Рейтинг есебі
№ Жұмыс түрлері
Балдардың саны
1
2
3
Аралық бақылау
ОЖСӨЖ және СӨЖ
Рубеждік бақылау жұмысы
60
%
(пәннің
көлемі
мен
ерекшеліктеріне
байланысты
бөлінеді)
1 аралық бақылау
Семинар 7*4=28
ОСӨЖ 5*4=20
СӨЖ 5*4=20
1 аралық аралық бақылау жұмысы 4
балл
Барлығы: 72 балл
2 аралық бақылау
Семинар 8*4=32
ОСӨЖ 4*4=16
СӨЖ 4*4=16
2 аралық аралық бақылау жұмысы 4
балл
Барлығы: 68 балл
Қорытынды
рубеждік
бақылау
жұмысы 4 балл
41
Барлығы: 144 балл
Емтихан
40 %
Қорытынды
100 %
Пән бойынша қорытынды бағалаудың есебі
Пән бойынша қорытынды баға төмендегі формула негізінде есептелінеді:
ИО = Ри . 0,6 + Э. 0,4
Р 1 -бірінші рейтингтің сандық эквиваленті-100 балл-4,0
Р 2 - екінші рейтингтің сандық эквиваленті-108 балл-4,0
Э - емтихандағы сандық эквивалент-4,0
10.Курстың саясаты мен процедурасын оқытушының талаптары анықтайды
- студенттердің сабаққа қатысуы (кешігіп келу, сабақ босату);
- оқу сабақтарында студенттердің өзін-өзі ұстау ережелері;
- 1,2 және қорытынды рубеждік бақылауды өткізуде студенттің оқу
үлгерімін балл бойынша есептеу қорытындысының ережесі;
- 1,2 және қорытынды аралық бақылауды шығарғанда оқу үлгерімін балл
бойынша есептеудің ережелері;
42
Ежелгі дүние тарихы пәніне әдістемелік нұсқау.
Ежелгі дүние тарихыкурсының басты мақсаты: тарихшы студенттерге
Ежелгі Шығыс, Греция және Рим қоғамының алғашқы қарапайым қауымдық
қоғамнан алғашқы мемлекеттік қоғамға өту тарихының басты белгілерін
және мемлекеттік институттарының пайда болу тарихын, адамзат
дамуындағы жаңа қоғам- өркениеттік қоғамның даму тарихын жан-жақты
талдап оқыту, үйрету және игерту болып табылады. Сонымен қатар, Ежелгі
дәуір өркениеттерінің адамзат қоғамының дамуының барлық өрістеріне, яғни
қоғамдық- саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өрістерінің
өркениеттердің бастауына, қалыптасуына және дамуына қосқан үлесі мен
орасан зор ықпалын студенттерге жете түсіндіру болып табылады.
-
ЕДТ қатысты экономикалық, саяси, географиялық және генеологиялық
ұғымдарды;
-
Аталған курста қаралатын елдердің даму ерекшеліктерін: табиғи
ортаның ролі, тарихи даму қарқындылығы, өзіне дейіңгі қоғамның
ықпалы мен әсерін және олардыажырата білуі туралы;
-
Мемлекеттік ұйымдасудың, идеологиялық және діни өмірдің жаңа
қалыптарының пайда болуы мен дамуы туралы;
-
Құл иеленушіліктің пайда болуы мен дамуы және күйреуіне, оның
дүниежүзілік экономикалық үрдістегі өзіндік мән-мағынасы бар
қоғамдық құбылыс сипаты туралы;
-
Адамзат қоғамының одан әрі дамуына бастапқы негіз болған мәдени
жетістіктер туралы;
-
Аталған курстың деректанулық және тарихнамалық жүйесіндегі
концепциялар туралы;
-
Курстың басқа да курстармен тығыз байланыста екендігін, әсіресе
алғашқы
қоғам
тарихымен,
географиямен,
философиямен,
саясаттанумен, экономикамен және т.б.
Ежелгі дүние тарихы курсы екі бөлімнен тұрады: Ежелгі Шығыс және Ежелгі
Греция мен Рим тарихынан. Бұл курс институттың тарих факультетіндегі
«тарих» мамандығы студенттеріне екінші семестрде оқытылады. ЕДТ курсы
арнасында Ежелгі Шығыс және Ежелгі Греция мен Римнің ортақ белгілері,
әлеуметтік-экономикалық құрылысындағы, саяси институттарындағы, діни-
мәдени өрістеріндегі жалпы негіздері және әрқайсысының өзіне ғана тән
қоғамдық-саяси әлеуметтік-экономикалық және мәдени салаларындағы
ерекшеліктері де қарастырылады.
43
Глоссарий
1.
Адамзат - жерді мекендейтін адамдар жиынтығы.
2.
Авеста – ежелгі парсылардың діни кітабы.
3.
Атропология – ежелгі адамды зерттейтін ғылым саласы.
4.
Алфавит-қандай да бір тілдің жазбаша түрде көрсетілген әріптернің
жиынтығы.
5.
Аристократия- шоңжарлардың басқаруын атаған.
6.
Акрополь- грекше «жоғарғы қала» деген мағынаны білдіреді.
7.
Александрия маягы- әлемнің жеті кереметінің бірі. Ол кемелерге жол
көрсететіп тұруға араналған.
8.
Амфора – қыш ыдыстан жасалатын шар тәрізді, екі тұтқасы бар ыдыс.
9.
Арыстандар қақпасы- Микены каласындағы «П» әрпі тәрізді естіп
салынған. Қақпада арыстандар бейнеленген.
10.
Аристотель- Философия ғылымының негізін салушы.
11.
Аспалы бақ- Әлемнің жеті кереметінің бірі.
12.
Амон-Ра- ең құдыретті, көркем құдай.
13.
Аид-өлілер патшасы.
14.
Будда діні- «жарық сәулелі» деген мағынаны білдіреді.Будда діні
ежелгі үнділерде кең тараған. Кейінен оны буддизм деп аталған.
15.
Брахмандар – дін уағызаушылар.
16.
Вавилон мұнарасы –ежелгі тамаша сәулет өнері.
17.
Государство (мемлекет) тұрақты халқы бар, жері, әскері әскери
қоғамдық тәрбиесі бар саяси институт.
18.
Геноцид - қандай да болмасын ұлттық этникалық немесе діні топтарды
толық немесе жартылай жойып жіберу.
19.
Гетто –белгілі бір ұлттық, нәсілдің өкілдерін еркін түрде орналасқан
аймағы.
20.
Генесиз – адамның шығу тегі.
21.
Гладиатор- (латын сөзі, семсер) ежелгі Римдегі өзара сайысу үшін
арнайы үйретілген құлдар.
22.
Дәуір - уақыт өлшемі , кезең.
23.
Демос- Таптық қоғамдағы қарапайым адамдар.
24.
Дипломатия-Грециядағы алғашқы елдер арасындағы қарым-
қатнастары.
25.
Держава - үлкен және қуаты мемлекет.
26.
Заратуштра-дүниетанымдық діни ілім.
27.
Зевс-көк патшасы.
44
28.
Идеология - таптар мен әлеуметтік топтардың мүддесін білдіретін
философиялық, моральды, эстетикалық діни көз қарас түрі.
29.
Иероглифтер - таңба суреттер.
30.
Илоттар -спарталықтар бағындырған халықтарын құлдарға
айналдырды, құлдарды илоттар деп атаған.
31.
Император-елді дара басқарушы.
32.
Колондар - Римдегі жердің ұсақ арендаторларын атаған.
33.
Капитолий жотасы-Рим қаласы б.з.б. 753 жылы жеті жотаның үстінде
орналасқан. Капитолий жотасы қаланың орталық бөлігі.
34.
Каста – Ежелгі Үндістанда адамдардың шығу тегі мен құқықтары
бойынша белгіленіп ерекшелінген және таптық артықшылығын
қорғайтын қоғамдық тап.
35.
Колизей-Ежелгі Римдегі ең улкен амфитеатр. Ол ежелгі Римде І
ғасырда салынған.
36.
Колондар- ежелгі Римде жерсіз,күйсіз, тақыр кедей, жерді ұсақ жалға
алушылар осылай аталған.
37.
Консулдар-ежелгі Римдегі жоғарғы лауазымды адамдар. Патшаның
билігімен тең болған.
38.
Корифей- Ежелгі Грек трагедиясындағы хор жетекшісі.
39.
Мәдениет - халықтың материалдық және рухани жағынан дамығанын
көрсететін тарихи сана.
40.
Музалар- грек мифіндегі әйел құдайлар, өнер мен ғылымның
қомқоршылары.
41.
Мифтер -Табиғаттан тыс тіршілік иелерімен таңғажайып құбылыстар,
оқиғалар туралы аңыз –әңгімелер.
42.
Манихей- кушан дәуірінде дүниеге келген дін.
43.
Реформа - өзгерту, жаңарту, қайта құру қоғамның өмір сүру негіздерін
сақтай отырып ережелерді сақтау.
44.
Республика - белгілі бір мерзімге сайланған адамдар басқаратын
мемлекет.
45.
Олимпия-гректер үшін Олимпия қасиетті қала. Б.з.б. 776 жылы
Олимпия жерінде тұңғыш олимпияда ойындар өткізілген.
46.
Олигархия-азғана адамды билеуші.
47.
Өркениет-Ежелгі дәуірдегі адамзат қоғамының дамуының барлық
өрістеріне, яғни қоғамдық- саяси, әлеуметтік-экономикалық және
мәдени өрістерінің өркениеттердің бастауына, қалыптасуына және
дамуы
48.
Плезиантроп –грек тілінен аударғанда «жақын», «көршілес», «адам»
яғни адамға жақын деген мағынада.
45
49.
Палатин жотасы-Ежелгі римдегі 7 жотаның бірі.Қаланың орталық
бөлігінде орналасқан.
50.
Папирология- папирустағы жазу және сызуды оқытатын ғылым.
51.
Пантеон-Ежелгі Римдегі «Бүкіл құдайлар ғибадатқанасы».
52.
Парфенон храмы-Грекиядағы ең үлкен храм.
53.
Патрицилер- Ежелгі Римдегі тұрғындардың ұрпағы.
54.
Паргамент -жарғақ, ертеде қағаз орнына жақсы өңделіп,
пайдаланылған бұзау терісі.
55.
Перғауын- өте ертедегі Мысыр патшаларының лауазымы, олардың
билігі шексіз.
56.
Пирамидалар-Ежелгі египет патшаларының жерленген жерлеріне
салынған ескерткіштер.
57.
Пифагор- математика іліміне өз үлесін қосқан.
58.
Плебейлер- Римге басқа жақтан келіп қоныстанған адамдар мен
олардың ұрпақтары.
59.
Полис-Ежелгі Грекиядағы қала мемлекеттерді осылай атаған.
60.
Провинциялар-Жаулаушылық соғыс нәтижесінде Рим бүкіл Жерорта
теңізіне үстемдік етті. Жаулап алынған жерлер осылай атаған.
61.
Псейдон-теңіз құдайы.
62.
Сенат- Ежелгі Римде құлиеленушілер республикасындағы ақсүйектер
кеңесі, жоғарғы мемлекеттік орган.
63.
Стигма - Ертедегі Грецияда құлдардың денесіне салынатын таңба.
64.
Сфинкс - Ежелгі Египеттегі басшы адам денесі арыстан бейнесіндегі
алыптас мүсін.
65.
Тирания- Ежелгі Греция Римде өкіметті күштеп басып алушы.
66.
Театр- Грекияда б.з.б. Ү-ІҮ ғасырларда салына бастаған.
67.
Термдер- Императорлардың бұйрығы бойынша барлық ерікті адамдар
үшін термдер-мойыншалар салынды.
68.
Триба-тайпа одақтары.
69.
Триумвират – ежелгі Римде сайланған немесе тағайындалған үш саяси
қайраткердің бірлесіп жоғары өкіметті басқару.
70.
Троян аты- ағаштан жасалған ат бейнесі. Троя қаласын басып алу үшін
әдейі қулықпен жасалған.
71.
Фланга - спартада найзаларын алға ұстап сап түзеу, осы сап құруды
атаған.
72.
Фараон - Ежелгі Египет патшаларын атаған.
73.
Форум-Ежелгі Римдегі алаң,базар.
74.
Фенеху- кеме жасаушы.
75.
Хамураппи- б.з.б.1792-1750 жылдары аралығындағы патша.
46
76.
Христиан діні- Әлемге кең тараған діңдердің бірі.
77.
Хапи-Ніл құдайы.
78.
Хетт- қазіргі туркия жерінде ерте заманда өмір сүрген мемлекет.
79.
Центруиарт – патрицейлер мен плейбейлердің жиналысы. Онда
жоғары лауазымды қызмет адамдарын сайлады,соғыс пен бітім жасау
мәселелерін шешті.
80.
Юпитер- ежелгі Римнің бас құдайы, аспан құдайы.
47
№ 1. Дәріс
Ежелгі дүние тарихы және оның дүниежүзілік тарихтағы орны.
Ежелгі дүние тарихы курсы екі бөлімнен тұрады: Ежелгі Шығыс және
Ежелгі Греция мен Рим тархы. Ежелгі Шығыс және Ежелгі Греция мен
Римнің ортақ белгілері, әлеуметтік –экономикалық құрылысындағы, саяси
діни –мәдени өрістеріндегі жалпы негіздер және әр қайсының өзіне тән
қоғамдық-cаяси әлеуметтік экономикалық және мәдени салаларындағы
ерекшеліктері де қарастырылады. Ежелгі дүние тарихы курсының басты
мақсаты: тарихшы студенттерге Ежелгі Шығыс, Греция және Рим қоғамның
алғашқы қарапайым қауымдық қоғамнан алғашқы мемлекеттік қоғамға өту
тарихының басты белгілерін және мемлекеттік институттарының пайда болу
тарихын, адамзат дамуындағы жаңа қоғам-өркениеттік қоғамның даму
тарихын жан- жақты талдау оқыту, үйрету және игерту болып табылады.
Cонымен қатар, Ежелгі дәуір өркениеттерінің адамзат қоғамның дамуның
барлық өрістеріне, яғни қоғамдық- саяси, әлеуметтік-экономикалық және
мәдени өрістерінің өркениеттердің бастауына, қалыптасуына және дамуына
қосқан үлесі мен орасан зор ықпалын студенттерге жете түсіндіру болып
табылады. Египеттік деректер сол жерде ең алғашқы адамдар пайда болған
кезден бастап жинақталды. Ежелгі дәуірдің өзі сан мыңдаған деректер
қалдырды. Сондықтан оны патшалық дәуірге дейінгі деректер, ежелгі
патшалық орта патшалық, жаңа патшалық дәуіріндегі деректер деп
қарастырған өте тиімді. Ежелгі Египеттің мәдениетінің тарихы көптеген және
әртүрлі деректердің негізінде көптеген жылдар бойы зерттеліп келе жатыр.
Қазіргі кезге дейін көптеген жазба ескерткіштердің түрлері, әдет-ғұрыптары,
рухани өмірлері, тілі, материалдық мәдениеті дерек көздері арқылы құнды
мәліметтер береді. Деректерді үлкен жеті топқа бөлуге болады: Жазбаша түп-
деректер: тарихи еңбектер, көркем әдебиеттер, ғылыми және діни мәтіндер
құжаттар. Материалдық мәдениеттің ескерткіштері: қалалардың,храмдың,
мазарлардың, мазарлардың, тұрғын үйлердің қалдықтары, керамика, статуя,
табынушылықтың әртүрлері және заттар т.б.Халықтың ауыз әдеби
шығармалары бойынша ескерткіштері, тілдік мәліметтерге, этнографиялық
Ежелгі дүние тарихы- тарих ғылымында адамзат қоғамы дамуының Рим
империясы құлағанға дейінгі (біздің заманымыздың 5 ғасыры) кезеңін
сипаттау үшін қолданылатын термин. Алғашқы адамдар туыстық
байланыстар бойынша (ру мен тайпа) бірлесіп өмір сүрген. Бірте-бірте рулар
мен тайпалар арасындағы өзара соғыстар нәтижесінде қоғам мүшелері
48
арасынан ақсүйектер мен құлдар келіп шықты.Біздің заманымыздан бұрынғы
4 – 3-мыңжылдықта Тигр мен Евфрат өзендері аралығында шумер мәдениеті
пайда болды. Шумерлердің Орталық Азиядан бұл өлкеге қалай, қашан көшіп
келгені ғылымда әлі анықталған жоқ. Кейіннен Месопотамияда шумерлердің
орнына Вавилон мемлекеті (оңтүстікте) мен Ассирия мемлекеті (солтүстікте)
құрылды. Шумерлермен қатар Ніл өзені жағалауында ежелгі Мысыр
мемлекеті (шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 3000 жыл) дүниеге келді.
Б.з.б. 2000 ж. Қытайда да алғашқы мемлекет құрылып, Ся әулеті билік құрды.
Шамамен осы мезгілде Крит мәдениеті мен Хетт патшалығы өмір сүрді.
Тайпалардың шығыстан батыс пен оңтүстікке жаппай қоныс аударуы
нәтижесінде Кіші Азия, Сирия, Палестина, Мысыр халықтары толығымен
жаңарып, адамзат тарихында темір дәуірі басталды. Таяу Шығыста шығу тегі
белгісіз «теңіз халықтары» пайда болып, Жерорта теңізі жағалауларына өз
бақылауын орнатты. Біздің заманымыздан бұрынғы 2500 ж. шамасында Инд
өзені бойында үнді мәдениетінің негізі қаланды. Көп ұзамай Үндістанға
Орталық Азиядан арий тайпалары басып кіріп, шамамен біздің
заманымыздан бұрынғы 1500 ж. бүкіл Солтүстік Үндістанды басып алды.
Біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырда Инд өзенінен Қара және Каспий
теңіздеріне, сондай-ақ, Мысыр мен Грекияға дейін созылып жатқан парсы
патшалығы (Ахемен әулеті мемлекеті) құрылды. Біздің заманымыздан
бұрынғы 336 – 321 ж. онан да алып Александр Македонский империясы
құрылып, грек-македон және шығыс мәдениеттері араласа бастады. Шамамен
осы кезеңде Орталық Азияны мекендеген ғұн тайпалары бірлесіп алып
мемлекет құрды. Олар шығыста Қытайды Ұлы қытай қорғанын тұрғызуға
мәжбүр етті. Біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырда Рим күшейіп,
Италиядағы латын мемлекеттерін өзіне бағындыра бастады. Императорлар
Цезарь мен Августин тұсында Рим Жерорта теңізі жағалауларына толық өз
үстемдігін орнатқан әлемдік державаға айналды. Біздің заманымыздың 3
ғасырынан бастап империя әлсіреп, 395 ж. Батыс және Шығыс Рим
империяларына бөлінді. 3 ғасырдан бастап Орталық Азияны мекендеген
көшпелі ғұн тайпалары жаппай батысқа жылжып, Балтық және Қара
теңіздердің аралығын мекендеген герман тайпаларын әрі қарай ығыстырды.
Ғұндардан ығысқан германдықтар Батыс және Шығыс Рим империяларына
басып кірді. Кейбір герман тайпаларымен одақтасқан ғұн тайпалары да
Аттиланың (Еділдің) басшылығымен Батыс Рим империясына басып кіріп,
452 ж. Рим қаласын қоршауға алды, бірақ төлем алғаннан кейін қаланы
қиратпай, кері шегініп кетті. Көп ұзамай Батыс Рим империясы біржолата
жойылды. Осы империяның жойылуымен ежелгі дәуір тарихы да аяқталды.
Өзін өзі бақылау сұрақтары
1.
Ежелгі дүние тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына сипаттама?
2.
Ежелгі дүние тарихының хронологиясы?
49
№ 2тақырып: ЕЖЕЛГІ ЕГИПЕТ ТАРИХЫ
1.
ЕЖЕЛГІ ЕГИПЕТ ТАРИХЫНЫҢ ХРОНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ КЕЗЕҢДЕРГЕ БӨЛУ
АРҚЫЛЫ СИПАТТАМА БЕРУ.
2.
ЕЖЕЛГІ ПАТШАЛЫҚ КЕЗІНДЕГІ ЕГИПЕТ
.
3.
ОРТА ПАТШАЛЫҚ КЕЗІНДЕГІ ЕГИПЕТ.
4.
ЖАҢА ПАТШАЛЫҚ КЕЗІНДЕГІ ЕГИПЕТ
.
5.
СОҢҒЫ ПАТШАЛЫҚ КЕЗІНДЕГІ ЕГИПЕТ.
Ежелгі Египет тарихының хронологиясын нақты және дәл айту өте қиын себебі
ежелгі Египетте жыл санау әр жаңа перғауын келген сайын жаңарып отырған.
Манефонның жазба деректерінде әрбір перғауынның билік жүргізген кезі
сақталған . Кейін Египет күнтізбесінің пайда болуы нақты хронология құруға негіз
болды. Египет күнтізбесі 365 күнді құрады. Сол себепті бұл мемлекет негізгі
тропикалық жылдан әр төрт жыл сайын бір күнге қалып отырды. Бұл қателік 1460
жылдан кейін тура бір жылға тең болды. Кейін хронологиялық зерттеу жүргізген
кезде осы айырмашылық ескеріліп түзетулер енгізілді. Амарн архивтерінде жаңа
және орта патшалық дәуіріндегі Египет хронологиясы анықталды. Манефон Египет
тарихындағы перғауындар династиясын 31 бөлікке бөлді . Жоғарғы және төменгі
Египет қосылған соң Ертеректегі патшалық атауына ие болады (шамамен б.э.д.3100-
2800жж).Бұл кезеңде біртұтас мемлекетке бірікті. Екінші кезең-Ерте немесе Ескі
патшалық (шамамен б.э.д.2800-2250жж)-Египетте өркениеттің (пирамидалардың
салынуы) айқын көрініс тапқан уақыты. Ескі патшалықтан кейін бірінші өтпелі
кезең (шамамен б.э.д.2160-2134жж) келеді. Осы уақытта Египет өзара
жанжалдасушы бірқатар номдар және уақ мемлекеттер болып ыдырайды. Фараон
билігі әлсіреп, елде тұрақсыздық және соғыстық күй қалыптасты, ном билеушілері
өздерін патшадай сезініп және Египеттегі ірі билікке таласады.
Осы кезеңнің соңында Фив қаласының билеушілері жеңіп, Египет қаласы
бірігеді.Үшінші кезең келеді-Орта патшалық уақыты (шамамен б.э.д.2050-1700жж).
Содан кейін Египет екінші өтпелі кезеңді (шамамен б.э.д.1700-1580жж), бұл кезең
елдің қайта тарауымен және Египет бөлігін гикостардың басып алуымен
сипатталады.
Төртінші кезең-Жаңа патшалық (шамамен б.э.д.1575-1087жж). Осы кезеңде
ХҮII династия фараондарының билігінде Египет бірігеді. Египет ірі империяға
50
айналады және олардың билушілері Ерте Шығыстағы саяси және әскери
гегемонияға ұмтылады.
Осы кезеңнің соңында Египет мемлекеті құлдырауға келеді.Оны парсылар,кейін
Александр Македонскидің әскері жаулап алады, ал б.э.д.30 жылы Египет Рим
империясының провинциясына айналады.
2. 3-6 династия фарондарының патшалық құрған замандарын қамтитын дәуір
бірінші рет орталыққа ұйымдасқан және күшті құл иеленушілік мемлекеттің
құрылған уақыты болды. Материалдық мәдениет дамып гүлдену сатысына жетті.
Египет патшалары Синай түбегі мен Нубияны жаулап алу күрестерін жүргізді.
Егіншілік дамып ,жаңа каналдар қазылды .Осыған сәйкес балық шаруашылығы
,жүзім және зығыр егу шаруашылығы дамыды. Тас құралдарының орнын металл
құралдары алмастырды. Металлургия дамыды. Құлдар мен кедейлердің ауыр
еңбегінің нәтижесінде жалпы мемлекеттік маңызы зор құрылыстар ,су
қоймалары,каналдар,храмдар салынды. Патшаның шексіз билігіне негізделген
ертедегі Египет деспотиясы нақ осы кезеңде қалыптасады. Мысырда біріккен
орталық мемлекет б.з.д. IV—II мыңжылдықтарда қалыптаса бастады. Сол кезден
бастап Мысыр өнері дамып, сатылы пирамидалар пайда болды. Ең
алғашқы пирамида Жосер перғауынның құрметіне орнатылды. Хеопс салғызған ең
мың блок кірігіштен тұрады.Пирамиданың ең төменгі жағы төртбұрыш, жоғары
жағы үшбұрыш тәрізді үшкірленіп отырады.
3.Орта патшалық кезіндегі Египет жеке-жеке иеліктерге бөлініп ыдырауы ,құрып
кету қаупі туындады .Ніл тасқынын реттегі басқарудың және ирригация торын
көбейтудің қажеттігі елді саяси жөнінен біріктіруді бас себебі болды . Мұны
сыртқы саудада талап етті.Біріктіруші ірі 2 орталық ретінде солтүстікте –
Гераклеополь,ал оңтүстікте Фивы шығады.Екі мемекет арасында соғыс болады
ақырында Фивы жеңіп шығады.Фивының патшасы Ментухотеп болады ,ол біртұтас
Египет мемлекетін қайта құрады.Ауыл шаруашылығы бүкіл елде өсіп өркендеді .
Египет гүлденген жасыл бау-бақшаларға айналды .Тоқыма өндірісі өркендеді
,тоқыма станогі пайда болды.Египет экономикасына маңызы зор сауда жолдары
пайда болды.Египеттің көрші аймақтармен сауда байланысы күшейді ,олардан
51
Египетке
минерал
,тұз,
өсімдіктер,құстар
әкелінді.Белгілі
"Синухет
әңгімесінде"»Египет пен Сирия арасындағы сауда байланыстарының күшейгендігін
жақсы
сипаттайды.Нубияны,алтынға
бай
өлкені,
жаулап
алуға
тырысқан.Қалалардың салынуы қатты өріс алған.Қалаар өте бір дәлдікпен
салынған,қай жерінде болмасын түп-түзу көшелер бір-бірімен тік бұрыш жасап
кесіп өтеді,бүкіл қала дуалмен қоршалған.
Орта патшалықтың соңғы кезеңін есте қалдырған үлкен әлеуметтік төңкеріс б.ж.д
18 ғасырда "гиксостар"деп аталатын шетжерлік азиялық тайпалардың Египетке
басып кіруімен аяқталады.
4.Жаңа патшалық дәуіріндегі елдің өндіргіш күштері өркендеп ішкі және сыртқы
сауда кеңейе түсті.Египет саудасы үшін Библдің маңызы зор болған .Жаңа
патшалық дәуірінде египеттіктер кенді Кипр аралынан аса көп алды. Египеттік 18
династия фарондары бірсыпыра жаулап алушылық саясатын жүргізді.Ал жаулап
алу саясатын ІІІ Тутмос кең түрде жүргізді.Ол өзінің билік еткен кезінде Сирияға
17 рет жорық жасаған.Сирияны жаулап алып оның халқын ,жерін өзіне қаратты.
ІІІ Тутмостың бұл жорықтары Азияда Египет ықпалын күшейтті,соның
нәтижесінде Азияның Ассирия,Хетт,Вавилон патшалары Египетке алым-салық
төлеп отырды.
Египет перғауыны ІV Аменхотеп жаңа дін жораларын ұсынды ,мұның сырт
көрінісін патшаның өз атынын өзгеруінен көруге болады.Перғауын
"Эхнатон" деген жаңа ат алды,бұл Атонның көркі деген сөз.
Эхнатонның Египетте жүргізген діни реформалары Атонға арналған гимннің
сөйлемдерінде кездеседі.Эхнатон діни реформалары арқылы Фивыға жорықтар
жасаған ,бірақ олар сәтсіз аяқталған.
19 династияның негізін қалаушы болып Хоремхеб болып саналады.Ол кезінде
Сирия,Финикия,Тир,Ливан порттарын жаулап алған.Египет әскерлері Сирияға
орнығып алдыда Азияда өз үстемдігін орнатты.
20 династия кезінде ІІ Рамзес билік етті.Осы кезде ол Хеттерден жеңіле жаздады
уақытында әскер көмекке келіп масқара жеңілістен аман қалды.
52
5.Соңғы патшалық дәуіріндегі египет династиясында осы мемлекетті жаулап алушы
елдер көп болды,яғни бұл мемлекет өзге мемлекеттің құрсауында қалды.
Б. з. б. 332 жыл Египетке жорық Александр Македонский Египетті соғыссыз
бағындырды. Ніл өзенінің атырауында жаңа қала - Александрия қаласының негізін
қалады. Ежелгі парсы патшасы Кирдің баласы Камбиз Египет мемлекетін жаулап
алып біраз уақыт осында өз билігін жүргізді.
Өзін өзі бақылау сұрақтары.
1.Ежелгі египет патшалығы неше кезеңге бөлінеді
2. Әр династия неше бөлікке бөлінді.
3.Ерте патшалық дәуірінде жақсы дамыған шаруашылық.
4.Орта патшалық кезінде өзара жауласқан мемлекет.
5.Жаңа патшалықта Египетті қай мемлекеттін ұрпағы және кім басып алды.
|