Жұмыс бағдарламасы «Радиациялық экология»


«Плато» есептегішінің есептік сипаттамасын табу



бет9/13
Дата06.01.2022
өлшемі226 Kb.
#13621
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
d7eb6701-39fa-11e3-9713-f6d299da70eeУММ ХМ К

«Плато» есептегішінің есептік сипаттамасын табу

Әрбір қайтадан қолданылатын газразрядты есептегіш үшін жұмыс істеу кернеуін табу керек. Осы мақсатта оның «платосын» табады. Есептегіш аспап платасы енінің иілгіштігі 150в кем емес, оның ішінде 100в-ке 10-тен артық болмаса жұмысқа жарамды деп танылады.

«Плато» табу үшін келесі жұмыстар атқарылады:

1. Құрылғыны бақылауға алғаннан кейін тәжірибелік есептегіш астына

активтілігі шамамен 0,2 мккюри болатын β-сәуле көзі қойылады.

2. «Бастау» тумблерін қосады.

3. Неондық лампалар кезектесе жанып және сөне бастағанша кернеуді баяу

ұлғайта бастайды. Осы есептеу басы болады. Вольтметрдің көрсеткіштерін жазып алады.

4. «Бастау» тумблерін өшіреді, «өшіру» тумблерін басып механикалық

есептегішті нольге келтіреді.

5. Есептегіштегі кернеуді 50в-қа ұлғайтады.

6. «Бастау» тумблері мен секундомерді бір уақытта қосып импльстер санын

және берілген кернеудегі минутына болатын есептеу жылдамдығын өлшейді.

7. Тағы да «Өшіру» батырмасын басып есептегіш шкалаларыннольге келтіреді

де кернеуді 5в-қа арттырады.

8. 4 минут бойы тағы өлшеу жүргізіледі және минутына болатын импультер

санын жазып алады.

9. Мұндай есептеулер импульстер саны кенет өсіп кететін жағдайға дейін

жүргізіледі. Содан соң берілген есептегіштің «платосы» басының1/3 бөлігіне сәйкес келетін оптимальдік жұмыс жасау кернеуін таңдап алатын есептеу сипаттамасы қисығын тұрғызады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет