертінділерді ағзаға енгізгенде пирогендік эффект қозады. Бұл кезде қалтырау, құсу, іш өту байқалады және барлық мүшелер мен ағза жүйесі азап шегеді. Депирогенизациялаудың (пирогендік заттардан арылу) бірнеше әдістері бар химиялық, физика-химиялық және т.б. Химиялық әдіс сутек асқын тотығы ертіндісінде 100°С температурада 1 сағат қыздыру немесе күкірт қышқылымен қышқылданған калий перманганатының 0,5 немесе 1% ертіндісіне 25-30 минут ұстау. Бұл әдіс дәнекерлеуші шыны түтіктерді өңдеу үшін қолданылады. Физика-химиялық әдіс активтелген көмір, мембрандық фильтрлері бар колонкалардан ертінділерді өткізу. Дәріханада дайындалған ертінділердің пирогендігін сынау биологиялық әдіспен жүргізіледі. Ол әдіс зерттелінетін объектіні қоянның күре тамырына енгізілген соң, оны дене өзгеруіне негіздеген.
Достарыңызбен бөлісу: |