Жұмыс бағдарламасы пән, пән коды Қоршаған орта және халық денсаулығы Мамандық 5В110400 «Медициналық- профилактикалық іс»



бет64/72
Дата16.02.2023
өлшемі1,33 Mb.
#68417
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   72
1.Тақырыбы: Халықтың денсаулық жағдайын эпидемиологиялық бақылау.


2. Мақсаты: Студенттерге эпидемиология түсінігін, тұрғындардың эпидемиологиялық жағдайының бағасын, оның факторлық қалыптасу деңгейін, қоғамдық денсаулықтың көрсеткішін, бағалау критерийін, қоғамдық денсаулықтың түрлі әдістерімен анықтауын таныстыру.
3. Оқыту мақсаты:
а) Студент білуі керек:
- эпидемиология түсінігін;
- тұрғындардың эпидемиологиялық денсаулық жағдайынын білу;
- ОҚО тұрғындарының денсаулық көрсеткішін;
- адам генефондының қазіргі мәселелерін;
- қоғамдық денсаулықтың қазіргі әдістерін анықтау және бағалау
критерийін;
- қоғамдық денсаулығын жақсартудағы профилактикалық іс- шараларды;
б) Студент істей алуы қажет:
- қоғамдық денсаулықты эпидемиологиялық тұрғыдан қоршаған орта факторларының әсерін бағалауын;
- қоғамдық денсаулықтың басты мәселелерін талдауды ;
- қоғамдық денсаулық жағдайын анықтау әдістерін;
- қоғамдық денсаулықтың бағалау критерийін анықтауды;
- қоғамдық денсаулығын жақсартудағы алдын алу іс- шараларын ұйымдастыруды;
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Эпидемиологияны ғылым деп (анықтау) тану.
2. Эпидемиологиялық аурулардың себебі мен шығу ошағы.
3. Қоршаған орта факторларының адам денсаулығына әсері, оның эпидемиологиялық сипаттамасы.
4. Қоғамдық денсаулықтың негізгі мәселелері .
5. Тұрғындар денсаулығының жағдайына эпидемиологиялықбаға беру.
6. Медицинада эпидемиологиялық әдістерін зерттеу.
7. Қазақстан халқының экологиялық генофонды мен фонды.
8. Антиэпидемиологиялық іс шаралардың жүйесі және құрамы.
9. Халықты антиэпидемиологиялық қорғаудың ұйымдастырылған құрылымдық жүйесі.
5.Білім берудің және оқытудың әдістері: Іскерлік ойын «Дөңгелек үстел» «Дөңгелек үстел» әдісінің өткізілуі
Жұмысқа қажетті заттар.

  1. Терілген сұрақтар және жағдайлық тапсырмалар (жеке - жеке қағазда).

  2. Жеребе сандар (студенттердің санына байланысты).

  3. Таза қағаз, қалам.

Жұмыс барысы:

  1. Жеребе арқылы студенттер 3 топқа бөлінеді, әр топшада 4 студенттен болу керек.

  2. Әр топ таза қағаз, қалам алып жеке-жеке отырады.

  3. Қағазда күнді, топтың саны, факультетін топтау құрамындағы студенттер аты, жөні жазылады. Топқа ат қояды.

  4. Әр студент конверттен сұрақ және жағдайлық тапсырманы алады, тапсырма деңгейі бірдей болу керек.

  5. Студент өзінің тапсырмасын жазады.

  6. Айнала қағазды жібереді.

  7. Әр студент өзінің жауабын жазып келесіге жіберееді.

  8. Әр студент жауабына 3 минут кетеді.

  9. Уақыт біткенде оқытушыға береді.

  10. Барлық қатысушы дұрыс келетін талқылау барысына береді.

  11. Талқылауға 15 минут кетеді.

  12. Студент дұрыс жауапқа балл алады, ол рейтинг балына қойылады.

  13. Студент алған балл есептеп сабаққа қойылатын балды шығарады.

  14. Журналдың төмен жағына ойынды белгілейді топ басшы қол қояды.

  15. Студент жұмыстары оқытушыда сақталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет