Жұмыс бағдарламасы-syllabus «Азия мен Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы»


СОӨЖ-ОҚЫТУШЫСЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР



бет6/10
Дата09.10.2024
өлшемі183,64 Kb.
#147443
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Азия мен Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы 6В02204

14. СОӨЖ-ОҚЫТУШЫСЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР





Сабақтың тақырыбы

Тапсырмалар

Әдістемелік ұсынымдар
(қажет болған жағдайда)

1

XҮIІ ғ. ІІ жарт. – ХХ бас. Цин империясы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы

1. Цин империясының құрылуы.
2. Цин империясын кімдер басқарды?
3. Цин империясы кезіндегі Қытайдың ішкі жағдайы.
4. Отаршылдарға қарсы күрес қалай жүрді?
5. «Азияның оянуы» жылдарындағы Қытайдағы ахуал қандай болды?
Тапсырма:
1. ХІХ ғ. аяғындағы Цин империясының әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындаңыздар.
2. ХХ ғ. басындағы Цин империясының саяси жағдайын сараптап конспекті жазыңыздар.

Оқуға арналған материалдар:
Негізгі әдебиеттер: 10, 11
Қосымша әдебиеттер: 28, 29, 33

2

XVII ғ. ая. – ХХ ғ. бас. Әскери - феодалдық Жапония.

1. Токугава сегунаты кезіндегі Жапония қалай дамыды?
2. Неліктен Жапония «жабық мемлекет» болды?
3. Қай кезде Жапония «ашылды»?
4. Сегунат неліктен құлады?
5. Мэйдзи исин кезінде Жапонияда қандай өзгерістер болды?
Тапсырма:
1. Тақырып бойынша әдебиеттерден сегунаттың құлауын жан-жақты қарастырыңыздар.
2. Мэйдзи қайта құрулары және оның тарихи маңызын анықтайтын «Жапон қоғамының әлеуметтік құрамы» (таптар, жіктер, қоғамдағы жағдайы және рөлі) деген кесте құрастырыңыздар.

Негізгі әдебиеттер: 3, 19
Қосымша әдебиеттер: 28, 33, 37, 38

3

XVII ғ. орт. - XX ғ. бас. Үндістан.

1. Англия қай кезде Үндістанды отарлады?
2. 1857-1859 жж. көтерілістер қандай сипат алды?
3. ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ. басында Үндістанның әлеуметтік-экономикалық дамуында қандай ерекшеліктер болды?
4. ҮҰК және оның ұстанымы не болды?
Тапсырма:
1. Тақырып сұрақтары бойынша әдебиеттердегі материалдармен жан-жақты танысыңыздар.
2. 1857-1859 жж. көтеріліс орталықтарын контурлық картаға түсіріңіздер.
3. Үндістанның ұлттық батырлары туралы И.М. Шаститконың «Нана Сахиб» монографиясы материалдарының тиісті жерлерін конспектілеңіздер.

Негізгі әдебиеттер: 3, 5, 6
Қосымша әдебиеттер: 28, 36, 39, 40

4

XVII ғ. ІІ жарт. – ХХ ғ. бас. Иран.

1. XVII ғ. ІІ жартысында Иран қандай ел болды?
2. Ирандағы бабидтер көтерілісі қай кезде болды және оның салдары туралы не білесіздер?
3. Англия мен Ресей Иранды қай кезде отарлай бастады?
Тапсырма:
1. Ирандағы бабидтер көтерілісін картаға түсіріңіздер.
2. ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ. басындағы Иранның әлеуметтік-экономикалық дамуына отарлық саясаттың ықпалын көрсететін кесте құрастырыңыздар.

Негізгі әдебиеттер: 5, 6, 7
Қосымша әдебиеттер: 28, 36, 39, 40

5

XVI ғ. - XX ғ. бас. Осман империясы.

1. Осман империясында қандай реформалар жүргізілді?
2. «Жаңа османдар» деген кімдер? Олар туралы не айта аласыздар?
3. «Жастүріктер» деген кімдер?
4. Жастүріктер революциясы қай кезде болды және оның нәтижелері қандай?
Тапсырма:
1. Ұсынылған әдебиеттерден және интернет сайттарынан тақырып бойынша материалдар қарастырыңыздар.
2. Жастүріктер қозғалысы мен жастүріктер революциясы хронологиясын жасаңыздар.

Негізгі әдебиеттер: 5, 6, 7
Қосымша әдебиеттер: 28, 36, 39, 40



6

ХХ ғ. І жарт. Қытай.

1. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Қытайда ұлттық қозғалыстар болды ма?
2. Қытайдағы азамат соғыстары туралы не білесіздер?
3. Гоминьдан үкіметі қандай саясат ұстанды?
4. «Солтүстік жорық» деген не?
Тапсырма:
1. Ұсынылған әдебиеттерден және интернет сайттарынан тақырып бойынша материалдар қарастырыңыздар.
2. Көрсетілген сұрақтарды пайдалана отырып, тақырып бойынша ассоциограмма құрастырыңыздар.

Негізгі әдебиеттер: 10, 11, 12, 13
Қосымша әдебиеттер: 22, 29, 33, 35



7

ХХ ғ. І жарт. Жапония.

1. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Қиыр Шығыстағы халықаралық қатынас:
а) 1925 ж. кеңес-жапон конвенциясы және оның маңызы;
б) Азияның Тынық мұқит аймағындағы ықпал үшін ұлы державалардың күресі;
с) КСРО-ға қарсы Жапонияның агрессиялық саясаты.
2. ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Тынық мұхиты аймағындағы Жапонияның үстемдігі.
Тапсырма:
1. Ұсынылған әдебиеттерден және интернет сайттарынан тақырып бойынша материалдар қарастырыңыздар.
2. Сұрақтарға байланысты тест құрастырыңыздар.

Негізгі әдебиеттер: 3, 18, 19
Қосымша әдебиеттер: 23, 28, 33



8

Британдық Үндістан.

1. ХХ ғ. басындағы Үндістандағы саяси ахуал.
2. ХХ ғ. басындағы Үндістанның әлеуметтік-экономикалық дамуы.
3. Үндістандағы «сварадж» және «свадеш».
4. М. Ганди – «ұлы ұстаз».
Тапсырма:
1. Төмендегі тұлғалардың Үндістан тарихындағы алатын орны мен қызметтерін көрсететін реферат жазу:
а) Р.Тагор;
б) М. Ганди;
с) Дж. Неру.

Негізгі әдебиеттер: 10, 11, 12, 13
Қосымша әдебиеттер: 22, 29, 33, 35

9

ХХ ғ. І жарт. Түркия.

1. ІІ д.ж.с. қарсаңындағы Түркия.
2. М. Кемаль Ататүріктің сыртқы саясаты.
3. Ұлттар Лигасындағы Түркияның рөлі.
4. 1930 жж. аяғы – 1940 жж. басындағы Түркияның сыртқы саяси бағытының өзгеруі.
Тапсырма:
1. Хронологиялық тәртіп бойынша М. Кемаль Ататүрік өмірі мен қызметінің тарихи тізбесін құрастырыңыздар.

Негізгі әдебиеттер: 5, 6, 20
Қосымша әдебиеттер: 28, 33

10

ХХ ғ. ІІ жарт. ХХІ ғ. бас. Қытай.

1. Мао Цзэдун және ҚХР.
2. Мао Цзэдунның сыртқы саяси тұжырымы, оның антикеңестік бағыты.
3. Дэн Сяопин реформалары.
4. «Бір мемлекет, екі жүйе» саясаты.
5. ХХІ ғ. басындағы Қытай модернизациясы.
Тапсырмалар:
Тақырып сұрақтарын ашатын слайд-презентация әзірлеу.

Негізгі әдебиеттер: 5, 6, 9, 14, 15, 16, 17
Қосымша әдебиеттер: 22, 28, 29, 30, 33

11

ХХ ғ. ІІ жарт. ХХІ ғ. бас. Жапония.

1. 1950-70 жж. Жапонияның даму ерекшеліктері.
2. «Жапон ғажайыптарының» ОША елдеріне тигізген ықпалы.
3. ХХ ғ. аяғы мен ХХІ ғ. басындағы Жапонияның ішкі саясаты.
4. ХХ ғ. аяғы-ХХІ ғ. басындағы Жапонияның сыртқы саясатының негізгі бағыттары.
Тапсырма:
1. Ұсынылған әдебиеттерден және интернет сайттарынан тақырып бойынша материалдар қарастырыңыздар.
2. Сұрақтарға байланысты тест құрастырыңыздар.

Негізгі әдебиеттер: 3, 5, 6, 18, 19
Қосымша әдебиеттер: 23, 28, 33



12

ХХ ғ. ІІ жарт. ХХІ ғ. бас. Иран.

1. ХХ ғ. екінші жартысында Иранда жүргізілген реформалар.
2. 1978-1979 жж. антишахтық революция және нәтижелері.
3. Иран Ислам Республикасының ішкі және сыртқы саясатының бағыттары.
4. Иран-ирак соғыстары.
5. Иранның ядролық бағдарламасы.
Тапсырмалар:
1. Ұсынылған әдебиеттерден және интернет сайттарынан тақырып сұрақтары бойынша материалдар қарастырыңыздар.
2. Сұрақ жауаптары бойынша конспект әзірлеңіздер.

Негізгі әдебиеттер: 4, 5, 6, 9
Қосымша әдебиеттер: 27, 28

13

ХХ ғ. екінші жартысы-ХХІ ғ. басындағы Түркия.

1. 1950-1960 жж. Түркияның сыртқы саясаты.
2. Түркияның ішкі саясаты, әскери төңкерістер.
3. Кипр проблемасы: «Этносис» және «Таксим» саясаты.
4. Түркия және ЕуроОдақ арасындағы ынтымақтастық.
5. Түркия және «түркі әлемі».
Тапсырмалар:
1. Хронологиялық принципті басшылыққа ала отырып, Түркия президенттерінің кестесін құрастырыңыздар және онда әр президенттің Түркияны дамытуға қосқан үлестерін қысқаша көрсетіңіздер.

Негізгі әдебиеттер: 5, 6, 9, 14, 15, 16, 17
Қосымша әдебиеттер: 22, 28, 30, 33

14

ХХ ғ. екінші жартысы-ХХІ ғ. басындағы Оңтүстік-Шығыс Азия елдері.



1. 1950-1990 жж. ОША елдерінің дамуы.
2. «Жапондық»даму моделін ұстанған ОША елдері.
3. АСЕАН және ОША елдері.
4. ОША-да «жаңа индустриалды елдердің» пайда болуы.
5. ХХІ ғ. басында ОША елдерінің саяси-экономикалық дамуы.
Тапсырмалар:
1. Ұсынылған әдебиеттерден және интернет сайттарынан тақырып сұрақтары бойынша материалдар қарастырыңыздар.
2. Тақырып сұрақтарын ашатын «ХХ ғасыр – Азия ғасыры» тақырыбына эссе жазыңыздар.

Негізгі әдебиеттер: 5, 6, 7
Қосымша әдебиеттер: 21, 27, 33





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет