Пәнді оқытудың міндеттері:
1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша тіл жүйесін, кәсіби бағытта сауатты жазуға, мамандығына сәйкес сөйлеу тілін үйретіп, қалыптастыру.
2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша лексикалық-грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру, терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру.
3. Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымға түсу ниетін қалыптастыру.
4. Құқықтық компетенция бойынша Қазақстан республикасының «Тіл туралы заңы» және «Білім туралы заңын» білу.
5. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша тақырыпты әр түрлі бағытта, ғылыми тұрғыда негізгі мазмұнды қалыптастырып, жазу мәдениетін, дағдысын дамыту. Кәсіби бағытта сауатты жазуға дағдыландыру;
Студенттердің болашақ мамандықтарына байланысты кәсіби терминдерді түсініп, қатысымға түсу ниетін қалыптастыру;
Кәсіби лексиканы болашақ мамандығына сәйкес пайдалануды үйрету;
Кәсіби сөздердің ерекшелігіне, қолдану аясын білуге машықтандыру.
Студенттердің білуі және меңгеруі керек: Кәсіби лексиканы; кәсіби терминдерді; терминдердің жазылу үлгісін, талаптарын; ауызекі сөйлеу тілін; сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін; мамандыққа байланысты сөздер мен сөз тіркестерін; сөздікпен дұрыс жұмыс жасауды; мәтінді дұрыс айта алуды; негізгі ойды қорытындылай алуды; сөйлем құрауды; дұрыс сұрақ қоя білуді; дұрыс жауап беруді;
Пәнді оқыту нәтижелері:
№
Қалыптастырылатын оқыту нәтижелері (кодтар)
Дескрипторлардың сипаттамасы
1
Білуі және түсінуі
Тілдік қарым-қатынас жасай біледі; ойын нақты және айқын білдіре алады; қазақ және орыс тілдерінің ережелерін біледі
2
Түсіну қабілеттілігі және білімін тәжірибеде қолдануы
Ауызша және жазбаша түрде өз ойын еркін және дұрыс жеткізе біледі; өз көзқарасын дәлелдей алады; қазақ және орыс тілдерін үйрену барысында өз ойын еркін түрде тұжырымдап, айтушының ой-пікіріне өз тұжырымдарымен жауап бере алады; әртүрлі сұрақтар қою арқылы өзіне қажетті ақпаратты ала алады
3
Қорытынды жасау дағды-ларын қалыптастыру, өз идеясын, ойын айта білу қабілеттілігі
Тұжырымдау тәсілдерін игереді, қазіргі әдеби тіл нормаларын біледі; таңдап алған мамандығы бойынша естіген, оқыған мәтін мазмұнында берілген ойды қайта жаңғырта алады; тілдік және қарым-қатынас құзыреттілігі қалыптасады
4
Қарым-қатынас жасау саласында білуі тиіс
Логика, тұжырым жасау теорияларының негізін, қазақ және орыс тілдерінің негізгі ережелерін, сөйлеу әдебі мен қазақ және орыс әдеби тілдерінің нормаларын біледі; қазақ және орыс тілдерінде сөйлесу дағдысы қалыптасады және оны тәжірибе жүзінде қолдана біледі
5
Алынған білімді пайдалану
Студенттер мамандығы бойынша тілдік қатынасқа түсе алады және қарым-қатынас құзыреттілігінигерген
6
Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын және оны практикада қолдану
Мәтіндердің фактологиялық мазмұнын жеткізе алады, академиялық адалдыққа сәйкес олардың тұжырымдамалық ақпаратын тұжырымдай алады, бүкіл мәтіннің де, оның жекелеген құрылымдық элементтерінің де қорытынды білімін (прагматикалық фокус) сипаттай алады