Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет30/90
Дата07.01.2022
өлшемі1,88 Mb.
#16968
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   90
Байланысты:
Биосфера эволюция

 Катастрофизмнің қалыптасуы 

Алғаш  рет  катастрофалық  құбылыстарға  француз  ғалымы,  палеонтология  мен 

салыстырмалы  анатомияның  негізін  салушы  Ж.  Кювье  (1769-1832)  назар  аударды.Ол  Жер 

бисферасы  даму  барысында  бірнеше  орасан  зор  катастрофаларды  басынан  өткізді,  бұл 



 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

 

Оқу  (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus) 

 

Басылым: бірінші 

 

ЕҰУ Ф 703-13-17 Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым 



 

катастрофалар  планетада  тіршілік  еткен  бірнеше  организмдер  түрлерінің  жойылып  кетуіне 

себеп болды деп көрсетті. 

Кювьенің  катастрофизм  туралы  ілімі  биостратиграфияның  -  Жер  тарихындағы 

органикалық дүниенің бір түрлерінің екінші бір түрлермен қоршаған орта дамуымен тікелей 

байланыста  заңды  түрде  алмасып  отыратыны  туралы  ғылымның  қалыптасуына  үлкен  әсер 

етті.  М.Рауп  пен  Дж  Сепкоски  (1982)  түрлердің  жаппай  жойылып  кетуі  туралы  қолда  бар 

мәліметтерді статистикалық өңдеуден өткізді. Осы мәліметтер бойынша фанерозой кезеңінде 

(570  млн  жыл)  біздің  планетамызда  бұндай  оқиғалар  бірнеше  рет  қайталанып,  Жердің 

дамуының  600  млн  дай  жыл  барысында  әр  30±4  млн  жыл  сайын  дүркін-дүркін  байқалып 

отырғанын  көрсетті.  Бұл  аралықта  осындай  критикалық  20  кезең  болғанын  анықтады. 

Көптеген  ғалымдар  түрлердің  жаппай  жойылып  кетуінің  себептері  төмендегідей  деп 

көрсетеді: 

а)  Жерге  өте  үлкен  аспан  денелерінің  құлауы  (кратер  түзілуінен),  нәтижесінде 

климат пен экологиялық жағдайлардың кенеттен күрт өзгеруі; 

 б) атмосфераға вулкандық шаңның түсуі (вулканогенез); 

 в)  гидросфераға  уран  және  де  басқа  химиялық  радиоактивті  элементтердің  түсуі 

(рифтогенез); 

 г)  Жердің  магнит  өрісінің  қорғаныш  қасиеттерінің  әлсіреуі  (геомагниттік  өрістің 

инверсиясы); 

 д) жаңа жұлдыздардың жарқылдары; 

 е)  Күн  системасының  компоненттеріне  Немезиданың  немесе  Күн  системасының  10-

шы планетасының әсері, т.б.; 

 ж) Бүкіл әлемдік мұхит деңгейінің өзгеруі. 

Бұнымен  қатар,  соңғы  кезде  осы  жоғарыда  аталған  құбылыстардың  барлығы  бір-

бірімен  тығыз  байланыста  екендігі  туралы  көптеген  мәліметтер  жинақталуда.  Мысалы, 

астероидтар  Жер  бетіне  құлағанда  атмосфераға  шаң  көтеріліп  қана  қоймай,  бұнымен  бірге 

Жердің  тектогенезі,  яғни  рифтогенез,  вулкандар  атқылау,  жер  сілкіну,  геомагниттік  өрістің 

инверсиясы, т.б. құбылыстар байқалады. 

 Күн  системасы  9  планетадан,  шамамен  2,8  астрономиялық  бірлікте  орналасқан  ішкі 

астероидты белдіктен және 2 сыртқы белдіктен (Оорттың ішкі бұлты = 10 мың Күн массасы, 

Оорт  бұлтының  массасы  Күн  массасынан  100  есе  үлкен).  Оорт  бұлтының  бұл  көрсетілген 

заты ондағы комета ядролары мен астероидтарға байланысты. 

 Кризистік  кезеңдерде  осы  бұлттардан  комета  ядролары  мен  астероидтар  бөлініп 

шығып,  олардың  кейбіреулері  Жерге  немесе  басқа  планеталарға  құлап  түскен.  Соңғы  600 

млн  жылда  Жерге  1500  дей  астероидтар  құлаған.  Сондықтан  Жердің  үлкен  аспан 

денелерімен  соқтығуы  миллион  жылда  3  рет  қана  кездесуі  мүмкін.  Дегенмен, 

статистиктердің  болжамдары  бойынша,  Жерге  астероидтың  соғылуын  кез  келген  уақытта 

күтуге болады екен.  

Мысалы,  1936  жылы  Жердің  дәл  қасынан  “Адонис“,  1937  жылы  -“Гермес“,  1989 

жылы  22  мартта  N  астероиды,  1989  жылы  “Таутатис“,  1992  жылы  -  “Апокалипсис  шыңы“ 

астероидтары соқтықпай өтіп кетті. Атақты Аризон кратері салмағы 100 мың тонналық қана 

-  ғарыштық  өлшем  бойынша  “кішкентай“  қауырсындай  астероидтың  құлауынан  пайда 

болған. Кратердің жалпы диаметрі 1200 метр. Ал астероид құлаған кездегі соғылу толқыны 

мың хиросималық бомбаны жарған кезде ғана пайда болатындай алпауыт күш кратердің жан 

– жағын теп тегіс жасаған. 

 Жерде кратерлер түзілу процесі белгілі бір кезеңдерде байқалады, әсіресе бұл жағдай 

фанерозой  кезеңіне  тән.  Бірақ  кезеңмен  бөліну  соңғы  250  млн  жыл  үшін  ғана  анықталған. 

Кратер  түзу  үрідсі  245,  217,  193,  176,  144,  91,  65,  38  және  11  млн  жылды  құрайтын 

кезеңдерде  жүріп  отырған.  Дәл  осы  кезеңдерде  биосфераның  эволюциясында  шешуші 

оқиғалар болды. 




 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет