бірінші кезеңі — биологиялық мономерлердің абиогендік жолмен пайда
болуы.
Екінші кезеңі — биологиялық полимерлердің түзілуі.
Үшінші кезеңі — менбраналы құрылымдар мен алғашқы ағзалардың
(протобионттардьщ) пайда болуы.
Қазіргі кездегі биология ғылымының жетістіктеріне сәйкес тіршілік деген ұғымға
көптеген анықтамалар беріліп жүр. Солардың ішінде орыс ғалымы М.В.Волькенштейннің
берген анықтамасы ғылыми тұрғыдан дұрыс деп есептеледі. Бұл анықтама бойынша: "Жер
бетінде тіршілік ететін тірі организмдер — нәруыздар мен нуклеин қышқылдарының
биополимерлерінен тұрады және олар өзін-өзі реттеп отырады. Тірі организмдер артына өзі
тектес ұрпақ қалдырып, тіршілік үнемі жалғасып отырады". Бұл анықтама әлем кеңістігіндегі
басқа да ғаламшарларда жер бетіндегі тіршіліктен өзгеше тіршіліктің болуын жокка
шығармайды.
Достарыңызбен бөлісу: |