Қазақстанның химия саласының негізгі міндеттері: Қосылған құны жоғары жоғары технологиялық, экспортқа бағдарланған және инновациялық өнім шығаруға бағытталған химия өнеркәсібінің бәсекеге қабілетті басым өндірістерін дамыту.
Импорттың басым бөлігін: кальциленген сода; тыңайтқыштар; органикалық емес қосындылар (қышқыл, сілті, оксидь, тұз және т.б); тазалаушы құралдары құрайды. Сондықтан да химиялық өнімдерінің импорттық құрылымы импортағы қосыған құны жоғары өнімдердің басымдылыққа ие екендігін көрсетеді.
Химиялық өндірістегі еңбек гигиенасы: Химия өндірісінде әр түрлі химиялық заттармен, қоспалармен жұмыс жасау жүргізіледі. Олар адам ағзасына енуімен бірге тері қабатын зақымдап, кәсіптік улану туғызуы мүмкін. Кәсіптік улану - өндірістің қолайсыз жағдайы мен технологиялық процестің бұзылуы нәтижесінде химиялық заттардың адам денсаулығына және еңбек қабілеттілігіне зиянды әсері.
Өндіріс жағдайында химиялық заттар адам ағзасына тыныс алу жолдары, тері, ас қорыту жолдары арқылы түседі. Заттардың ағзаға түсу жолдары заттың арегаттық күйіне (аэрозольдер, булар, газдар, сұйықтықтар) және технологиялық процестің сипатына байланысты.
Химиялық заттардың теріні тітіркендіру әсерінен және ағзаны аллергиядан алдын алу мақатында қорғаныс жағар майлары (2%салицил қышқылының жағар майлары), жуғыш құралдар, "Легисток-5", "Легисток-40" типті шаңға қарсы рестраторлар, қорғаныс көзілдіріктер, қолғаптар, арнайы жұмысшы киімдерімен сақтандыру жүргізіледі.
Микробиологиялық өнеркәсіп. Микробиологиялық өнеркәсіптің негізгі технологиялық сатысы микроорганизмдерді дақылдау болып табылатын өндіріс.
Микробиологиялық өнеркәсіпті технологиялық белгілері бойынша екі топқа бөледі:
1. Көп тоннажды өндіріс – оның өнімдері органикалық қышқылдар, спирттер, микробтық биомасса болып табылады. Олардың негізгі белгілері терең, яғни суспензиялық өсіру, ал қоректік орта компоненттері қанттар, спирттер, мұнайдың көмірсутектері көптеген микроорганиздердің өсуін тежейтін концетрацияда болады, кейбір жағдайда аэрацияны қажет етпейтін анаэробтар және т.б. қолданылады. Мұндай жағдайлар биотехнологиялық процестерді бөгде микрофлорадан сақтауды және көп мөлшердегі сұйықтықты мұқият заласыздандыруды, ауаны терең тазалау мен қоңдырғыларды гермитизациялау сияқты талаптарды орындаудың қажеттілігін жояды.
Ал, көп тоннажды өндірістің негізгі ерекшеліктерінің бірі - өнімді бөліп алу сатысының қарапайымдылығы, оларды сұйық түрде өндіреді және өнімдердің термотөзімділігіне байланысты жылумен кептіруге болады.