Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет61/90
Дата07.01.2022
өлшемі1,88 Mb.
#16968
түріБағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   90
Топырақ - тіршілік ортасы 

Топырақ  -  тірі  организмдердің  іс-әрекетінің  нәтижесінде  түзілетін  құрлық  бетінің  өте  жұқа  қабаты. 

Топырақтың ішінде өте  көптеген микроорганизмдер  тіршілік  етеді,  мысалы,  бактериялар,  саңырауқұлақтар, 

қарапайымдар,  құрттар,  буынаяқтылар  және  т.б.  Ал  ірі  жануарлар  топырақтан  өздерінің  жолдарын  қазады. 

Топырақта бүкіл өсімдіктердің тамырлары кездеседі. 

Топырақ организмдері тіршілік ортасымен байланыс жасауына қарай үш негізгі топқа бөлінеді. 



Геобионттар - топырақты тұрақты мекендеушілер, яғни олардың барлығы тіршілік (циклі) кезеңдері топырақ 

ішінде өтеді (жауынқұрт, қанатсыз жәндіктер). 



Геофилдер - даму кезендерінің тек бір бөлігін топырақ ішінде өткізетін жануарлар. Оларға көбінесе бунақденелілер: 

шегіртке,  қоңыздар,  ұзынаяқты  масалар  жатады.  Олардың  дернәсілдері  топырақта  дамиды,  ал  ересек  түрлері 

жер үсті тіршілік иелері болып саналады. 

Геоксендер  -  топырақты  жасырыну  немесе  тығылу  үшін  пайдаланатын жануарлар (індерде болатын тарақан, 

кеміргіш, сүтқоректілер). 

Топырақ мекендеушілері қозғалу дәрежесі мен көлеміне қарай да үш топқа бөлінеді. 

Микробиота - қоректік тізбектің негізгі звеносын құрайтын топырақ микроорганизмдері (жасыл және көк 

жасыл балдырлар, бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдар). 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет