Оқу жұмыс бағдарламасы (силлабус) пәннің оқу бағдарламасы (Ғылыми кеңесте бекітілген /хаттама №_11 «_29»____06__________2021ж.) негізінде жасалған.
Курс саясаты.Курстың саясаты (сабаққа қатысу, байланыс талаптары, тапсырмалар орындау және т.б.) академиялық адалдық саясатының талаптарын және академиялық адалдықты бұзудың нөлдік төзімділігі жағдайында сол талаптардың бұзылуының салдарын сипаттайды.
Академиялық кезеңде «Нормативті қазақ тілі» пәні дәстүрлі форматта оқытылады. Пән бойынша барлығы 30 практикалық сабақ өткізу қарастырылған, 12 оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі - СОӨЖ).
Нәтижелі жұмыс атқару үшін студенттің академиялық адалдығын сақтау, оқу процесіне белсенді қатысу, уақтылы берілген тапсырмаларды бақылау кестесіне сай орындап отыру қажет. Пәнді оқу кезінде сізді төзімді және ашық-жарқын болуға шақырамыз. Студенттің жүріс-тұрысы университеттің ішкі ережелеріне сәйкес келуі керек.
Студент оқытушы ұсынған материалдарды, конспектілерді, видео-лекцияларды, презентациялар мен тізімде көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қолданып, әрбір семинар/ практикалық сабаққа дайындалуы қерек.
Пән бойынша тапсырмаларды бағалау бақылау кестесіне сәйкес жүргізіледі. 4, 6, 8, 10, 12 және 14 апталарда процентпен көрсетілген бағалар дерекқорға енгізіледі. Максималдық балл - 10 балға тең және балдық-рейтингтік шкала бойынша 0 - 100% шамасымен бағаланады.
Пән бойынша оқу процесін мониторингтеу үшін 2 аралық бақылау өткізіледі: бірінші аралық бақылау (МБ1) 8 аптада, екінші аралық бақылау (МБ2) 14 аптада. Академиялық кезеңнің 4, 6 және 8 апталарының қосынды балы бірінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 балға дейін (100% дейін) болады. 10, 12 және 14 апталардың қосынды балы екінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 баллға дейін (100% дейін) болады. Екі аралық бақылаудың максималдық қосынды балы – 60 балды (100%) құрайды.
Тапсырмалар мен материалдарды жүктеу үшін университеттің ресми LMS–Сириус қолданылуы қажет. Оған кіру студенттің порталы арқылы орындалады.
Пәнді оқу практикалық материалдан басталады: әрбір тақырып бойынша оқу материалы «Практикалық сабақ №_» тарауында орналасқан. Практикалық сабақтарды игеру бойынша қиындықтар және сұрақтар туындағанда, студент оқытушыға жүгініп, ОСӨЖ сабақтары кезінде талқылауға болады. Пән бойынша тапсырмаларды студент міндетті түрде «№ Тапсырманы орындау» тарауында мерзімі көрсетілген уақытта офлайн/ауызша, жазбаша/ тапсырады.