Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет58/90
Дата07.01.2022
өлшемі1,88 Mb.
#16968
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   90
Ортаның тұздылық құрамы су организмдері үшін өте маңызды. Теңізде тіршілік етуші түрлер тұщы суда, 

ал тұщы суда мекендеушілер, керісінше, теңізде тіршілік ете алмайды. Әлемдік теңіз суында жерде кездесетін 

элементтердің  барлық  түрі  кездеседі.  1  л  суда  еріген  минералды  заттардың  массасы  –тұздылық  деп  аталады. 

Тұздылық бірлігі промилле (%), ол 1 л суда еріген 1 г заттың қатынасы. 

Су  ортасының  мекендеушілерін  экологияда  гидробионттар  деп  атайды.  Су  факторларына  байланысты 

гидробионттарды бірнеше экологиялық топтарға бөледі.  

Планктон    дегеніміз  судың  беткі  қабатында  оның  ағысымен  қалқып  жүретін  ұсақ  омыртқасыз  жәндіктер. 

Планктондардың  өзі  –  зоопланктон  және  фитопланктон    деп  бөлінеді.  Фитопланктондардың  су  организмдері 

үшін  маңызы  зор.  Оларға:  диатомды,  көк-жасыл  балдырлар,  өсімдік  қоректі  талшықтылар  ,  т.б.  жатады.  Ал, 

зоопланктондар  бактериялар  мен  балдырлардан  тереңіректе  тіршілік  етуге  бейімделген.  Оларға: 

шаянтәрізділер, қарапайымдар, моллюскалар, медузалар, сальпалар және кейбір құрттәрізділер жатады. 

Нектондар    дегеніміз  судың  терең  қабаттарында  еркін  жүзіп  жүретін  балықтар,  т.б.  организмдер. 

Нектондардың  суда  жүзуге  икемді  денесі,  жүзу  қанаттары,  жақсы  дамыған  сезім және  қозғалу  мүшелері  бар. 

Оларға балықтардың түрлері, кальмарлар, киттер, тюленьдер, морждар, дельфиндер жатады. 

Бентостар дегеніміз судың түбіндегі субстраттарда (шөгінділерде) тіршілік ететін организдердің жиынтығы. 

Бентостар: фитобентос және зообентос деп бөлінеді. Негізінен бәрі де баяу қозғалатын немесе қозғалыссыз өмір 

сүретіндер. Кейбіреулері шөгінді астында тіршілік етеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет