Жұмыс бағдарламасы Пәнді оқытудың мақсаты Ежелгі дүние тарихыкурсының басты мақсаты: тарихшы студенттерге Ежелгі



Pdf көрінісі
бет7/13
Дата22.01.2017
өлшемі1,3 Mb.
#2440
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

3)Арабия түбегінің жер көлемі - 3 млн шаршы шақырым. Жерінің көбін 
құм  басып  жатыр.  Тек  орталық  бөлігі  мен  Йемен  жері  шаруашылыққа 
колайлы.  Ежелден  Арабия  түбегін  арабтар  қоныстанып  келді.  Халқы 
егіншілікпен  және  мал  бағумен  айналысады.  Суармалы  егін  шаруашылығы 
басым. 
Құнарлы 
көкорай 
жерде 
бау-бақша-, 
жеміс-жидек 
өсіріледі.Отырықшылықпен  қатар,  арабтар  көшпелі  мал  шаруашылығымен 
шұғылданды.  Қалаларда  колөнер  мен  сауда  дамыды.  Ең  ірі  калалары  - 
Неджран, Мекке, Таиф т.б. сауда орталықтарына айналды. 
Біздің  заманымыздың  І
V
ғасырында  Арабия  түбегінде  Лахмид 
патшалығы  өмір  сүрді.    Лахмид  династиясы  380-602жж  Хиртада(Шығыс 
Аравия)  билік  етті.  Оның  негізін    Лахм  тайпасының  көсемі  Амраның  ұлы 
Ампулькайс  қалады.  Ампулькайс  патша  Асад,  Маад,  Низар  тайпаларын 
бағындырып,  алғашқы  болып  «барлық  арабтар  патшасы»  атанды.  Оның 
мұрагері ұлы Нуман І болды.  Тәуелсіз саясатты жүргізген әкесіне қарағанда, 
ол парсы шахының билігін мойындап,  парсылармен бірге Византияға қарсы 
соғысты.  Нуманның ұлы Мунзир І  өз заманында жоғары беделге ие болған. 
420ж  ол    Иран  шахы  Варахран  V  қолдауымен  араб  әскеріне  қолбасшылық 
жасаған.  Мунзирдің  ұлдары  Асвад  мен  Мунзир  ІІ  туралы  мәліметтер  аз 
сақталған.    Асвдтың  ұлы  Нуман  ІІ  502  ж  қыркүйекте  византиялық  Сирияға 
жасаған сәтті жорығымен танымал. Сол кезде арабтар Эдессаға дейін жетіп, 
18500  адамды  құлдыққа  алып  кетті.  503  ж  Византия  жақтастары  –  Талаба 
тайпасы Хиртаға шабуыл жасады.   Нуман шабуылға төтеп бере алды, бірақ  
Хабар  өзені  бойындағы  Киркесиум  түбіндегі  шайқаста  жараланып  қаза 
табады.    Шах  Кавад  І  оның  орнына  Хиртада  Абу-Яфурды  патша  етіп 
тағайындады.  505ж  оны  ІІ  Нуманның  ұлы    ІІІ  Мунзир  алмастырды.  Ол  50 
жылдық  билігі  кезінде  Визинтияны  өзінің  қас  жауы  деп  санаған,  керемет 
қолбасшы және тәжірибелі саясаткер болған.  
V ғасырдан бастап византиялықтар Сирия мен Аравия шекараларында  
буферлік  араб  патшалықтарын  құра  бастаған.    Бірнеше  ғасырлар  бойы  
Аравия  түбегі  «парсы»  және  «византиялық»  арабтар  арасындағы  қантөгісті 

 
78 
соғыстар  аренасы  болды.  528  ж  Мунзир  Орталық  Аравияда  билік  еткен 
провизантиялық  Киндидтерге  ауыр  соққы  берді,  шайқас  барысында 
Киндидтер  патшасы  қаза  тапты.    Соғыс  тек  VІ  ғасыр  ортасында  Киндид 
патшалығының  құлауымен  аяқталды.    Оның  көп  бөлігі  Лахмидтерге  өтті. 
Кейін  Мунзирдің  басты  қарсыласы  солтүстіктегі  Гасанидтердің  арабтар 
патшалығы  болды.  Гасанидтер  патшалығымен  соғысы    10  жылға  созылды. 
Бірнеше  жеңілістен  кейін    ІІІ  Мунзир    554  ж  маусымда  Киннешрин 
маңындағы  Удайе  түбіндегі  шайқаста  қаза  табады.  Әкесінің  кегін  қайтару 
мақсатымен  Әмір  патша  Гасанидтерге  жорық  жасап,  жеңіспен  оралады.  
Осыдан кейін Әмір 16 ж билік етеді де , 569 ж қаза табады. Әмірдің орнына 
таққа отырған бауыры Кабустың билігі кезінде патшалық әлсіреді. Кабустан 
кейін билік еткен IVМунзирді билік құмарлығы үшін қоластындағылары жек 
көретін.  IVМунзир583ж  Айн  Убаг  түбінде  Гасанидтермен  шайқаста  қаза 
табады. Оның орнына таққа ұлы ІІІ Нуман отырады. Ол туралы ақпараттар аз 
сақталға. ІІІ Нуман – Лахмидтердің соңғы патшасы болған.  
Лахмид  әулетінің  билеушілері  тұсында  бұл  патшалық  дамыған  ірі 
мемлекетке  айналды.  Лахмид  патшалығының  күшейген  кезі  -  IV  ғасырдың 
аяғы  мен  V  ғасырдың  басы.  Бұл  патшалық  VII  ғасырдың  басына  дейін 
Сасанилік Иранға тәуелді болды. 
Өзін- өзі бақылау сұрақтары: 
1.
 
Жерорта теңізінің шығыс жағалауындағы мемлекеттерді атаңыз 
2.
 
Карфаген қазір қай мемлекет орнында орналасқан? 
3.
 
Римдіктер неге карфагендіктерді пундар деп атаған? 
4.
 
Арабия түбегінде меккендеген елдер. 
 
 
№8 Дәріс  Ежелгі Қытай тарихы  
Жоспар: 
1.Ежелгі Қытай тарихындағы кезеңдер 
2.Қытай жерлерінің Цин әулетінің қол астына енуі 
3. Хань әулеті кезіндегі Қытай 
 
Б.з.б.  III  мыңжылдықтағы  Қытайдың  ежелгі  тұрғындары  Хуанхэ  өзенінің 
орта  және  төменгі  ағысында  тұстарын,  Бохай  шығанағының  жанындағы 
жазықтықты,  және  Қытайдың  басқа  аумақтарының  кең  жазықтарын 
мекендеген.  Бүл  аумақтарда  өмір  сүрген  тайпалар  түрліше  аталған: 

 
79 
солтүстікте  —  «ли»,  шығыста  —  «и»,  батыста  —  «цзян»  немесе  «жун», 
оңтүстікте  —  «мань».  Ежелгі  халықтар  тайпаларға  біріккен  рулық 
қауымдармен  өмір  сүрген  және  ортақ  шаруашылықты  жүргізген.Б.з.б.  III 
мыңжылдықтың  соңында  өндірістік  күштердің  одан  әрі  дамуы,  жеке 
меншіктің пайда болуы және қоғамның таптарға бөлінуі рулық құрылымның 
ыдырауына  және  оның  орнына  мемлекеттің  пайда  болуына  алып  келді. 
Шамамен  б.э.д.  1600  ж.  шығыс  «и»  тайпалары  Солтүстік  Қытайдың  үлкен 
аумағын  жаулап  алып,  өз  қарсыластарын  жеңді  де,  Шан  (инь)  мемлекетін 
кұрды.Қытай  тарихы  археологиялық  мәліметтермен  қатар,  ерте  заманнан 
бергі саяси өмір мен әлеуметтік қозғалыстарды зерттеуге мүмкіндік беретін, 
жазба  көздерінің  көпшілігі  және  түрлігімен  ерекшеленеді.  Діни-
философиялық  және  тарихи  мазмұны  бар  канондалған  ежелгі  қытай 
мәтіндері,  әсіресе  Конфуцийдің  оқуы  жазылғаны  —  өз  кезегінде,  қытай 
өркениетінің  дамуына,  қытай  халықтарының  көзқарасына  әсер  етті.Қытай 
өркениетіне  Конфуций  заманынан  бері  әрбір  адамның  жердегі  өміріндегі 
бақыт пен аман-саулығына бағытталған жоғары әлеуметтік-саяси белсенділік 
тән болды — адамның тағдыры құдайдың салғаны емес, өз еңбегінің арқасы. 
Қытай  тарихындағы  үлкен  халық  қозғалыстары  менен  Қытайға  тән  жоғары 
әлеуметтік  көшпенділіктің  мәнісі  осында  жатыр.  Қытай  өркениеті  — 
әлемдегі  ең  ежелгілердің  бірі.  Қытай  ғалымдарының  айтуы  бойынша,  оның 
жасы бес мың жылға жуық, оның үстіне жазба көздері 3500 жылғы мерзімді 
қамтиды. Династиялар ауысқан сайын түрлі даму кезеңдерінен өткен ежелгі 
әкімшілік  басқарудың  баршылығы,  өзге  өркениеттен  кейін  қалып  қойған 
көшпенді  көршілер  мен  тау  халықтарына  қарағанда,  жер  өңдеу  саласы 
дамыған  экономикасының  баршылығы  анық  артықшылық  болды.  Қытай 
өркениетін  одан  әрі  конфуцийлік  (б.з.д.  1  ғ.)  және  бірегей  жазу  жүйесінің 
енгізілуі  күшейтті.Саяси  көзқарас  бойынша,  Қытай  бірнеше  мыңдаған 
жылдар  бойы,  цикликалық  түрде  қайталанатын  саяси  бірлік  пен 
шашыраңқылық  мерзімдерінен  өткен.  Қытай  аумағы  басқыншылардың 
шабуылына  жиі  ұшырады,  бірақ  басқыншылардың  көбі  ертелі-кешті 
қытайланып,  қытай  этносымен  араласып  кетті.  Қазіргі  қытай  мемлекеті  мен 
қоғамы  көптеген  ғасыр  бойы  қоршаған  азия  халықтарымен  мәдени  және 
саяси  араласуы  менен  енгізілуінің  нәтижесі.  Қытай  этносының  аса  ірі 
демографиялық  потенциалының  көрші  халықтарға  тигізетін  әсерін  жоққа 
шығаруға болмайды 
1)Ежелгі Қытайдың мемлекеті мен құқығы тарихының кезеңдері: 
1-кезең  —  Шан  «Инь»  кезеңі  (б.э.д.  ХҮІІІ-ХІ  г.г.)  —  құлиеленушілік 
қоғамның  қалыптасуы  жүзеге  асады.  Бұл  кезеңде,  сонымен  катар,  екі  кезең 

 
80 
көрініс  табады:  а)  ерте  Шан  (б.э.д.  ХҮІІІ  —  ХҮ  ғ.ғ.)  —  таптардың  пайда 
болуының бастапқы кезеңдері ғана тән; э) кейінгі Шан (б.э.д. ХІҮ— XI г.ғ.) 
— таптық қоғам толығымен қалыптасып бітеді. 
2- кезең — Чжау кезеңі (б.э.д. XI — III ғ.г.) — иерархиялық әлеуметтік жүйе 
пайда болады; 
3 -кезең — Цинь кезеңі (б.э.д. 221-201 ж.ж.) және Хань кезеңі (б.э.д. III ғ.— 
б.э. III г.) — жаңа, феодалдық қатынастардың негізі пайда болады. 
Кейінгі  Шан  кезінде  халықтың  жалпы  санынан  артықшылықты  топ  бөлініп 
шығады,  оның  құрамына  билеуші  —  ван  жэне  оның  туыстары,  билеушіге 
жақын  адамдар  абыздар,  шенеуніктер  және  бағынышты  тайпалардың 
ақсүйектері кірген. Чжоулық Қытайда бірнеше разряд — әлеуметтік ранглер 
пайда  болды.  Ранг  тұрғын  үй  мен  жердің  мөлшерін,  құлдардың  саны  мен 
жалақының  мөлшерін  анықтаған.  Цинь  кезеңінде  Шан  янның  жүргізген 
өзгертулері  негізінде  ақсүйектіліктің  ранглері  туралы  жаңа  ереже  енгізілді, 
оған сәйкес ранглер ақсүйектік тегіне емес, билеуші алдындағы жетістіктері 
үшін берілген. Барлығы 20 ранг енгізілді, ал б.э.д. III ғасырдан бастап оларды 
сатып  алуға  рұқсат  етілген.  Сонымен,  жаңа  ақсүйектер  пайда  болды: 
мүліктік,  әскери,  қызметтік  және  саудагерлік.Цинь  патшалығы,  Цинь 
империясы  (б.з.б.  221  —  206)  —  Қытайдағы  орталықтанған  тұңғыш  ежелгі 
мемлекет.  Ол  Қытайды  бір  орт-қа  бағындырған  тұңғыш  император  Цинь 
Шихуандидің  тұсында  құрылды.  Цинь  патшалығына  дейін  Қытайда  бір-
біріне  бағынбайтын  бірнеше  ұсақ  патшалықтар  өмір  сүрді.Мемлекеттің 
орнықтылығы  патшаның  шексіз  билігіне  негізделді.  Патшалық  өкімет  ең 
алдымен  егіншілікті  дамытуға  мүдделі  болды.  Елдегі  барлық  шаруалар 
үлестік жер алды. Алғашқы кезде оларға кейбір салық жеңілдіктері жасалды. 
Ал қолөнер мен сауда биліктің қолдауына ие болмады. Қайта тамақ, әсіресе, 
астық  өнімдерінің  бағасына  қатаң  мемлекеттік  бақылау  орнатылды. 
Мемлекетте  шеберханалар  жүйесі  құрылып,  ұсталар  белгіленген  мерзім 
ішінде  келіп,  билік  иелерінің  тапсырысына  орай  қару-жарақ,  т.б.  қолөнер 
бұйымдарын  тегін  жасауға  міндеттенді.  Бұрынғы  ұсақ  патшалықтардың 
қорғаныс қамалдары жойылып, ел жаңадан 36 әкімшілік аймақтарға бөлінді. 
Бұрынғы  заңдар  толығымен  жойылып,  орнына  аса  қатал  қылмыстық 
баптармен  толықтырылған  жаңа  құқықтық  жүйе  енгізілді.  Ақша 
реформалары  жасалды  және  өлшем  бірліктері  бірыңғай  жүйеге  келтірілді. 
Бұл  шаралар  өз  кезегінде  тауар-ақша  қатынасының  жылдам  дамуына  алып 
келді.  Бірнеше  мемлекеттің  біріктірілуі  нәтижесінде  құрылғандықтан  әр 
түрлі  диалектіде  сөйлейтін  халық  бір-бірін  түсінбеді.  Сондықтан  бұрынғы 

 
81 
жазулар толығымен қолданыстан шығарылып, бірыңғай жазу үлгісі енгізілді. 
Ортақ  жазу  тілінің  пайда  болуы  келер  ғасырларда  қытай  халқын  мәдени 
тұтастырушы  күшке  айналды.Цинь  Шихуан,  Циньнiң  әулеттiң  негiздеушiсi 
және  бiрiккен  Қытайының  бiрiншi  императорының  мүсiнi  Цинь  патшалығы 
сыртқы  саясатта  солтүстік  және  оңтүстік  бағытта  бірдей  жаулап  алу 
жорықтарын  жүргізді.  Жаулап  алынған  жерлер  билеушінің  меншігі  болып 
саналды және оған әр түрлі жеңілдіктермен ішкі өлкелерден әкелінген халық 
қоныстандырылды. Солтүстікте Қытай қорғаны салынды.Зерттеушілер қытай 
қорғанын салу барысында 1 млн-ға жуық адам қаза болған деп есептейді. Бұл 
қорғандар  кейіннен  мыңдаған  ылдар  Қытайдың  солүстік  шекарасын  қорғап 
тұрды  және  ол  үнемі  жаңартылып  отырды.  Мемлекет  ішінде  шеткі 
аймақтарды  астанамен  байланыстыратын  жол  салу  құрылысы  қызу 
жүргізілді.  Жан-жақтан  орталыққа  бағытталған  жолдардың  салынуы  сауда 
мен  қолөнердің  жедел  дамуына  алып  келді.  Қатал  заңға  негізделген  тәртіп 
пен әрі құрылыстарға жүз мыңдаған адамдардың тартылуы аса көп мөлшерде 
материалдық  және  адам  шығынына  алып  келді.  Ол  халықтың  орталық 
өкіметке  жаппай  наразылығын  туғызды.  Цинь  Шихуанди  қайтыс  болғаннан 
кейін  халық  наразылығы  жаппай  бас  көтеруге  ұласты.  Келесі  билеуші 
Эршихуанди  4  жылдай  ғана  билік  құрды.  Осыдан  кейін  Цинь  патшалығын 
құрған  әулет  толығымен  жойылып  кетті.  Бірақ  орталықтанған  Қытай 
мемлекеті 
сақталып 
қалды. 
Билікке 
жаңа 
әулет 
келіп, 
Хань 
мемлекетіқұрылды.Iшкi  құрылысы.Цинь  патшалығы  ұзаққа  созылған  қиян-
кескі  соғыстар  нәтижесінде  құрылды.  Дегенмен,  елдің  бір  орталыққа 
біріктірілуі  оның  болашақ  дамуына  орасан  зор  әсер  етті.  Мемлекеттің 
орнықтылығы  патшаның  шексіз  билігіне  негізделді.  Патшалық  өкімет  ең 
алдымен  егіншілікті  дамытуға  мүдделі  болды.  Елдегі  барлық  шаруалар 
үлестік жер алды. Алғашқы кезде оларға кейбір салық жеңілдіктері жасалды. 
Ал қолөнер мен сауда биліктің қолдауына ие болмады. Қайта тамақ, әсіресе, 
астық  өнімдерінің  бағасына  қатаң  мемлекеттік  бақылау  орнатылды. 
Мемлекетте  шеберханалар  жүйесі  құрылып,  ұсталар  белгіленген  мерзім 
ішінде  келіп,  билік  иелерінің  тапсырысына  орай  қару-жарақ,  т.б.  қолөнер 
бұйымдарын  тегін  жасауға  міндеттенді.  Бұрынғы  ұсақ  патшалықтардың 
қорғаныс қамалдары жойылып, ел жаңадан 36 әкімшілік аймақтарға бөлінді. 
Бұрынғы  заңдар  толығымен  жойылып,  орнына  аса  қатал  қылмыстық 
баптармен  толықтырылған  жаңа  құқықтық  жүйе  енгізілді.  Ақша 
реформалары  жасалды  және  өлшем  бірліктері  бірыңғай  жүйеге  келтірілді. 
Бұл  шаралар  өз  кезегінде  тауар-ақша  қатынасының  жылдам  дамуына  алып 
келді.  Бірнеше  мемлекеттің  біріктірілуі  нәтижесінде  құрылғандықтан  әр 
түрлі  диалектіде  сөйлейтін  халық  бір-бірін  түсінбеді.  Сондықтан  бұрынғы 

 
82 
жазулар толығымен қолданыстан шығарылып, бірыңғай жазу үлгісі енгізілді. 
Ортақ  жазу  тілінің  пайда  болуы  келер  ғасырларда  қытай  халқын  мәдени 
тұтастырушы  күшке  айналды.Cыртқы  саясат.  Цинь  патшалығы  сыртқы 
саясатта  солтүстік  және  оңтүстік  бағытта  бірдей  жаулап  алу  жорықтарын 
жүргізді.  Жаулап  алынған  жерлер  билеушінің  меншігі  болып  саналды  және 
оған  әр  түрлі  жеңілдіктермен  ішкі  өлкелерден  әкелінген  халық 
қоныстандырылды.  Солтүстікте  Қытай  қорғаны  салынды.  Зерттеушілер 
қытай  қорғанын  салу  барысында  1  млн-ға  жуық  адам  қаза  болған  деп 
есептейді.  Бұл  қорғандар  кейіннен  мыңдаған  жылдар  Қытайдың  солүстік 
шекарасын  қорғап  тұрды  және  ол  үнемі  жаңартылып  отырды.  Мемлекет 
ішінде  шеткі  аймақтарды  астанамен  байланыстыратын  жол  салу  құрылысы 
қызу  жүргізілді.  Жан-жақтан  орталыққа  бағытталған  жолдардың  салынуы 
сауда  мен  қолөнердің  жедел  дамуына  алып  келді.  Қатал  заңға  негізделген 
тәртіп  пен  әрі  құрылыстарға  жүз  мыңдаған  адамдардың  тартылуы  аса  көп 
мөлшерде  материалдық  және  адам  шығынына  алып  келді.  Ол  халықтың 
орталық  өкіметке  жаппай  наразылығын  туғызды.  Цинь  Шихуанди  қайтыс 
болғаннан  кейін  халық  наразылығы  жаппай  бас  көтеруге  ұласты.  Келесі 
билеуші  Эршихуанди  4  жылдай  ғана  билік  құрды.  Осыдан  кейін  Цинь 
патшалығын  құрған  әулет  толығымен  жойылып  кетті.  Бірақ  орталықтанған 
Қытай мемлекеті сақталып қалды. Билікке жаңа әулет келіп, Хань мемлекеті 
құрылды.Хань мемлекеті, Хань империясы — Қытайдағы Хань әулеті құрған 
мемлекет (біздің заманымыздан бұрынғы 206 жылы — біздің заманымыздың 
220 жылы) Хань мемлекеті құрылған кезден бастап өзінің қарулы күзеті бар 
“күшті  үйлердің”  жер  иеліктері  пайда  болды.  Хань  мемлекетінде  ірі  сауда 
орт-тары  (Лоян,  Чэнди,  Ханьдань,  Линьцзы)  күшейіп,  тауар-ақша 
қатынастары,  сыртқы  және  ішкі  сауда  дамыды.  У-ди  патшалық  еткен  кезде 
(біздің  заманымыздан  бұрынғы  140  —  87  жылы)  қалпына  келтірілген  және 
өзгеріске  ұшыраған  конфуцийшілдік  ілім  үстем  ресми  идеология  болып 
танылып,  монархиялық  биліктің  тірегіне  айналды.  Хань  билеушілері 
көршілес  халықтарға  қарсы  ұзаққа  созылған  басқыншылық  соғыстар 
жүргізді. Жоңғария мен Шығыс Түркістан арқылы батысқа қарай Еуропа мен 
Таяу  Шығыс  елдеріне  дейін  жететін  “Ұлы  Жібек  жолы”  ашылды.  Вьет 
мемлекеті  —  Намвьет  —  Аулак  (қазіргі  Гуандунь  провинциясы,  Гуан-си-
Чжань  автономия  ауданы  мен  Үндіқытай  түбегінің  солтүстік),  қазіргі 
Чжэцзян  мен  Фуцзянь  провинцияларының  оңтүстік  бөлігі,  Корей  мемлекеті 
—  Чосон  (Чаосянь)  жаулап  алынды.  Дегенмен,  ұзаққа  созылған  соғыстар 
және ішкі тақ тартыстары салдарынан Хань мемлекетінде халықтың тұрмысы 
нашарлап,  әлеуметтік  қарама-қайшылықтар  шиеленісе  түсті.Тақты  басып 
алған  Ван  Ман  (9  —23  жылы  билік  етті)  жерге  жеке  меншікті  жоюға 

 
83 
әрекеттеніп,  құл  сатып  алуға,  сатуға  тыйым  салды,  басқа  да  реформалар 
жүргізді.  Алайда  оның  реформалары  елдегі  саяси  жағдайды  тұрақтандыра 
алмады.  Көп  ұзамай  шаруалардың,  әскерлер  мен  құлдардың  жаппай 
көтерілістері басталды.Хань Империясы, 2-ші ғасыр25 жылы көтерілісшілер 
ел  астанасы  —  Чаньань  қаласын  басып  алғаннан  кейін  алғашқы  Хань 
мемлекеті  жойылды.  Көтерілісшілермен  күрестің  барысында  жергілікті 
ақсүйектер  Лю  Сю  бастаған  жаңа  —  Кейінгі  немесе  Шығыс  Хань  әулетінің 
(25 — 200) негізін қалады.27 жылдың соңында “Қы-зыл қастылар” көтерілісі 
басып  жанышталды,  тек  37  жылы  ғана  Лю  Сюға  “күшті  үйлерге”  сүйене 
отырып,  елді  біріктірудің  сәті  түсті.  Шығыс  Хань  әулетінің  алғашқы 
билеушілері  шаруаларға  жеңілдіктер  жасап,  салық  көлемін  азайтты. 
Батыстағы  елдермен  “Ұлы  Жібек  жолы”  және  оңт-тегі  теңіз  жолы  арқылы 
экономикалық  және  мәдени  қарым-қатынастар  қайта  жанданды.  Елдегі 
жағдай тұрақтанып, мемлекет нығайғаннан кейін Хань әулеті сыртқы жаулап 
алу  соғыстарын  жалғастырды.  Әскери  қимылдар  қолбасшы  Бань  Чаоның 
белсенді  дипломаттық  әрекеттерімен  қатар  жүргізілді.  Хань  мемлекетіне 
Жоңғария  мен  Шығыс  Түркістандағы  біраз  иеліктер  тәуелділікке  түсті. 
Алайда  Бань  Чаоның  өлімінен  кейін  империяға  тәуелді  жерлер  оған  қарсы 
көтерілді.184  —  204  жылы  болып  өткен  шаруалардың  қуатты  “Сары 
орамалдылар”  көтерілісінен  кейін  Шығыс  Хань  әулетінің  билігі  құлдырап 
кетті.  Көтерілісші  шаруалармен  күрес  барысында  әскерді  басқарған 
жергілікті  билеушілер  орталық  үкіметтен  іс  жүзінде  тәуелсіздікке  қол 
жеткізді.  Олар  220  жылы  Шығыс  Хань  империясын  жойып,  оның  орнына 
Саньго мемлекетін (220 — 280 жылы) құрды. Хань мемлекетінің батыстағы 
негізгі жауы ғұндар болды. Біздің заманымыздан бұрынғы 2 — 1 ғасырларда 
ғұндардың қауіпті болғаны  сонша Хань мемлекетінің олардан қорғану үшін 
Қытай қорғанын салуға мәжбүр болды. Көшпелілермен соғыста жеңіске жете 
алмайтынын  түсінген  Хань  билеушілері  ғұндарды  бір-біріне  айдап  салуға 
тырысты. Көп ұзамай бұл саясат өз жемісін беріп, көшпелілер өзара соғысты. 
Ғұн  мемлекеті  ыдырап,  бір  бөлігі  батысқа  ауып  кетті  де,  қалғандары  Хань 
мемлекетініңне  бағынды.Хань  әулеті  —  Қытайды  біздің  заманымыздан 
бұрынғы  206  жылдан  біздің  заманымыздың  220  жылына  дейін  билеген 
императорлық әулет. Батыс немесе Ерте (Үлкен) Хань (біздің заманымыздан 
бұрынғы 206 — біздің заманымыздың 25 жылы) және Шығыс немесе Кейінгі 
(Кіші)  Хань  (біздің заманымыздың  25  — 220  жылы) болып бөлінеді.  Қытай 
тарихнамасында  Ван  Ман  билеген  уақыт  (біздің  заманымыздың  9  —  23 
жылы) пен одан кейінгі Лю Сюань билік еткен екі жыл ерекше кезең болып 
көрсетіледі  және  бұл  жағдайда  Батыс  Хань  әулеті  біздің  заманымыздан 
бұрынғы  206  жылдан  біздің  заманымыздың  8  ғасырына  дейін  биледі  деп 

 
84 
есептеледі.  Әулеттің  негізін  салушы  —  Лю  Бан  елді  біріктіріп, 
орталықтанған  күшті  империя  құрды.  Алайда  оның  туыстары  мен 
жақтастарына  көлемді  жер  иеліктерін  бөліп  беру  саясаты  елдің  жікке 
бөлінуіне  алғышарт  жасады.  Өз  әскері,  қаржысы  мен  әкімшілігі  болған 
дербес  иеліктер  орталыққа  қарсы  тұрған  патшалықтарға  айналды.  Орталық 
өкімет император Цзин-Ди (біздің заманымыздан бұрынғы 156 — 141 жылы), 
әсіресе,  У-ди  (біздің  заманымыздан  бұрынғы  140  —  87  жылы)  патшалық 
еткен  кезде  нығая  түсті.Хань  әулетінің  ресми  идеологиясы  конфуцийшілдік 
болды.  Хань  әулеті  солтүстік  пен  солттүстік-батыста  ғұндарға,  батыста  цян 
тайпаларына, Шығыс пен солтүстік-шығыста Кореяға, оңтүстік пен оңтүстік-
батыста  ухуаньдар  мен  сяньбилерге  қарсы  жаулап  алушылық  соғыстар 
жүргізіп,  империя  шекараларын  елеулі  ұлғайтты.  Хань  әулеті  кезінде 
Орталық  Азия  мемлекеттерімен  және  Үндістанмен  сауда  және  мәдени 
байланыстар  орнатылды.  Батыс  Хань  шаруалардың  “Қызыл  қастылар”  және 
“Жасыл  орман  тұрғындары”  (117  — 27  жылы) көтерілістерінің  нәтижесінде 
құлады.  Шығыс  Хань  шаруалардың  ірі  “Сары  орамалдылар”  көтерілісі  (184 
— 204) мен әскери ақсүйек топтардың күресінің барысында. 
Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 
1) Ежелгі Қытай тарихын неше кезеңге бөлген? 
2) Цин империясы кімнің тұсында құрылды? 
3) Цинь патшалығының жүргізген сыртқы саясаты қандай болды? 
4) Батыс Хань әулетінің негізін салушы кім? 
5) Хань әулетінің ресми идеологиясы қандай болды? 
6) «Сары орамалдылар» көтерілісі қашан болды? 
 
 
 
 
 
 
 

 
85 
 
 
 
 
 
 
№9. Дәріс  Ежелгі дүниедегі Африка 
Жоспар: 
1.
 
Ежелгі Африка  туралы деректер 
2.
 
Ежелгі заманда Эфиопияның дамуы 
Африка  –  солтүстіктен  Жерорта  теңізімен,  солтүстік-шығыстан  Қызыл 
теңізбен шайылатын, батыстан Атлант мұхитымен, шығысы мен батысынан 
Үнді  мұхитымен  шайылатын  Еуразиядан  аумағы  бойынша  2-орын  алатын 
континент.  Африка  деп,  сонымен  қатар,    Африка  материгі  мен  маңындағы 
аралдармен  бірге  дүние  бқлігін  атайды.    Африка  ауданы-
 
29,2  млн  км², 
аралдармен- 30,3 млн км², сөйтіп Жердің жалпы ауданының 6 %, құрлықтың 
-
 
20,4 % алып отыр. 
Мезозой  эрасының    басында  Африка  Пангея  құрығының  құрамында 
болды.  Триас  кезеңінің  соңыңа  дейін    тероподтар,  құсжамбастылар  әмірін 
жүргізді.  Триас  кезеңінің  соңыңа  жататын  зерттеулер    материктің 
оңтүстігінің  көп  қоныстанғанын  дәлелдейді.Қазіргі  көзқарастар  бойынша 
африканы  адамдар  отаны  деп  атау  сәйкес  келеді.  Осында,  Кения,  Танзания, 
Эфиопияда  адамның  ең  ежелгі  ата-бабалары  табылған.  Африкадан  100мың 
жыл  бұрын  «саналы  адам»  деген  популяция(1000дара)  әлемге  көшуді 
бастады.  60-40мың жыл бұрын адам Азияға қоныс аударды. Кейін 40мың ж 
бұрын Азиядан адам Еуропаға аяқ басты, ал 35-15 мың  ж бұрын  Австралия 
мен Америкаға қоныс аударды.  
Археологиялық 
қазбалар 
Африкада 
дән 
өңдіру 
б.з.д. 
16 
мыңжылдықтарда  ,  мал  шаруашылығы  Сахарада  7500ж  бұрын,  ал  ауыл 
шаруашылығы Ніл бойында б.з.д. 6мыңжылдықтарда дамыды. Бұрын Сахара 
өңім  көп  беретін  жер  болған,  онда  аңшылар,  балықшылар  тайпалары  мекен 
етті.  Қазіргі  Сахара  шөлінің  көптеген  жерлерінде  сол  кезеңге  сай  тасқа 
салынған суреттер табылды. Алғашқы қоғам ең атақты ескерткіші- Тассилин-
Аджер  платосындағы  жазулар.  ОАР  мен  Сомалиде  табылған  ежелгі  тас 
суреттерінің  жасы  б.з.д.  25  мыңжылдыққа    сәйкес.  Кейбір  Африканың 
этникалық топтары әлі де «тас ғасырында өмір сүруін жалғастыруда». Олар 
оңтүстік  Африкадағы  бушмендер,  Танзаниядағы  хадза,  Конго  өзені 

 
86 
бассейнінің  ылғалды  экваториалдық  ормандарының  пигмейлері.  Басында 
ежелгі  Карфаген  тұрғындары  «афри»  сөзімен  қаладан  алыс  емес  жерде 
мекендеген  адамдарды  атаған.    Осы  атау  көбінесе  финикийлік  afar  сөзіне 
қатысты  айтылады  да,    «шаң»  деген  мағына  білдіреді.  Карфагенді  жаулап 
алғаннан  кейін  римдіктер  провинцияны  Африка  деп  атады.  (лат.  Africa).  
Кейін  келе  Африка  деп  континеттің  барлық  белгілі    аудандарын  атайтын 
болды,  ал  кейін  континеттің  өзін.  Басқа  теория  бойынша  «афри»  халқының 
атауы  берберлік  ifri,  «үңгір»  деген  сөзден  шығады  дейді,  бұл  үңгір 
тұрғындарына  байланысты  қойылған.  Кейін  осы  жерде  пайда  болған 
мұсылман провинциясы Ифрикия осы түбірді өз атауында сақтап қалды.  По 
мнению  Тарихшы  және  археолог  И.  Ефремов  пікірінше,  «Африка»  сөзі  
ежелгі  Та-Кем  тілінен  келген(Египет.  «Афрос»  —  көбікті  мемлекет).  Бұл 
жерорта  теңізінде  континентке  жақындаған    бірнеше  ағыстар  түрлерінің 
тоғысуы  нәтижесінде  пайда  болған  көбікке  байланысты  қойылған  атау.  
Атаудың  шығуының  басқа  да  нұсқалары  бар.1ғ  еврей  тарихшысы  Иосиф 
Флавий  ұрпақтары  Ливияны  мекен  еткен  Авраамның  немересі    Ефердің  
атымен байланыстырады. «Күн шуақты» деген мағына білдіретін латын сөзі 
aprica  Исидор  Севильскийдің  «Бастаулар»,  XIV  том,5,2  бөлім(VI  ғ.)  деген 
еңбегінде  көрсетіледі.Тарихшы  Лев  Африканский    «суықсыз»  деген  мағына 
білдіретін  грек  αφρίκη  сөзінен  шығуы  туралы  нұсқасын  ұсынды.  Ол  φρίκη 
(«суық»,  «үрей»)  сөзі  болымсыз  префикспен  қосылып,  суық  та  ,үрей  жоқ 
мемлекетті    білдіреді  деп  болжамдады.Ақын  және  египтолог-өз  бетімен 
үйренуші  Джеральд Мэсси 1881ж египиттік  af-rui-ka , «Ка тесігне алдынан 
қараған»,  сөзінен  шыққан  нұсқасын  ұсынды.  Ка-бұл  әрбір  адамның 
әнергетикалық егізі, және «Ка тесігі» туған жері немесе мекені деген мағына 
білдіреді.  Сонымен,Африка  египеттіктер  үшін  «отанды»  білдіреді.Африкада 
Сахара  оңтүстігіне  қарай  б.з.д.  1-мыңжылдықта  темірді  балқыту  өнері 
дамыды.    Бұл        жаңа  жерлерді,  соның  ішінде  –  тропикалық  ормандарды,  
игеруге әкеп соқтырып,  банту тілінде сөйлейтін Тропикалық және Оңтүстік 
Африка  халықтарының көп бөлігінде тұрақтандырды. Банту тілді  халықтар 
континентте көптеген жергілікті тұрғындарды ығыстырды. Швед генетиктері 
Жердегі  ең  ежелгі  халық  деп  Африканың  оңтүстігіндегі  койсандықтарды 
атады.    Геномды  зерттеу  арқылы  осы  халықтың  жалпы  бұтақтан  100  мың 
жыл бұрын бөлінгенен көрсеткен.   Жаңа  зерттеулерге  қарағанда  әлемдегі 
барлық  тілдер  ағылшыннан  қытай  тіліне  дейін  10-даған    мың  ж  бұрын 
Африкада бір тарихи ең ежелгі тілден  пайда болды дейді.Африка осыдан 8-5 
млн  жыл  бұрын  алғашқы  адамдардың  отаны  болған.  Қазіргі  таңда  бұл 
құрлықты, негізінен жергілікті тұрғындар мекендейді. Дегенмен Африкадағы 
бір  мемлекетті  екіншісімен  салыстыру  қиын.  Олар  әртүрлі  тілде  сөйлейді, 

 
87 
діни-ұстанымдары, салттары бір-бірінен өзгеше. Африка туралы мәлімет өте 
ерте кезден-ақ белгілі болған, әсіресе, оның жерортатеңіздік жағалауындағы 
ірі мемлекеттер туралы деректер көп. Египет перғауынында қызметте жүрген 
финикиялықтар  біздің  заманымыздан  бұрынғы  600  жылы  шамасында  бүкіл 
құрлықты  айнала  жүзіп  шыққан.  Ежелгі  Африка  елдерінің  тарихы  бұрын 
жүйелі  де  түбегейлі  зерттелген  жоқ.  Солтүстік  Африканың,  әсіресе,  Мысыр 
тарихы  біршама  тәуір  зерттелгенімен,  Сахараның  оңтүстігіндегі  халықтар 
тарихы  әлі  де  толық  мәлім  емес.  20  ғасырдың  50  —  60  жылдарында 
жүргізілген  археологиялық  және  палеонтропологиялық  зерттеулердің 
нәтижесінде  Африка  құрлығынан  таңғаларлық  жаңалықтар  ашылды. 
Ағылшын ғалымы Л.Лики Танзаниядағы (Шығыс Африка) Эяси көліне таяу 
жердегі  Олдовай  шатқалынан  адам  тәрізді  тіршілік  иесінің  қаңқасын  тапты 
(қазақша Африкантроп). Тым қарапайым еңбек құралдарын пайдаланған бұл 
тіршілік  иелері.  Шығыс  Африка,  Солтүстік  Африка,  Кения  аймақтарында, 
Сахарада осыдан шамамен 1 млн. жыл бұрын өмір сүрген. Бұл жаңалық әлем 
ғалымдарына  Африканы  адамзат  баласының  алғаш  дүниеге  келген,  эвол. 
жолмен  жетілген  мекені  деп  есептеуіне  негіз  болды.  Солтүстік  Африкадан 
тас  дәуіріндегі  дамудың  барлық  кезеңіне  тән  мәдени  ошақтар  ашылды.20 
ғасырдың  басында  неміс  этнографы  және  антропологы  Ф.Лушан  бұл 
құрлықтың  тұрғындары  темір  қорыту  өнерін  ерте  меңгерген  деген  пікір 
айтты. Көне заман тарихының тағы бір айғағы — тасқа салынған таңбалар (ат 
жеккен арбаның суреті) б.з.б. 2-мыңжылдықтың орта кезін мегзейді. Б.з.б. 4-
мыңжылдықта  Ніл  аңғарында  Ежелгі  Мысыр  мемлекеті  қалыптаса  бастады. 
Оның  мәдениетінің  түп-негізі  Африканың  өз  топырағынан  нәр  алған.  Бірақ 
өркендей  келе  ол  құрлықтың  өзге  елдерінің  мәдени  болмысынан 
оқшауланып, Алдыңғы Азия, Жерорта теңізі елдері мәдениетінің тарихымен 
тұтасып  кеткен.  Б.з.б.  2-мыңжылдықта  қазіргі  Судан  Республикасының 
аумағында  Куш  мемлекеті  құрылды.  Ол  б.з.б.  8  ғасырда  Мысырды  жаулап 
алды;  оның  үстемдігі  ХХV  (эфиопиялық)  әулет  деген  атпен  тарихта  қалды. 
Б.з.б.  7  ғасырда  ассириялықтар  Мысырдан  ығыстырғаннан  кейін  олар 
астанасын әуелгі — Напатуға, содан соң Мероэға көшірді, осында 1000 жыл 
мемлекет  болып  тұрған.  Оны  б.з-дың  4  ғасырында  Аксум  мемлекетінің 
(Эфиопия,  Нумбия)  патшасы  Эзанның  әскерлері  жойды.Мероэ  —  Напаттың  
(Гебель-Баркал)  Псамметих  кесірінен      құлдырағаннан  кейін  Куш 
мемлекетінің  астанасы  болған  ,  қазіргі  Судан  территориясындағы  қала.    
Нілдің шығыс  жағында Асуан мен Хартум арасында орналасқан. Мемлекет 
тілі-мероиттік. Мероэ мәдениеті Ежелгі Мысырдың күшті ықпалында болды. 
Мероэ  римдіктер  шабуылына  сәтті  түрде  төтеп  бере  алды  ,  бірақ  б.з.д.  4ғ 
1жартысында  аксумиттердің  жиіліген  шабуылдарынан  құлады.  Мероэ 

 
88 
орнында алғашқы елді мекендер б.з.д. 8ғ-да пайда бола бастады.   Б.з.д.  671ж  
Египетті Ассирия жаулап алған соң  тарихи аумақ Куштың территориясында 
орталығы Напата қаласы болатын патшалық пайда болды. Б.з.д. 6ғ  мемлекет 
астанасы  Мероэ  қаласына  ауыстырылды  (  осыдан-  Мероиттік  патшалық).  
Астана  ауысса  да,  Напата  қаласы  діни  орталық  болып  қала  берді.    Осында 
патшамазарлары 
–пирамидалар 
орналасқан, 
абыздар 
тағайындаған 
патшаларды  таққа  отырғызу  рәсімі  өткізілді.Б.з.д.  3ғ  ортасына  жуық  Мероэ 
патшасы  Эргамен  (Ирк-Амон)    напаттық  абыздардың  саяси  ықпалынан 
халқын  азат  етті.    Абыздар  сол  кезде  мұрагерлікке  кандидатураларды 
ұсынған  болатын.эллинисттік  Египет  патшасы  Птолемей  IV  және  Эргамен 
патша  арасында  тұрақты  түрде  дипломатиялық  байланыстардың  болғаны 
жайлы  деректер  сақталған.    Сол  кезден  бастап  патша  билігі  мұрагерлік 
жолмен  беріліп,  Мероэ  діни  және  мәдени  орталыққа  айналды.  Египетте 
парсылар үстемдік етен кезеңде Мероит патшалығы өзінің бірнеше солтүстік 
территорияларынан айырылды. Б.з.д. 2-1 ғғ-даа Птоломейлер державасының 
саяси  билігінің  әлсіреуімен    және  Египет  ішінде  әлеуметтік  күрестің 
өршуімен  Мероит  патшалығы  Египет  оңтүстігіндегі    халықтық 
қозғалыстарды қолдай отырып,  египеттік істерге араласа бастады. Б.з.д.30ж 
римдіктер  Мысырды  жаулап,  Фиваида  тұрғындары  қарсылық  ретінде 
төңкеріс    жасағанда,  кандактар  басшылығымен  эфиоптықтар  жасақтары 
Мысырға    шабуыл  жасағанда,  римдіктерге  төтеп  бере  алмады,  ал 
мысырлықтар  тыныштандырылды.    Б.з.д.  23ғ  префект  Гай  Петроний 
басшылығымен  римдіктер  әскері  Напатаны  иеленді,  солтүстік  Эфиопияны 
Мысырдың  римдік  провинциясына  қосты.  Б.з.  3ғ  патшалық  құлдырай 
бастады.  Мероит  патшалығының  территориясында  Алоа,  Мукурра,  Нобатия 
мемлекеттері  пайда  болды.Мероит  қазба  жұмыстары  археологтармен  1902ж 
басталды.  Оны 1909-1914жж   ағылшын археологы Дж. Гарстанг жүргізген, 
1920-1923жж  патшалар  некрополдарын  американдық  ғалым  Дж.Рейснер  
зерттеген.  2011ж  Мероэ  жақын  жерде  орналасқан  археологиялық 
Муссаварат-эль  Суфра  және  Нака  зоналары          ЮНЕСКО    шешімімен 
Адамзаттың 
Дүниежүзілік 
Мұрасының 
ескерткіші 
болып 
жарияланды.Африканың оңтүстігінде өмір сүріп жатқан қойсандық халықтар 
жер  бетінде  пайда  болған  саналы  адамдардың  ең  бірінші  ошағы  болуы 
мүмкін  деген  тұжырыммен  бір  топ  генетиктер  Science  журналына  мақала 
жариялап  отыр.Африка  халықтарының  тарихына  үңілетін  болсақ,  онда 
қойсандық  халықтардың  кішкене  тайпалар  шоғыры  екенін  білеміз.  Қазіргі 
таңда  аталған  халық  өздерінің  "шықылықтау"  тілімен  бар  әлемге  танымал. 
Және қойсандық халықтың құрамына бушмен мен готтентот секілді тайпалар 
кіреді.  Ең  қызығы  сол,  жоғары  да  айтап  кеткендей,  бүкіл  әлемде  бұл 

 
89 
халықтың мәдениеті мен салт-санасы ешкімге ұқсамайтындығы. Өз кезегінде 
ұқсауға 
тырыспайтындықтары...Швециядағы 
Упсала 
университетінің 
генетиктері қазіргі таңда жер бетінде өмір сүріп жатқан барлық халықтардың 
гендерін  тексеріп  көрген.  Африкалық  халықтар  мен  әлемнің  басқа  да 
халықтары  сынаққа  түсіп,  нәтижесінде  қойсандық  халықтың  генетикасы 
ешбіріне,  ешқайсысына  ұқсамайтын  болып  шықты.  Анықталғандай, 
қойсандық  халықтың  түп  тарихы  бұдан  100  мың  жылдардың  қойнауында 
жатқан  болды.  Сонымен  айды  аспаннан  шығармаса  да,  адамзат  баласының 
бастау  тарихын  нысанаға  алып,  зерттеу  жасаудан  ерініп  көрмеген  және 
маңызды  жаңалық  ашып  отырған  генетик-ғалымдар  адамзат  баласының 
бірнеше  даму  ошағы  болғанын  алға  тартады.  Бұл  дегеніміз,  саналы 
адамдардың  өсіп-өніп  шыққан  ортасы  бір  өркениеттің  ғана  еншісінде  емес 
деген  дүние.Африка  адамзаттың  бесігі  болды.  Б.з.д.  6-5мыңжылд.  Ніл 
аңғарында    жер  өңдіру  мәдениеті  қалыптасты(  Тасий  мәдениеті,  Файюм, 
Меримде),  солардың  негізінде  б.з.д.  4мыңжылд.  Ежелгі  Африка  өркениеті- 
ежелгі  египет  қалыптасты.      Оның  оңтүстігіне,  Нілге  де    тақау  
б.з.д.2мыңжылд-та  нубиялық  (Напата)  өркениетін  ауыстырған  керма-
кушиттік  өркениет  қалыптасты.  Оның  гүлденуі  Мероит  патшалығының 
(б.з.д. 6ғ-б.з.-4ғ) өмір сүруіне сәйкес келді. Патшалық  қалдықтарынан Алоа, 
Мукурра,  Набатейлік  патшалық  және  т.б.  қалыптасты.  Олар  Эфиопияның,  
Египет пен Византияның мәдени, саяси ықпалында болды. Керма мәдениеті- 
б.з.д. 2500-1500жж орталығы керм болатын Нубия территориясында (қазіргі 
Судан)өмір  сүрген  африкандық  өрокениет  және  археологиялық  мәдениет. 
Ежелгі 
Мысырдың 
Орталықтық 
патшалығы 
кезеңінде 
Судан 
территориясындағы ең мықты патшалық болған .  
Тарихшылар Керм тарихын бірнеше кезеңге бөледі:  
♦ерте: б.з.д.2500-2050жж 
♦ орта: б.з.д. 2050-1750жж 
♦классикалық немесе кейінгі:  б.з.д. 1750-1500жж 
 
Керм патшалығының кейінгі кезеңінде судандық патшалық Сайды (Sai)  
өзіңе қаратып,  мықты  империяға айналды- Ежелгі  Мысырдың  бәсекелесіне 
айналды.  Б.з.д.  1500ж  Мысыр  құрамында  болды,  алайда  көтерілістер 
ғасырлар бойы жалғаса берді.  11ғ Керм орнына Мысырдан тәуелсіздік алған, 
«мысырлық үлгідегі» жаңа патшалық Куш пайда болды.   Кермнің 
мысырлық үстемдікке қарсы күресі қола дәуіріндегі ең ұзақ жанжал болған- 
220ж-ға созылды. (б.з.д. 1500-1280жж)  Джерма  (араб.        )  —    Вади-эль-

 
90 
Хаят  муниципалитеттегі Ливия қаласы. Ежелде Гарама болып аталып, б.з.д. 
11ғ-  669ж  өмір  сүрген  гараманттар  мемлекеті  Гарамантида  астанасы 
болған.Джерма  б.з.д.  11ғ  гарамант  деген  халық  бастауымен  негізі  салынған 
және  олардың  астанасы  болды,  өз  ішіне  бүкіл  Феццан,  Триполитания 
оңтүстігін, Мармариканың батыс бөлігін қамтыды.   Б.з.д  19ғ    Джерма  және 
гараманттар жақын маңдағы қалалары Кіші Луция Корнелия Бальба бастаған 
рим  әскерімен    қаратылды.    Соған  қарамастан  осы  территорияларды 
толықтай қарата алмады. 
89ж  Гарамантида  билеушісі  Мрсис  пен  римдік 
император Домициан арасындағы келесім –шар тбойынша  Джермада римдік 
гарнизон орналасты. Ал гараманттар римдіктерге көмек ретінде  шөл арқылы 
өтетін  сауда  жолдарын  қорғауға  көмектесетін  болды.  6ғ  кейін  Джерма 
әлсірей  бастады.  669ж    Укбы  ибн  Нафи  бастаған  араб  әскерімен  жаулап 
алынды.  10ғ  Джерма  араб  географы  әл-Масуди  еңбектерінде  жазылған.  12ғ 
адамдар Джермаға оралып үйлер ме мешіттер сала бастады.Пунт жері (егип.  
«Құдайлар  мекені»)  —  ежелгі  мысырлықтарға  белгілі  Шығыс  Африка 
территориясындағы  жер.Мысырмен  қатар  Аравиямен  сауда  байланысын 
жүргізді,  соған  қарағанда  Африкандық  Мүйізде  орналасқан.  Бірақ  Пунттың 
орналасуы  туралы  талас-тартыстар  әлі  күнге  дейін  тоқталған  жоқ,  себебі 
мысыр  дереккөздерінде  Пунт  Қызыл  теңіздің  оңтүстік  жағалауында 
орналасқаны жайлы айтылған.  Пунт қазіргі Сомали немесе Эритреяда және 
судандық жағалаудың бір бөлігінде орналасуы мүмкін дейді. Библияда Офир 
мен  Савтік  патша  айтулары  бойынша  Пунт  Аравия  түбегінде  орналасқан 
дейді.  Кейбір  ежелгімысырлық  деректерде  Пунт  мысырлықтардың  ежелгі 
отаны  және мысырлық құдайлардың алғашқа мекені болып баяндалған. Нок 
өркениеті  африкандық  Нок  ауылында  алғаш  сәулет  скульптурасы 
табылғанына орай аталып кетті.  Б.з.д.900ж Нигерияда пайда болған, б.з.200ж  
құпиялы  түрде  жоғалып  кетті.  Оның  әлеуметтік  жүйесі  алдыңғы  қатарлы 
болған, неолит соңын (тас дәуірі) және Темір дәуірінің басын қамтыған. Нок 
өркениеті  Сахара  оңтүстігіндегі  аумақта  бәрінен  ерте  терракоталық 
статуэткаларды шығара бастады. 
2) Эфиопия-
 
Солтүстік Шығыс Африкада орналасқан мемлекет. 
Эфиопия  аумағын  адамдар  өте  ежелгі  замандардан  бастап  мекендеген. 
Эфиопиядан  табылған  археологиялық  ескерткіштердің  ең  көнесінің  жасы 
шамамен  2,1  млн.  жылға  тең.  Біздің  заманымыз  басталмастан  көп  бұрын 
Эфиопия  аумағында  семит-хамит  және  басқа  да  тіл  топтарына  жататын 
халықтар  өмір  сүрді.  Б.з.б.  1-мыңжылдықта  Оңтүстік  Арабиядан  жекелеген 
тайпалар  қоныс  аударып,  жергілікті  халықпен  араласып  кетті.  Эфиопия 
кішігірім  шыңдарында  солтүстігінде  оңтүстік  арабиялық  Сабей  патшалығы 

 
91 
негізінде  эфиопия  өркениеті  пайда  болды:  б.з.д.  5  ғ  ,  Оңтүстік    Арабиядан 
шыққандар  негізінде  Эфиопия  патшалығы  пайда  болды.  Б.з.  бас  кезінде 
Солтүстік Эфиопия аумағында аса ірі Аксум патшалығы өмір сүрді. 4 ғ-дан 
бастап  Аксумға христиан діні ене бастады.Аксум- б.з.д. 400ж бастап б.з.10ғ 
дейін  алдыңғы  қатарлы  болған  теңіз  және  сауда  державасы-  Аксум 
патшалығының  атымен  аталатын  Эфиопияның  солтүстігіндегі  қала. 
Ортағасырлық  дерекнамалар  осы  қаланы  «Эфиопияның»  өзі  ретінде  де 
қарастыратын.Тыграй  аумағындағы  «Мехакеленью»  (Mehakelegnaw  Zone) 
зонасында  Адуа  тауының  етегінде  теңіз  деңгейінде  2130м  биіктікте 
орналасқан.  Ол  Аксум  патшалығының  орталығы  болған.Оның  тарихи 
құндылығын  жоғары  бағалай  отырып,  1980ж    Юнеско  Аксумның 
археологиялық  объектілерін  Адамзаттың  Дүниежүзілік  Мұрасының 
ескерткіштері тізіміне қосты. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет