7. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау саясаты
Білім алушылардың оқу жетістіктері (білімі, іскерліктері, дағдылары мен құзыреттері) халықаралық практикада қабылданған цифрлық эквиваленті бар әріптік жүйеге сәйкес келетін 100 балдық шкала бойынша (оң бағалар, кему шамасына қарай, «А»-дан «D» - ға дейін және «қанағаттанарлықсыз» - «FХ», «F»,) және дәстүрлі жүйе бойынша бағалаулар. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау саясаты университет сайтының 9-тармағындағы академиялық саясатта ұсынылған талаптарға сәйкес келеді (сайтқа сілтеме: https://kazatu.edu.kz/ru/pages/obucenie/akademiceskaa-politika).
7.1.Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлері.
Әріптік
жүйемен
бағалау
|
Ұпайдың цифрлық баламасы
|
Ұпайдың пайыздық
мазмұны
|
Дәстүрлі жүйемен
бағалау
|
Баға қою критерийлері
|
А
|
4,0
|
95 – 100
|
өте жақсы
|
«Кәсіби қазақ тілі» пәнінен білім деңгейі «өте жақсы» (90-100 балл) деп саналады, егер студент:
-мәтінде баяндалған ақпаратты дұрыс түсінсе;
-сөйлеу коммуникациясы теориясы-ның негіздерін, қазақ тілінің ережесін білсе;
-дұрыс және анық сөйлесе;
-өз ойларын ауызша және жазбаша түрде еркін және дұрыс баяндай алса;
-өз көзқарасын дәлелдей алса;
-қазақ тілін оқыту барысында студент өз ұстанымын білдіре алса және негіздей алса, өз дәлелдерін құрастыра білсе;
-берілген тапсырманы ғаламтордағы материалдарды дайын түрде көшіріп қоя салмай, өңдеп, бірнеше аргументті келтіріп, өз ойын қоса дәлелдей алса;
-аргументация тәсілдерін, қазіргі әдеби тіл нормаларын, таңдалған кәсіп саласындағы қарым-қатынас барысында ақпаратты баяндау тәжірибесін меңгерген жағдайда.
|
А -
|
3,67
|
90 – 94
|
В+
|
3,33
|
85 – 89
|
жақсы
|
«Кәсіби қазақ тілі» пәнінен білім деңгейі «жақсы» (80-89 балл) деп саналады, егер студент:
-мәтінде баяндалған ақпаратты адекватты түсінесе;
-мәтіннің негізгі мазмұнын толық және қысқаша жеткізе алса;
-тыңдалған немесе оқылған мәтінді түсінсе және нақты жағдаятты (тапсырманы) шешу үшін мәтіндік ақпаратты қолдана алса, азын-аулақ грамматикалық қателер жіберген болса;
-берілген тапсырманы өз ойын қоса айта (жаза) алмағанмен, ғаламтордағы материалдарды дайын түрде көшіріп қоя салмай, өңдеп, бірнеше аргументті келтіріп, дәлелдей алған жағдайда.
|
В
|
3,0
|
80 – 84
|
В -
|
2,67
|
75 – 79
|
«Кәсіби қазақ тілі» пәнінен білім деңгейі «жақсы» (75-79 балл) деп есептеледі, егер студент:
-мәтінде баяндалған ақпаратты дұрыс түсінсе;
-мәтіннің негізгі мазмұнын толық және қысқаша жеткізе алса;
-нақты жағдаятты (тапсырманы) шешу үшін мәтіндік ақпаратты пайдалана алмағанмен,тыңдалған немесе оқылған мәтінді түсінсе, алайда грамматикалық қателер жіберсе;
-берілген тапсырманы өз ойын қоса айта (жаза) алмағанмен, ғаламтордағы материалдарды дайын түрде көшіріп қоя салмай, өңдеп, бірнеше аргументті келтіріп, дәлелдей алса;
-тыңдалған немесе оқылған мәтінді дәйекті және дұрыс жеткізе білген қанжағдайда.
|
С +
|
2.33
|
70 – 74
|
«Кәсіби қазақ тілі» пәнінен білім деңгейі «жақсы» (70-74 балл) деп есептеледі, егер студент:
-мәтінде баяндалған ақпаратты дұрыс түсінсе;
-мәтіннің негізгі мазмұнын қысқаша жеткізе алса;
-тыңдалған немесе оқылған мәтінді түсініп, бірақ грамматикалық қателер жіберсе;
-берілген тапсырманы өз ойын қоса айта (жаза) алмағанмен, ғаламтордағы материалдарды дайын түрде көшіріп қоя салмай, өңдеп, бірнеше аргументті келтіріп, дәлелдей алса;
-тыңдалған немесе оқылған мәтінді дәйекті түрде жеткізе білген жағдайда.
|
С
|
2,0
|
65 – 69
|
қанағаттанарлық
|
«Кәсіби қазақ тілі» пәнінен білім деңгейі «қанағаттанарлық» (65-69 балл) деп саналады, егер студент:
-мәтінде баяндалған ақпаратты дұрыс түсінсе, бірақ мәтінді жеткізген кезінде қиналса;
-мәтіннің негізгі мазмұнын қысқаша жеткізе алса;
-берілген тапсырманы өз ойын қоса айта (жаза) алмағанмен, ғаламтордағы материалдардан дайын түрде көшіріп қоя салмай, сәл де болса өңдеп бере алса, бірақ бірнеше аргументті келтіре алмаса;
-тыңдалған немесе оқылған мәтінді түсініп және нақты мәселелерді шешу үшін мәтіндік ақпаратты қолдана алса, бірақ орфоэпиялық және грамматикалық қателер жіберген жағдайда.
|
С -
|
1,67
|
60 – 64
|
«Кәсіби қазақ тілі» пәнінен білім деңгейі «қанағаттанарлық» (60-64 балл) деп танылады, егер студент:
-мәтінде баяндалған ақпаратты дұрыс түсінсе, бірақ мәтінді жеткізу кезінде қиналса;
-мәтіннің негізгі мазмұнын қысқаша ғана берсе;
-берілген тапсырманы баяндағанда не жазғанда өз ойын мүлдем білдіре алмаған және ғаламтордағы материалдардан дайын түрде көшіріп қоя салған, бірнеше аргументті келтіре алмаса;
-тыңдалған немесе оқылған мәтінді қабылдап, бірақ нақты мәселелерді шешу үшін мәтіндік ақпаратты пайдалана алмаса, орфоэпиялық және грамматикалық қателер жіберген жағдайда.
|
Д +
|
1,33
|
55 – 59
|
«Кәсіби қазақ тілі» пәнінен білім деңгейі «қанағаттанарлық» (55-59 балл) деп саналады, егер студент:
- мәтінде берілген ақпаратты түсінсе, бірақ мәтінді жеткізу кезінде қиналса;
- мәтіннің негізгі мазмұнын беру кезінде қиындықтар туындаса;
- берілген тапсырманы баяндағанда не жазғанда өз ойын мүлдем білдіре алмаған және ғаламтордағы материалдардан дайын түрде көшіріп қоя салған, бірнеше аргументті келтіре алмаса;
- тыңдалған немесе оқылған мәтінді қабылдап, алайда нақты мәселелерді шешу үшін мәтіндік ақпаратты пайдалана алмаса, орфоэпиялық және грамматикалық қателер жіберген жағдайда.
|
Д
|
1,0
|
50 – 54
|
«Кәсіби қазақ тілі» пәнінен білім деңгейі «қанағаттанарлық» (50-54 балл) деп саналады, егер студент:
-мәтінде берілген ақпаратты кей жағдайларда түсінбей қалса, мәтінді жеткізу кезінде қатты қиналса;
-мәтіннің негізгі мазмұнын жеткізе алмаса;
-берілген тапсырманы баяндағанда не жазғанда өз ойын мүлдем білдіре алмаса, ғаламтордағы материал-дарды дайын түрде көшіріп қоя салған, бірнеше аргументті келтіре алмаған жағдайда;
-тыңдалған немесе оқылған мәтінді кей жағдайларда қабылдай алмаса, нақты мәселелерді шешу үшін мәтіндік ақпаратты пайдалана алмаса, орфоэпиялық және грамматикалық қателер жіберген жағдайда.
|
FX
|
0,5
|
25-49
|
қанағаттанарлықсыз
|
«Кәсіби қазақ тілі» пәнінен білім деңгейі «жеткіліксіз» (– 0-49 балл) деп танылады, егер студент:
-лексикалық минимумды білмей-тіндігін көрсетсе;
-естілген немесе оқыған ақпаратты ауызша немесе жазбаша түрде жеткізе алмаған жағдайда;
-нақты қарым-қатынаста коммуни-кативтік қажеттілікті іске асыра алмаса;
-естілген немесе оқылған мәтінде жазылған ақпаратты түсіне алғанымен, оны нақты міндеттерді шешу үшін пайдалана алмаса;
-берілген тапсырманы баяндағанда не жазғанда өз ойын мүлдем білдіре алмаса, ғаламтордағы материал-дарды дайын түрде көшіріп қоя салса, не оқып берсе, бірнеше аргументті келтіре алмаса.
|
F
|
0
|
0-24
|
Қорытынды бақылауды (емтиханды) бағалау критерийлері.
Білім алушыларды қорытынды бақылау (емтихан сессиясы) емтихан кестесіне сәйкес (ЖОО білім беру порталында орналастырылған) ауызша билет арқылы жүргізіледі. Қорытынды емтихан материалдары 25 билеттен (әр билетте үш сұрақтан) тұрады. Дайындалу уақыты – 20 мин.
Бағалау критерийлері: билет сұрақтарының әрқайсысы 100 баллмен бағаланып, қорытынды бағасы шығарылады. "FХ" алған жағдайда білім алушы қорытынды бақылауды оқу пәні/ модуль бағдарламасын қайта өтпей (тегін негізде) қайта тапсыруға мүмкіндігі бар. Білім алушыны аралық аттестаттау кезеңінде оқу пәні (модуль) бойынша емтиханды.
Достарыңызбен бөлісу: |