Жұмыс бағдарламасы пән, пән коды Қоршаған орта және халық денсаулығы Мамандық 5В110400 «Медициналық- профилактикалық іс»



бет61/72
Дата16.02.2023
өлшемі1,33 Mb.
#68417
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   72
3. Оқыту мақсаты:
а) Студент білуі керек:
-Қоршаған ортаның адам ағзасына әсер етуші факторларын және олардың жіктелуін.
-Антропогенді фактор, оның түрлерін
-Еркінді және қауіпті факторлар түсінігін.
-Қоршаған ортадағы химиялық факторлар, олардың жіктелуін.
-Химиялық факторға экологиялық сипаттамасын.
-Адам ағзасына кешенді және қосарланған факторлардың әсерін.
-Қоршаған ортадағы физикалық факторлар, олардың жіктелуін.
-Физикалық факторлардың экологиялық сипаттамасын.
-Адам ағзасына біріккен факторлардың әсері.
-Біріккен, қосарланған және кешенді факторлардың әсері туралы түсінік.
-Қоршаған ортаның жағдайын зерттеу әдісін және талдауын.
-Халық денсаулық жағдайын зерттеу әдісін және талдауын.
б) Студент істей алуы қажет:
- Қоршаған ортаның табиғи және антропогендік факторларын жіктей алуы;
- Еркінді және қауіпті факторлардың жіктелуін және талдауын;
- Адам ағзасына қоршаған орта факторларының зияндылығын анықтауды;
- Қоршаған орта жағдайының сапасын бағалауды;
- Қоршаған орта факторларының, зертхананың зерттеу көрсеткіштерін талдауды;
- Халық денсаулық жағдайын зерттеу көрсеткіштерін талдауды;
-Адам ауруына қоршаған орта факторларының әсерін бағалау;
- Қоршаған орта және халық денсаулығы пәнінен алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуі тиіс.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Адам ағзасына әсер ететін қоршаған орта факторлары және олардың жіктелуі.
2. Адам ағзасына әсер етуші антропогендік факторлар, оның жіктелуі.
3. Еркінді және қауіпті факторлар туралы түсінік.
4. Қоршаған ортаның химиялық факторлары, оның жіктелуі.
5. Біріккен, қосарланған және кешенді факторлардың әсері туралы түсінік.
6. Адам ағзасына химиялық факторлардың әсері.
7. Қоршаған ортаның физикалық факторлары, оның жіктелуі.
8. Физикалық факторға экологиялық сипаттама.
9. Адам ағзасына кешенді физикалық факторлардың әсері.
10. Адам ағзасына биологиялық факторлардың әсері.
11. Адам ағзасына біріккен, қосарланған және кешенді физикалық факторлар әсері.
12. Адам ағзасында ауруды тудыруы мүмкін себептері мен дамуының басқа да факторлары.
13. Қоршаған орта және халық денсаулық жағдайын зерттеу әдістері және талдау жасау.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: Мәселелік семинар - пікірталас.


Қарастырылатын мәселелер
1. Химиялық заттардың (көміртек оксиді, фреон, ауыр металдар т.б ) қоршаған ортаға түсу жолдры және оның зардаптары.
2. Физикалық заттардың (радиация, жылу, шу, діріл т.б.) адам ағзасына әсері.
3. Биологиялық заттардың (вирустар мен бактериялардың т.б.) адам денсаулығына әсері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет