8. ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ Алға қойылған мақсат пен оқу нәтижелеріне жету үшін оқытудың әртүрлі әдістерінің кең ауқымы қолданылатын болады. Теориялық материал дәстүрлі және инновациялық әдістер негізінде беріледі: бұл – дәріс-әңгімелесу, визуальды дәріс, белгілі ахуалдар талдау арқылы дәріс, төңкерілген оқыту. Семинар жұмысы студенттердің ақыл-ой белсенділігін арттаруға, танымдық мен коммуникативтік дағдыларын, ғылыми зерттеу жұмысын дамытуға бағытталады. Семинар сабақтары дискуссия, іскерлік ойын, дөнгелек үстел, шағын топтарда жұмыс істеу, тренинг, case study орындалу, стратегиялық жоспарлау әдісі - «SWOT-талдау» пайдалану, цифрлық ресурстарды пайдалана отырып, ақпаратпен жұмыс істеу (инфографика, диаграммалар/ассоциограммалао/интеллект-карталар, уақыт шкаласы).
9.ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ Білім алушылардың академиялық прогресін бағалау үшін оқытушымен төмендегі әдістер пайдаланады:
- ауызша бақылау әдісі. Студенттер дәріс, семинар мен СОӨЖ сабақтарына дайындықпен келіп, курс тақырыптарын талқылауға белсенді қатысуы керек;
- жазбаша бақылау әдісі. Семинарларда студенттер білімді тексеруге арналған жазбаша тапсырмалар, соның ішінде цифрлық ресурстар арқылы пайдаланған, орындайды,. Сонымен қатар, студенттер жазбаша жұмысын эссе түрінде белгіленген уақытта тапсыруы керек;
- портфолио әдісі. Қорытынды нәтиже ретінде студенттер орындаған жұмыстардың портфолиосын (презентация, ақпараттық материалдар, есептер) ұсынуы керек. Әрбір материал белгіленген уақытта қорғалады, курстың соңында барлық материал, оның ішінде ескертулерден кейін түзетілгендер қорытынды бағасы қойылады;
- аралық бақылау кезінде жүзеге асырылатын тест бақылау; - қорытынды емтихан түріндегі қорытынды бақылау. Сондай-ақ, бірлескен оқуды ұйымдастыру және оқушылардың ынтасын арттыру мақсатында оқушыларға өз жұмысының сапасы туралы кері байланыс беретін, оның ішінде жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар беретін оқу құралы ретінде бірін-бірі бағалау қолданылады.