Жұмыс бағдарламасы (силлабус) н 3



бет10/15
Дата13.04.2023
өлшемі330,85 Kb.
#81973
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Экономика

Жеке тапсырмалар - бұл дегеніміз студенттің ой-өрісін дамыту үшін арналған тапсырмалар. Студенттердің өзіндік жұмысына арналған практикалық тапсырмалардың түрлері: -білімді меңгеру үшін: мәтінді оқу (оқулық, негізгі дереккөз, қосымша әдебиеттер), мәтіндік жоспар құру, мәтін құрылымын графикалық бейнелеу, мәтінді конспектілеу, мәтіннен үзінділер алу, сөздіктермен және анықтамалықтармен жұмыс, ғылыми-зерттеу жұмыстармен айналысу, аудио және бейне жазбаларды пайдалану, компьютерлік технологиялар мен интернет және т.б.
-білімді бекіту және жүйелеу: дәріс конспектісімен жұмыс, мәтінді өңдеу, оқу материалы бойынша өз бетінше жұмыс (оқулық, бастапқы дереккөз, қосымша әдебиеттер, аудио және бейне жазбалар, жоспар құру, оқу материалын жүйелеуге арналған кестелер жасау, бақылау сұрақтарына жауап беру, жұмыс дәптерін толтыру, мәтінді аналитикалық өңдеу (аннотациялау, қайталау, жинақтау, реферат талдау және т.б.), семинарда презентацияға дайындалу /есептер дайындау, реферат дайындау, библиографияны құрастыру, тақырыптық сөзжұмбақ, тестілеу және т.б.
- дағдыларды қалыптастыру үшін: үлгі бойынша есептер мен жаттығуларды шешу, сызбаларды, диаграммаларды орындау, есептеулерді (графикалық жұмыстарды) орындау, жағдаяттық (кәсіби) тапсырмаларды шешу, іскерлік ойындарға дайындық, әртүрлі типтерді жобалау және модельдеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс, кәсіби дағдыларды пайдалану арқылы рефлексиялық талдау.
Ситуациялық тапсырмалар - құзыреттілікке бағытталған тәсілді білім берудің дәстүрлі мазмұнымен үйлестіруге мүмкіндік береді. Ситуациялық есептерді шешу студентті өмірдің нақты жағдайларында проблеманы шешу үшін бар білімі мен тәжірибесін, көңіл — күйі мен ерікжігерін жұмылдыруға үйретеді, яғни жаңа буын мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес келетін құзыретті болуға үйретеді.
Глоссарий - бұл студентке бейтаныс болуы мүмкін барлық сөздердің анықтамаларын қамтитын сөздік. Глоссарий тақырып материалын қабылдауды айтарлықтай жеңілдетеді, өйткені студенттің кез келген уақытта сөздікке жүгінуге және белгілі бір терминнің мағынасын тексеруге мүмкіндігі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет