Қосымша мәлімет
1775 жылы М.М. Тереховский ішінде сорпасы бар ыдысты қайнатып, оның аузын
тығыз етіп жауып тастады. Онда ешқандай өзгеріс байқалмады, ал аузы ашық
ыдыстағы сорпаның бірнеше тәуліктен соң ашып кеткендігі байқалды. Ол кезде
микроазғалар жөніндегі ғылыми деректер мардымсыз болатын. Виталистік (латынша
— vitalis" — тірі, тіршілігі бар деген ұғым) көзқарастағылар: "аузы жабық ыдысқа
"тіршілік күші" кіре алмағандықтан тіршілік пайда болмады, сорпаны қайнатқан
кезде "тіршілік күші" өледі, — деген қарсы пікірді ұсынды.
Тіршіліктің пайда болуы туралы теореялар
Тіршіліктің пайда болуы жайында, негізінен, бір-біріне қарама- карсы екі көзкарас
қалыптасқан. Оның
біріншісі — тіршілік өлі табиғаттан пайда болған деген абиогенездік теорияға
келіп тіреледі.
Екінші көзқарас — биогенездік теория. Бұл көзқарас бойынша тіршіліктің
өздігінен пайда болуы мүмкін емес. Тіршіліктің пайда болуы жайындағы бұл екі
көзқарас арасындағы өзара келіспеушілік пікір осы күнге дейін жалғасып келеді.
Луи Пастер ұсынысы
Тіршіліктің өздігінен пайда болмайтынын дәлелдеу үшін 1860 жылы француз ғалымы,
микробиолог Луи Пастер (1822—1895 жж.) арнайы тәжірибе жасады. Ол ұшы латынның S-
әрпі тәрізді шыны түтікті қолданды. Л.Пастер шыны ішіндегі қоректік ортаны кайнатып, оны
иір иінді түтікпен жалғастырды да, түтіктің ұшын ашық қалдырды. Түтік ішіне ауаның еркін
кіруіне мүмкіндік жасалды. Микроорганизмдердің споралары шыны түтіктің иір иініне
жиналып, қоректік ортаға түспегендіктен, шыны ішіндегі ерітінді ұзақ уақыт таза қалпында
|